1. Дамуында ауытқулары бар тұлғаларға басты еуропалық қоғам мен мемлекеттердің қатынасының даму тарихы


Сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға педагогикалық көмек



бет20/36
Дата22.12.2023
өлшемі155,36 Kb.
#142805
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   36
Байланысты:
арнайы пед. сессия

23.Сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға педагогикалық көмек.
Сөйлеудің бұзылуы және оны арнаулы оқыту мен тәрбиелеу нәтижесінде анықтау, түзету және алдын алу әдістері туралы ғылым логопедия деп аталады.
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында тіл кемшіліктерін түзету жұмыстары аралас түрдегі оқыту негізінде жүргізіледі де, есту мен интеллектінің ерекшеліктеріне қарай сараланады.
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында логопедиялық жұмыстарды ұйымдастырудың негізгі міндеттері:
– сөйлеу тіліндегі кемшіліктерді түзету;
– баланы жалпы мектепте білім алуға дайындау;
– күрделі тіл кемшіліктері бар балаларды арнайы мектептерге оқуға дайындау.
Типтік жағдайларға байланысты анықталған логопедиялық топтардағы арнайы кәсіби жұмыстардың мазмұны Б.С. Халыкова, З.А. Мовкебаева, М.С. Грушевская бағдарламасы бойынша жалпы сөйлеу тілі бұзылған балалар логопедиялық топтарға 3-4 жастан бастап қабылданады. Топтағы бала саны 10-15 баланы құрайды.
Тұтығу кезінде арнаулы топтарға бала 2-3 жастан бастап 8-10 баладан тұратын топтарға қабылданады.
Аталған әдістеменің мақсаты заттық-практикалық әрекеттерге баулудағы логопедиялық жұмыстардың көмегімен мүсіндеу, жапсыру, сурет салу, конструкциялауға баулумен жүргізіледі. Мектепке дейінгі сөйлеу тілі бұзылған балаларға логопедиялық көмек көрсету жұмыстары дәстүрлі түрде ойын, еңбекке баулу, дене тәрбиесі мен музыка, қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру, қоршаған ортамен таныстыру, бейнелеу өнері, конструкциялау бөлімдеріне бөлінеді.
Негізгі бөлімдер туралы айтсақ, тіл дамыту бөлімі сөйлеудің құрылымдық компоненттерінің барлығын қамтып, танымдық қабілеттерді дамыту жұмыстарын, коррекциялық педагогикалық жұмыстарды ұйымдастырады.
Логопедиялық жұмыстарды ұйымдастыруда басшылыққа алынатын негізгі бағдарламалар тіл дамыту жұмыстарының мынадай міндеттерін ұсынады:
– құрылымдық – тілдің барлық құрылымдық компоненттерін фонетика, лексика, грамматиканы қалыптастыру;
– функционалдық – қарым-қатынасқа түсу формаларын игерту;
– когнитивтік – тіл мен сөйлеудің бірлігін түсіндіру, сөйлеудегі себеп-салдарды анықтау.
Жалпы сөйлеу тілінің бұзылуы, фонемаларды қабылдаудың жетіспеушілігі кезіндегі логопедиялық жұмыстардың әдістемесі былайша құрылады:
– оқытудың сөйлеу әрекетінің барлық түрлерімен байланысы;
– тілдік материалдарды ситуациялы-тақырыптық деңгейде қабылдау;
– сөйлеуге үйретудегі қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет