39. Топта сауалнама жүргізу. Жұмыстың нəтижесін талқылауды саралаңыз.
Сауалнама - нақты адамдар тобына сұрақтар қою арқылы алғашқы ақпаратты жинау әдісі. Зерттеушінің респондентпен анкета арқылы жүзеге асырылатын байланысына негізделген эмпирикалық зерттеуін әлеуметтанулық өлшеу тәсілі.Сауалнама мақсаты - жеке және қоғамдық санадағы құбылыстар немесе қарапайым фактілер, оқиғалар туралы ақпарат алу. Сауалнама ақпараттың дәлдігі мен жүйелігін қамтамасыз етеді. Бұл әдіс экономикалық тұрғыдан да тиімді, яғни оған шығын, уақыт және құрал аз жұмсалады. Сауалнаманың әртүрлі жолдары бар: қалыпқа түспеген (еркін сұхбат, т.б.) және қалыпты (алдын ала дайындалған сұрақтар көмегімен).
Ал енді қазақ тілі және әдебиет 19–1 тобының студенттеріне сауалнама жүргізейік. Сауалнаманың тақырыбы – не үшін мұғалім болдыңыз. Осы тақырып бойынша жүргізілетін сауалнамамызға топтағы студенттер респонт болуға өз келісімін берді. Топта 22 студент бар. Сауалнамада 3 тест, 2 жағдаят, және әр респонденттен кішігірім сұхбат алу сынды тапсырмалардан тұрды. Бұл сауалнамада тапсырмада қате жауап жоқ, яғни мақсаты респонденттің көз қарасын анықтау.
Ал енді нәтижесіне көз салсақ, 13 респонденттің берген жауаптары жалпылама түрде қарағанда сай келді. Яғни, болашақта көрнекті ұстаз болып, елге қызмет еткісі келеді екен. Ал 4 респондент болса, бастапқыда ұстаз болып еңбек етіп, өзінің еңбек өтілін дамытып, жоғарғы шыңға шыққысы келетіні анықталды. 3 респондент болса, ұстаз болуды қаламай, амалсыздықтан педагог оқуына түскенін мәлімдеді. Қалған 2 студент болса, жәй әншейн студенттік өмірдің қызығын көру үшін, шәкірт ақы алып 4 жылдық қысқа уақытты басқа студенттер секілді қызықты өткізгісі келгенін жасырмай айтты. Сауалнаманың қағидасы бойынша, респонденттердің аттары және ол туралы мәлімет құпия сақталуы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |