28.Бруцеллез ауруының күресу шаралары. Бруцеллез (Brucellosis) – созылмалы өтетін, іш тастау, шуы түспеу, эндометрит, орхит және жануарлардың жыныстық қабілетінің бұзылуы, арқылы ерекшеленетін жұқпалы ауру.
Бруцеллез шыққан шаруашылықта індет ошағына карантин қойылып, сауықтыру шаралары жүргізіледі. Ауру шыққан сиыр фермасында барлық малды 15-30 күн сайын бруцеллезге серологиялық әдіспен тексеріп, оң нәтиже берген жануарларды жедел бөліп алып, сояды да, қораны дезинфекциялайды. Осылайша тексеруді бүкіл табын бойынша қатарынан екі рет теріс нәтиже алғанға дейін жүргізеді. Екі рет теріс нәтиже алған соң табында 3-6 айға бақылауға қойып, бұл уақытта 2 рет бруцеллезге тексереді. Тексеру теріс нәтиже берсе табын сауықтырылды деп есептеп, қорытынды дезинфекция жасаған соң карантинді алады.
Достарыңызбен бөлісу: |