38. Мектептегі биология бөлімдері бойынша диагностикалық карта құрастыру. Жұмыстың нəтижесін талқылауды зерделеңіз.
Бұл диагностикалық карта құрудың негізгі мазмұны: Тәрбиешілерге топ лидерін таңдауда, балалардың бейімделуі барысындағықиыншылықтарында көмек көрсету.
Мақсаты: Жеке және жас ерекшеліктерін ескере отырып балаларды топқа бөлу, тұлғааралық өзара әрекет ерекшеліктерін, өзін-өзі бағалау деңгейін анықтау.
Ұсынылатын әдістер мен күтілетін нәтиже: Социометрия. “Сіз лидер болуға қабілеттісіз бе?” Сауалнамасы. Психогеометриялық тест; Шығармашылық қабілеттілігін анықтауға арналған сауалнама (КОС1, КОС2); Әңгімелесу; Бақылау.
Тәрбиешілерге топ лидерін таңдауда кикілжіңнің алдын алып, топта лидер бірнеше болған жағдайда «Сайлау» ұйымдастылады.
Диагностикалық карта негізінен кесте түрінде жасалынады. Алдымен оқушының сандық ретін қояды.Ол кестенің бірінші қатары. Келесі қатарына оқушының аты-жөні жазылады. Келесі қатарға реттік номері және алған ұпайының түстік көрсеткіші қойылады. Яғни қызыл түстің астына + белгісі қойылады және ол жоғары көрсеткіш, көк түске қойылса орташа, жасыл түске қойылса төмен көрсеткіш болып табылады. Келесі қатарда жалпы санын шыратын қорытынды бөлім тұрады. Бұл қатарда барша алынған көрсеткіштерді есептеп, ортақ ұпайын шығарады. Яғни, қай түс басым сол түс ортақ болады.
Мысалы: Асылан, Ерасыл, Ғабитті алайық. Осы үш оқушыны 10 күн бойынша білімін жетілдіріп, диагностикалық картаға салайық. Ғабит 7 рет көк түс, 3 рет қызыл түсті алды. Оның жалпы нәтижесі көк түс, яғни орташа деңгей. Келесі Ерасыл 1 ретжасыл түс, 8 рет қызыл түс, 1 рет көк түс алды. Оның жалпы нәтижесі қызыл түс, яғни жоғары деңгей. Бірақ салыстырмалы түрде. Келесі Асылан 10 рет қызыл түске ие болды. Жалпы нәтижесі қызыл түс, бұл өте жоғарғы деңгей.
ЖОО оқитындар үшін, диагностикалық карта оқудың, дайындықтың және нәтиженің дәрежесі ретінде қарастырамыз.
Диагностикалық картада көрсетілген мәлімет бойынша, оқытушы студенттердің білім алғандағы дағдыларын қадағалап отыруы керек. Кейбір позициялар бойынша, студент үнемі тапсырмаларды орындай алмаса, онда мұндай студентке осы тақырып бойынша жеке көмек көрсетілуі керек . Студент өзінің картасымен таныс болуы керек, кейінірек барлық қажетті білім мен дағдыларды біртіндеп алуға мақсатты түрде ұмтылуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |