37.Қарасан ауруының клиникалық белгілері. Қарасан (Gangrena emphysematosa, эмфизематозный карбункул) – жіті өтетін, жұғымтал емес, бұлшық еттердің басып көргенде сықырлайтын қабынуы арқылы ерекшеленетін жұқпалы ауру. Қарасан – ірі қараның бұлшық еттерін зақымдап, дененін әр жерінен газды ісіктер пайда болғызатын жұқпалы ауру. Көбіне бұл індетке 4 жасқа дейінгі ірі қара шалдығады, қой малы сирек ауырады.
Жасырын кезеңі өте қысқа 1-2 күн, кейде 5 күнге дейін созылады. Қарасан ауруына шалдыққан мал ақсайды, жайылудан қалады, кейде дене қызуы 41С, 42°С дейін көтеріледі. Аурудың ең негізгі белгісі – малдын, мойнында, санында, белінде, не басқа жерлерінде бірнеше томпайын тұрған ісік пайда болуы мүмкін. Бұл ісікті қолмен басып көргенде сықыр естіледі және ол ыстық болып білінеді.
Осы себептен де ауруды «қарасан» деп атайды. Аурудың алғашқы белгілері білінгеннен кейін, мал 12-48 сағат ішінде өледі. Қарасанмен анық ауырған мал қайтып қатарға қосылмайды, бұл оның өте жіті түрде өтетін індет екенін көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |