1-деңгей Сібір жарасы ауруының эпизоотологиялық мәліметтері, өту кезеңдері


Туберкулез ауруының патанатомиялық өзгерістері



бет38/131
Дата21.03.2022
өлшемі136,33 Kb.
#28521
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   131
Байланысты:
Зооантропаноздық аурулар сессия 5-курс

32.Туберкулез ауруының патанатомиялық өзгерістері. Туберкулез (лат. tuberculosis, грек. Рhthisis) – созылмалы түрде өтетін, әртүрлі мүшелер мен ұлпаларда өзгеше іруге бейім бұдырмақтар /туберкулалар/ пайда болуымен ерекшеленетін жұқпалы ауру.

Әртүрлі мүшелер мен ұлпаларда байқалатын өзгеше бұдырмақ, түйіндер /туберкулалар/ туберкулезге тән ерекшелік болып есептеледі. Сірлі қабықтар зақымданған кезде көкірек және құрсақ перделерінде көптеген "меруерт" деп аталатын тығыршықтанған, жылтыраған, үлкеңдігі кейде емен жаңғағына жететін туберкулез түйіндері кездеседі.

Малдың жаңа өлексесін сойып көргенде өкпе тканы мен бронхының ірі түтікшелері зақымданып, қабынғаны жай көзге көрінеді. Өкпеден осы ауруға тән аумағы әртүрлі түйіншектер бар екенін байқауға болады. Мұндай түйіншектердің іші әдетте іріген ірімшікке немесе өкпе ұқсас қоймалжың затпен толып тұрады. Осылармен қатар өкпе және кеңірдек бездерінің үлкейгенің олардың ісінгенін байқауға болады. Өлекседе осындай туберкулезге тән басқа да өзгерістер болады. Айталық, өлексе өте арық және онда сасыған күлімсі иіс болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет