1-деңгей Сібір жарасы ауруының эпизоотологиялық мәліметтері, өту кезеңдері


Маңқа ауруы - эпизоотологиялық мәліметтер, өту кезеңдері



бет63/131
Дата21.03.2022
өлшемі136,33 Kb.
#28521
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   131
Байланысты:
Зооантропаноздық аурулар сессия 5-курс

15.Маңқа ауруы - эпизоотологиялық мәліметтер, өту кезеңдері. Маңқа (Malleus, can) – созылмалы өтетін, өкпеде, танау қуысының кілегейлі қабығында және терінің әр жерінде бірте-бірте жараға айналатын түйіндер пайда болуымен ерекшеленетін негізінен жылқы тектес жануарлардың жұқпалы ауруы.

Маңқаның клиникалық белгілерін алғаш рет б.д.д. IV ғасырда Аристотель жазды. 1882 жылы ауру қоздырушысының өсінін Леффлер мен Шютц жасанды қоректік ортада бөліп алды.



Қоздырушысы – Burkholderia mallei, бұрынғы атауы Pseudomonas mallei - түзу немесе имек екі ұшы дөңгеленген, ұзындығы 1-5 мкм, ені 0,3-0,8 мкм, қозғалуға қабілетсіз бактерия. Маңқаның қоздырушысы спора және қауашақ түзбейді, анилин бояуларымен жақсы боялады, грамтеріс.

Ауру қоздырушысы суда, шіріген материалдарда 30 күндей, тұмсықтан аққан кепкен іріңде 15 күн өлмейді, 80°С-та қыздырса 5 минутта өледі, 5% белсенді хлоры бар хлорлы әкте, карбол қышқылы (2%), күйдіргіш натрий (1%), лизол, креолин (3%) ерітінділерінде тез өледі.

Табиғи жағдайда маңқамен әлбетте жұмыр тұяқтылар - жылқы, қашыр, есек, пони, сирек жағдайда түйе ауырады. Сонымен қатар, арыстан, жолбарыс, сілеусін, қабылан, аю бейім келеді. Оларға ауру өлген малдың етін жегенде жұғады. Ал зертханалық жануарлардан маңқамен мысық тез ауырады, теңіз тышқаны, дала тышқандары да бейім. Маңқа адамға да жүғады. Ауру қоздырушысының бастауы – маңқаға шалдыққан жануарлар. Олар зардапты микробты сыртқы ортаға мұрыннан және терідегі ойылымнан аққан іріңмен бөліп шығарады. Аурудың таралуына себепкер - зардаптанған жем шөп, су, құрал-сайман және ат әбзелдері. Негізгі жұғу жолы алиментарлық, сонымен қатар, сау мал-мен ауру мал жанасқаңда тікелей бір-біріне және аэрогендік жолмен де беріледі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет