30.Туберкулез ауруының клиникалық белгілері. Туберкулез (лат. tuberculosis, грек. Рhthisis) – созылмалы түрде өтетін, әртүрлі мүшелер мен ұлпаларда өзгеше іруге бейім бұдырмақтар /туберкулалар/ пайда болуымен ерекшеленетін жұқпалы ауру.
Аурудың жасырын кезеңі /жұққан сәттен туберкулинге оң реакция бергенге дейін/ 14-40 күн. Туберкулез әдетте созылмалы, көбінде көзге түсер белгілерінсіз өтеді. Ауырған малды тек кана аллергиялық немесе серологиялық тексеру аркылы анықтау мүмкін, ал туберкулезге тән закымдануы сойылған малдың ұшасы мен ағзаларын тексерген сәтте байқалады. Дерт процесінің денеде орын тебуіне байланысты туберкулездің өкпедегі және ішектегі түрін ажыратады, сонымен қатар желіннің, сірлі қабықтарының закымдануы /меруерттену/, генитальдік және денені жайлаған /генерализацияланған/ түрі кездеседі.
Ірі караның туберкулезі кезінде өкпе жиі зақымданады. Бұл жағдайда дененің ыстығы біраз көтеріледі, оқтын-оқтын қатты жөтел пайда болады. Ауру созылмалы болғанда жөтел бәсендеп, дыбыссыз, бірақ азапты сипат алады. Қакырық түсуі байқалмайды десе де болады. Жөтелген кездегі тыныс жолдарынан бөлінген сораны мал жұтып кояды, немесе ол мұрыннан ағып тұрады. Ауру мал ентігіп, жемшөп жеуі азаяды, қоңдылығы мен өнімділігі төмендейді. Көрінетін кілегей қабықтары бозғылт тартады. Өкпені тындағанда сырыл естіледі, перкуссия кезінде дыбыстың әлсіреген ошактары табылады. Ішек закымданған кезде іш өтіп, кондылығы күрт төмендеп жануарлардың әлсіздігі еселеп арта түседі.
Желін зақымданған кезде желінүсті сөл түйіні ұлғайып, қатаяды, беті бұжырланып, қозғалуы шектеледі. Сауып көргенде сүттің сұйылып, кан немесе ірімік араласқанын байқауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |