1-деңгей Сібір жарасы ауруының эпизоотологиялық мәліметтері, өту кезеңдері


Маңқа ауруының патанатомиялық өзгерістері



бет66/131
Дата21.03.2022
өлшемі136,33 Kb.
#28521
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   131
Байланысты:
Зооантропаноздық аурулар сессия 5-курс

18.Маңқа ауруының патанатомиялық өзгерістері. Маңқа (Malleus, can) – созылмалы өтетін, өкпеде, танау қуысының кілегейлі қабығында және терінің әр жерінде бірте-бірте жараға айналатын түйіндер пайда болуымен ерекшеленетін негізінен жылқы тектес жануарлардың жұқпалы ауруы. Қоздырушысы – Burkholderia mallei, бұрынғы атауы Pseudomonas mallei - түзу немесе имек екі ұшы дөңгеленген, ұзындығы 1-5 мкм, ені 0,3-0,8 мкм, қозғалуға қабілетсіз бактерия.

Патологиялық-анатомиялық өзгерістері әр түрлі, аурудың қозу қарқынына, патологиялық процестерінің даму ерекшеліктеріне байланысты. Өлексенің кеңсірігінде, терісінде маңқа түйіндері, ойылым, ірің, тыртық болуы мүмкін. Ауру жіті өткенде өкпеде, бауырда, көкбауырда, сөл түйіндерінде жылтыр, әйнек тәрізді маңқа түйіндері сырт жағында қызарған белдеумен қоршаулы болады да ортасында өліеттенген ошақтар кездеседі. Ал созылмалы өткен жағдайда қауашақтанған, тұз сіңіріп қатая бастаған түйіндер ұшырасады. Егер диагноз малдың тірі кезінде қойылған болса, онда өлексені союға қоспайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет