1-деңгей Органикалық синтезі пәнінің мазмұны мен мақсаты


Қері ағымды хроматография



бет51/72
Дата23.09.2023
өлшемі5,06 Mb.
#110001
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   72
Қері ағымды хроматография

HPCCC жүйесінің мысалы
Кері ағымды хроматографи (CCC) - сұйық-сұйық хроматографияның бір түрі, мұнда стационарлы да, жылжымалы фаза да сұйықтық болып табылады.CCC құралы бобинге оралған ашық түтіктен тұратын бағанды қажет етеді. Бобин екі осьті (кардиоид бойымен) айналмалы қозғалыста, бұл әр айналу кезінде бағанға әсер ететін ауыспалы ауырлық күш өрісін тудырады. Бұл қозғалыстың әсерінен бағанда бір айналым кезінде бір таралу қадамы жүреді, және пайдаланылатын екі сұйық фазаның арасындағы таралу коэффициентіне байланысты компоненттер бөлінеді. Бүгінгі таңда CCC-дың көптеген түрлері бар. Оларға HSCCC (Жылдамдығы жоғары кері ағымды хроматография) және HPCCC (Өнімділігі жоғары кері ағымды хроматография) жатады. HPCCC - қазіргі уақытта қол жетімді аспаптардың ең соңғы және ең жақсы нұсқасы.
Периодты кері ағымды хроматография
Кері ағымдық хроматографиясынан айырмашылығы, периодты кері ағымды хроматография (PCCC) қатты стационарлы фазаны және сұйық жылжымалы фазаны қолданады. Осылайша, ол кәдімгі CCC-ге қарағанда кәдімгі жақындық хроматографиясына ұқсас. PCCC бір-біріне қосылған бірнеше бағандарды пайдаланады. Бұл режим осы қатардағы бірінші бағанды шайыр толық қаныққанға дейін бағаннан өтіп кететін өнімді жоғалтпай артық жүктеуге мүмкіндік береді. Өтіп үлгерген өнім келесі бағандарда тежеледі. Келесі қадамда бағандар бір-бірінен ажыратылады. Бірінші баған шайылып, элюцияланады, ал келесі бағандар жүктеледі. Бірінші баған қайта тепе-теңдікке келген кезде, ол жүктеме ағынына соңғы баған ретінде қайта енгізіледі. Содан кейін процесс циклді түрде жалғасады.
Хиралды хроматография
Хиралды хроматография стереоизомерлердің бөлінуін қамтиды. Энантиомерлер жағдайында бір-бірінің үш өлшемді айна кескіндері болуынан басқа бұл молекулалардың химиялық немесе физикалық айырмашылықтары жоқ. Кәдімгі хроматография немесе бөлудің басқа процестері оларды бөлуге қабілетсіз. Хиралды бөліну үшін мобильді фаза не стационарлы фаза хиралды болуы қажет, бұл аналитттер мен жылжымалы не стационарлы фазалар арасында әртүрлі жақындық тудырады. Қазіргі кезде, NPLC-ға да, RPLC-ға да HPLC хиралды бағандары (хиралды стационарлы фазамен) қол жетімді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет