13.Сақау ауруының емі, алдын алу шаралары. Сақау (Adenitis equorum, мыт) – жіті өтетін, мал денесінің ыстығы көтеріліп, танау мен жұтқыншақтың кілегейлі қабығы іріңді-катарлы қабынып және жақ асты сөл түйіндері абсцессаға айналуымен ерекшеленетін жылқының жұқпалы ауруы. Сақаудың жұқпалы ауру екендігін 1888 ж Шютц анықтады. Қоздырушысы – Streptococcus equi - домапақ немесе сопақша микроорганизм. Мұнымен әдетте 5 айдан 1,5 жасқа дейінгі құлындар ауырады.
Індет ошағында ауырған малды бірден бөліп, жылы құрғақ қораға қояды немесе желсіз ықта ұстайды. Күтімін жақсартып, құнарлы жұмсақ жемшөп береді. Жұтынғанда ауырсынатын болса, быламық қойыртпақ жасап, суды жылытып береді. Ауырған құлынның енесін саумай, түгелдей емізеді. Емдеуді жалпы ем жасаудан бастап, симптоматикалық ем қолданды. Танау ішін күнде калий пермангантымен (1:1000), фурацилинмен (1:5000), риванолмен (1:1000), 0,5-1% лизолмен немесе 2% натрий гидрокарбанатымен жуып тазалайды. Бұл ерітінділер қабынуға қарсы антисептикалық жақсы әсер етеді. Жарылған абсцессаларды жоғарыда аталған антисептикалық ерітінділермен жуып, АСД-ның 2-фракциясын жаққан жөн, болмаса Вишневский майын қолданады. Сақаудың жеңіл түрінде мал осы емдеуден-ақ жазылып кетеді.
Сақау асқынған жағдайда (күпті ауру) тері астында 20 мл 20% кофеин ерітіндісін жібереді, көк тамырға 10%-ды 100мл хлорлы кальций ерітіндісін жібереді және 40%-ды 100 мл уротропин пайдаланады. Ішетін суынын 10 литрін қышқылдатып 10 мл тұз қышқылын қосуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |