23.Тілме ауруының клиникалық белгілері. Шошқаның тілмесі (Erysipelas suum, рожа свиней) – жіті өткенде өлі тиіп, терінің қабынып қызаруымен, ал созылмалы түрінде жүрек пен буындардың қабынуымен ерекшеленетін жұқпалы ауру. Қоздырушысы – Erysipelothrix insidiosa - Lactobacillacea тұқымдастығы, Eyrisipelothrix туыстастығына жатады.
Аурудың жасырын кезеңі 2-5 тәулік, кейде одан да ұзаққа созылады. Тілме ауруы өте жылдам, жіті, жітілеу және созылмалы болып бөлінеді. Сонымен қатар септикалық, терілік (крапивница ) және жасырын түрлеріне бөлінеді.
Өте жылдам кезеңі сирек кездеседі. Нашар зоологиялық жағдайда және малды тасымалдау кезінде 7-10 айлық бордақы торайлар ауырады.Температурасы жоғарылаумен, тез қиналуымен, жүректің тез әлсіреуімен және теріде қызыл дақтардың түзілуімен сипатталады. Ауру бірнеше сағаттың ішінде өліммен аяқталады.
Жіті кезеңі. Аурудың жіті кезеңі септикалық формасына тән. Ауру жалпы жағдайының нашарлауымен және температураның 42°С-ге дейін күрт жоғарылауымен басталады. Олар көбінесе жатады, жүргенде теңселіп, ауырсынады, азықтан бас тартады, іші қатады, дірілдеп , жүрегі қысылады. Кейде құсып, сүттен жаңа ажыраған торайлардың іші өтеді.
Жітілеу кезеңі терілік формада өтеді (крапивница). Температурасы 41°C және жоғары , әлсіреу , тәбет нашарлайды, шөлдейді. Терілік түрінде бастың, кеуденің терісінде кейде денесінің басқа жерлерінде қатты қабыну, ісіктер, квадрат, ромб кейде дөңгелек түрінде пайда болады. Олар кейде бір-бірімен қосылып, терінің көп көлемдегі жерін қамтиды. Көп жағдайда терілік түрі қатерсіз өтіп, тез жазылады да терідегі дақтар ағара бастайды. Ауру 7-12 күнге созылып, тез емдеуді қолға алған жағдайда жазылып кетеді.
Созылмалы кезеңі. Бұл септиканың немесе терілік формасының асқынған түрі. Ол эндокардитпен және басқа некроздануымен асқынады.
Достарыңызбен бөлісу: |