1-деңгей Сібір жарасы ауруының эпизоотологиялық мәліметтері, өту кезеңдері


Маңқа ауруының клиникалық белгілері



бет64/131
Дата21.03.2022
өлшемі136,33 Kb.
#28521
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   131
Байланысты:
Зооантропаноздық аурулар сессия 5-курс

16.Маңқа ауруының клиникалық белгілері. Маңқа (Malleus, can) – созылмалы өтетін, өкпеде, танау қуысының кілегейлі қабығында және терінің әр жерінде бірте-бірте жараға айналатын түйіндер пайда болуымен ерекшеленетін негізінен жылқы тектес жануарлардың жұқпалы ауруы. Қоздырушысы – Burkholderia mallei, бұрынғы атауы Pseudomonas mallei - түзу немесе имек екі ұшы дөңгеленген, ұзындығы 1-5 мкм, ені 0,3-0,8 мкм, қозғалуға қабілетсіз бактерия.

Аурудың бастапқы кезінде патологиялық процесс тек ішкі мүшелерде ғана дамып, сыртқы клиникалық белгілерінсіз өтеді де, 4-5 жұмадай уақыттан соң біртіндеп көріне бастайды. Жалпы маңқа жіті немесе созылмалы түрінде өтеді.

Ауру жіті дамығанда дене қызуы 41-42°С-қа дейін көтеріліп, қызынып суынып, бұлшық еттері дірілдейді. Көрінетін кілегейлі кабықтар, коньюнктива қызарып. тамыр соғысы әлсіз, минутына 60-80ге жетеді. Дем алысы жиілеп, жемшөпке тәбеті төмендеп, ауру мал жекеленіп, күйзелісі біліне бастайды. Маңқаның жіті өтуі 8-30 күнге созылады. Ақыры мал өледі немесе ауру созылмалы түрге ауысады.

Жылқыда маңқаның созылмалы түрі жиі кездеседі және бірнеше айдан жылдарға созылып, кейде тіпті белгісіз өтеді. Ауру малдар кейде жөтеліп, өкпеде эмфизема пайда болады. Кеңсіріктің кілегейлі қабығында жазылған жара орынында жұлдыз тәрізді тыртықтар көрініп тұрады. Жақ асты сөл түйіндері кейде ұлғайып, тығызданғанымен ауырсынбайды. Тері маңқасы кезінде жылқының артқы сирақтары шектен тыс жуандайды (шор аяқ). Созылмалы маңқа кезінде оқтын-оқтын ауру шиеленісіп, рецидив байқалып тұрады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет