1-деңгей Органикалық синтезі пәнінің мазмұны мен мақсаты


Ион алмасу хроматографиясы



бет47/72
Дата23.09.2023
өлшемі5,06 Mb.
#110001
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   72
Ион алмасу хроматографиясы
Ион алмасу хроматографиясы (әдетте иондық хроматография деп аталады) зардтарына байланысты аналиттерді бөлу үшін ион алмасу механизмін қолданады. Ол әдетте бағандарда орындалады, бірақ ол жазықта да қолданылуы мүмкін. Ион алмасу хроматографиясында зарядталған қосылыстарды, соның ішінде аниондаркатиондараминқышқылдарпептидтер мен нәруыздарды бөлу үшін зарядталған стационарлы фаза қолданылады. Кәдімгі әдістерде стационарлы фаза - ион алмасу шайыры, ол зарядталған функционалды топтармен жүктелген, бұл топтар қосылыстың кері зарядталған топтарымен әрекеттеседі де, оларды тежейді. Ион алмасу хроматографиясының екі түрі бар: Катион Алмасу және Анион Алмасу. Катион Алмасу хроматографияда стационарлы фаза теріс зарядталған, ал алмастырылатын ион - катион, ал Анион Алмасу хроматографияда стационар фаза оң зарядталған, ал алмастырылатын ион - анион.[14] Ион алмасу хроматографиясы Жылдам нәруызды сұйық хроматография (FPLC) көмегімен нәруыздарды тазарту үшін жиі қолданылады.
Жақындық хроматографиясы
Жақындық хроматографиясы[15] аналит пен белгілі бір молекулалар арасындағы селективті коваленттік емес өзара әрекеттесуге негізделген. Бұл әдіс өте спецификалық, бірақ өзгерістерге тұрақты емес. Көбінесе биохимияда белгілермен байланысқан нәруыздарды тазартуда қолданылады. Бұл гибридті нәруыздар полигистидинді белгілербиотин немесе антигендер сияқты қосылыстармен белгіленеді. Бұл белгілер стационарлы фазамен спецификті жолмын байланысады. Тазалағаннан кейін, әдетте, белгілердің көбісі алынып тасталады және таза нәруыз алынады.
Жақындық хроматографиясы биомолекуланың металға жақындығын жиі қолданады (Zn, Cu, Fe және т.б.). Бағандар көбінесе қолмен дайындалады. Дәстүрлі жақындық бағандары қажетсіз биомолекулалардан үлгіні тазарту үшін дайындық қадамы ретінде қолданылады.
Алайда, жақындық хроматографиясының қасиеттерін қолданатын HPLC әдістері бар. Иммобилизацияланған металлға жақындық хроматографиясы (IMAC)[16][17] жоғарыда аталған молекулалардың металға салыстырмалы жақындығын қолданып бөлуге пайдалы. Қажет жақындықты жасау үшін көбінесе бұл бағандарды әртүрлі металдармен толтыруға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет