14. Арнайы педагогиканың әлеуметтік-мәдени негіздері. Арнайы педагогиканың әлеуметтік мәдени негіздері XX ғасырдың ортасына дейін шетелде және кеңес дәуірінде тараған мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды әлеуметтік оңалтудың концепциясы философияның ықпалымен қалыптасты (В.Штерн, А.Мессер). Оның негізін қалаған адамзаттың әлеуметтік пайдасын жариялаған философия. Осыған сәйкес, мектеп қоғамға белсенді және әлеуметтік пайдалы мүше тәрбиелеуі тиіс болды. Мұнда арнайы білім берудің құндылығы - кемістікті түзету арқылы кемтар тұлғаларды қоғамдық пайдалы еңбекке араластыру болды.
Бұл контексте кемтар адамдардың қоғамға деген ауыртпашылығын алдын алу үшін, олардың кемшіліктерін түзету мен орын толтыру арқылы жалпы ортақ өндірістік еңбекке қосу мәселесі қарастырылған.
Бұрын қоғам мүмкіндігі шектеулі адамдарды алдын ала «қоғамның толық мүшесі емес» деп жариялап, оларды өз заңдарына бағындыру арқылы түзету жұмыстарын жүргізген. Ол кезде ерекше қажеттілігі бар тұлғаларды қоғамға бейімдеу жұмыстары қарастырылмаған.
Өз тиімділігі мен прогрессивтік бағытына қарамастан өткен ғасырдың 20-жылдарында Батыс Еуропа елдері мен АҚШ-та аталмыш концепция беделінен айырылған. Бұл жағдайға жағымсыз әсерін шетелдердегі дискриминациялык идеялардың қозғылысы тигізген.
Бірінші әлемдік соғыс аяқталуымен мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларды пайдасыз мүшелер деген ой-пікірлер кең тарап, биологиялық тазалықты сақтау бағытында дене және психикалық дамуында тұлғаларды қолдан ұрықсыздандыру туралы зандар бірқатар мемлекеттерде: АҚШ, Канада, Дания, Швейцария кейін Германияда қабылданған.
Тіршілік ету - мүмкіндігі шектеулі тұлғаның қоғамның өндірістік және қызмет көрсету немесе зиятты еңбек ету және үй шарусы мен қаржы салаларында белсенді қатысуын қамтиды.
Әлеуметтену - адамның өмірдің барлық саласында қастерлі толыққанды қатысу үшін қоғам туралы білім мен дағдыларын меңгеру процесі мен нәтижесі, қалыптасқан мінез-құлық нормалары мен кұндылықтарын меңгеруі.
Тұлғаның толық әлеуметтенуінің маңызды жағдайының бірі әлеуметтік дағдыларды қалыптастыру - қарым- қатынас яғни коммуникация.
Мүмкіндігі шектеулі тұлғалар әлеуметтік қатынастарды меңгеру мен әлеуметтенуде көптеген қиындықтарға ұшырайды, өйткені ақпаратқа жету жолдары түрлі себептерге тәуелді шектелген.
Психологтар мен әлеуметтанушылар анықтағандай, дене немесе психикалық дамуындағы кемістік тұлғаның қалыптасуына әсерін тигізетін негізі көрсеткіші және әлеуметтенудің жағымсыз сипатын білдіреді.
Мүмкіндігі шектеулі тұлғалар қалыпты тұлғалар сияқты тек еңбек етуге ғана емес сонымен қатар күш денсаулығын қайта оңалтуға құқылы және өз демалысын өнімді, нәтижелі ұйымдастыра білуі тиіс яғни рекреация ету үшін жағдайды қамтамасыз ету.