12.Сақау ауруының диагнозы және дифференциалдық диагнозы. Сақау (Adenitis equorum, мыт) – жіті өтетін, мал денесінің ыстығы көтеріліп, танау мен жұтқыншақтың кілегейлі қабығы іріңді-катарлы қабынып және жақ асты сөл түйіндері абсцессаға айналуымен ерекшеленетін жылқының жұқпалы ауруы. Сақаудың жұқпалы ауру екендігін 1888 ж Шютц анықтады. Қоздырушысы – Streptococcus equi - домапақ немесе сопақша микроорганизм. Мұнымен әдетте 5 айдан 1,5 жасқа дейінгі құлындар ауырады.
Балау клиникалық білгілері, зертханалық зерттеулер мен індеттенулық деректер негізінде анықталады. Сақаудың сырт белгілері өзіндік ерекшеліктерімен дамитын болғандықтан әлбетте клиникалық балау қиынға соқпайды. Егер мал өлсе, онда патологиялық-анатомиялық өзгерістерін ескереді. Зертханаға зақымданған мүшелерден кішкене кесінді алып және жарылмаған іріңді сөл түйіндерін жібереді. Ауру малдан лабораторияға сөл түйіндеріндегі абсцессадан шыққан, болмаса мұрыннан аққан ірің немесе клиникалық жазылған малдан 10% глицерин ерітіндісімен танаудан шайып, содан-соң қырып, жинап алған материалды зертханада микроскоппен қарап зерттейді, ал қажет болған жағдайда жасанды қоректік ортаға себінді жасап, сақау стрептокок өсіндісін бөліп алады, кейін оны типке ажыратып, анықтайды. Сақаудың маңқадан (танау маңқасынан), кеңсірік жарақатынан ажырату қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |