25.Бруцеллез ауруының патанатомиялық өзгерістері. Бруцеллез (Brucellosis) – созылмалы өтетін, іш тастау, шуы түспеу, эндометрит, орхит және жануарлардың жыныстық қабілетінің бұзылуы, арқылы ерекшеленетін жұқпалы ауру.
Бруцеллезге шалдыққан малдың өлексесінде ерекше" өзгерістер байқалмайды. Ал іш тастап барып өлген малдың өлексесінде қағанақтың қанталап қабынғаны байқалады.
Патологоанатомиялық өзгерістер жатырда, желінде аталық малдың жыныс безінде, буындарда, бауырда, лимфа түйіндерінде, талақта байқалады.
Тастанды төлдің тері асты шелі жалқақтанып, кіндігі ісініп кетеді. Көкірек және құрсақ қуыстарында фибрин іріміктері бар қызыл-қоңыр түсті сұйық жиналып, сірі және кілегейлі қабықтары қанталайды. Ішек-қарынның кілегейлі қабығы мен өкпесі сыздана қабынады, ал бауырында өліеттенген қабыну процестері байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: |