1-деңгей Органикалық синтезі пәнінің мазмұны мен мақсаты


Құрамында қоспа болса, сұйық заттың қайнау температурасы өзгере ме?



бет12/72
Дата23.09.2023
өлшемі5,06 Mb.
#110001
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   72
15. Құрамында қоспа болса, сұйық заттың қайнау температурасы өзгере ме?
Қайнау – сұйықтықтың тұтас көлемінде бу көпіршіктерінің пайда болып, олардың сұйық бетіне шығып буға айналуы (1-текті фазалық ауысу). Сұйықтықты қыздырған кезде оның ішіндегі көпіршіктерінің көлемі ұлғайып, біртіндеп жоғары қалқып шығып жарылады да, ол сұйық бетіндегі бу фазасына айналады. Сұйықтық бетіндегі будың қысымы сыртқы қысымға теңелгенде қайнау процесі басталады. Сұйықтықтың үнемі қайнап тұруы үшін оған қажетті жылу берілуі тиіс, ол бу фазасы көлемінің ұлғаюы кезінде – бу түзілуі мен будың сыртқы қысымға қарсы жұмысына жұмсалады.
Қайнау сұйықтың қаныққан буының қысымы атмосфералық қысымға тең немесе одан сәл жоғары болатын температурада жүреді;
Қайнау кезінде сұйықтың температурасы өзгермейді. Сұйық қайнайтын температураны қайнау температурасы деп атайды.
Қалыпты атмосфералық қысымда әртүрлі заттың қайнау температураларының мәндері анықталған.

Кейбір заттардың қайнау температурасы, оС ( Қалыпты атмосфералық қысымда 105 Па)
сутек -253 су 100 сынап 357
Оттек -183 сүт 100 қорғасын 1740
эфир 35 спирт 78 мыс 2567
Алайда сұйыққа түсетін сыртқы қысым атмосфералық қысымға тең болмауы да мүмкін. Атмосфералық қысым қалыпты қысымнан төмен болса онда су төменгі температурада қайнай береді. Биіктігі 5-6 мың метр Эльбрус шыңында су шамамен 800С- та қайнайды. Сұықтың үстіндегі қысымды жасанды түрде төмендетсек , онда кез келген температурада тіпті қату температурасында қайнайды. 32 гПа 25 оС су бөлме температурасында қайнайды. Ал сыртқы қысым 6 гПа болғанда , су 1000С-та қайнайды.Судың төменгі қысымда қайнауын қант өнеркәсібінде қолданады. Қант ертіндісі бар болғаны бірнеше ондаған градуста бұрқылдап қайнайды.Қант сиропының күйіп кету қаупі болмайды және артық су тезірек бөлініп шығады.Керісінше судың бетіне аса жоғары қысым түсіре отырып , судың температурасын 1000С тан жоғары температурада қайнатуға болады. Автоклав құрылғысында тем-ра 200 0 С-қа дейін қызады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет