1-деңгей Органикалық синтезі пәнінің мазмұны мен мақсаты


сұрақ. Заттардың физикалық және химиялық қасиеттері туралы түсінік



бет10/72
Дата23.09.2023
өлшемі5,06 Mb.
#110001
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   72
13 сұрақ. Заттардың физикалық және химиялық қасиеттері туралы түсінік.
Химия - заттар және олардың өзгерістері туралы ғылым. Заттар дегеніміз денелердің құраушылары, мысалы, күнделікті өмірде шыныдан, пластмассадан және металдан жасалған құйғыштар пайдаланылады (су, сүт, бензин құйғанда). Бір дене әр түрлі заттан жасалған. Физикалық денелер - бізді коршаған бұйымдар. Денелердің массасы мен көлемдері болады. Физикалық құбылыс кезінде заттардың табиғаты өзгермейді, тек олардың агрегаттык күйі мен пішіні өзгереді, жаңа зат пайда болмайды. Химиялық құбылыс кезінде бір зат басқа жаңа бір затқа айналады.
Заттардың молекулалары өзгеріске ұшырамайтын құбылыстар физикалық құбылыстарға жатады. Мысалы, су буланғанда молекулааралық байланыс үзіліп, олардың арақашықтығы үлкейгенмен, молекулалар өзгеріске ұшырамайды. Бір заттан екінші бір зат түзілетін құбылыс химиялық құбылыс немесе химиялық реакция деп аталады.Химиялық құбылыс кезінде реакцияға түскен заттардың құраушы бөлшектері ыдырап, жаңа бөлшектер түзіледі, соған сәйкес жаңа заттар пайда болады. Сутек оттекте жанғанда олардың молекулалары атомдарға ыдырап, қайта топтасады. Нәтижесінде су молекуласы түзіледі. Химиялық құбылыстар нәтижесінде бір заттан басқа заттар алынады. Мысалы, металл кенінен металдар мен металл құймаларын, минералдардан тыңайтқыштар, көмірсутектер мен олардың туындыларынан синтетикалық талшықтар, бояулар, дәрілер, қопарғыш заттар және көптеген қосылыстар алуға болады. Тірі организмдерде жүретін күрделі биохимиялық процестер де химиялық айналымдармен тікелей байланысты.Металдарды, пластмассаны, шыныны, талшықтарды өңдеп, әртүрлі бұйымдар жасауға болады. Материалдарды өңдеудің көптеген түрлері бар: қалыптау, құю, кесу, біріктіру, желімдеу. Бұлар физикалық құбылыстар. Физикалық және химиялық құбылыстар бір-бірімен тығыз байланыстыХимиялық құбылыс кезінде реакцияға түскен заттардың құраушы бөлшектері ыдырап, жаңа бөлшектер түзіледі, соған сәйкес жаңа заттар пайда болады. Сутек оттекте жанғанда олардың молекулалары атомдарға ыдырап, қайта топтасады. Нәтижесінде су молекуласы түзіледі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет