1-деңгей сұрақ. Мемлекеттік сатып алуды өткізу қағидаттарын сипаттап беріңіз?



бет6/6
Дата26.12.2022
өлшемі86,7 Kb.
#59613
1   2   3   4   5   6
2 деңгей

1 сұрақ.Мемлекеттік сатып алу саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының жүйесі


Мемлекеттік сатып алу – Қазақстан Республикасының бейрезиденттеріне қызметтер көрсетуге байланысты халықаралық әуежайлардың кірістерін қоспағанда, тапсырыс берушілердің тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді толықтай немесе ішінара бюджет қаражаты және (немесе) меншікті кірістері есебінен сатып алуы;


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының жүйесі:


1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингті;
2) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауды;
3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруды;
3-1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізуді;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңдық сараптама жүргізу кезінде сыбайлас жемқорлық сипаты бар нормаларды анықтауды;
5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды қалыптастыруды және сақтауды;
6) қаржылық бақылауды;
7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді;
8) мүдделер қақтығысын болғызбауды және шешуді;
9) кәсіпкерлік саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын;
10) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтауды, жолын кесуді, ашуды және тергеп-тексеруді;
11) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы хабарлауды;
12) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың салдарларын жоюды;
13) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндаманы қалыптастыруды және жариялауды қамтиды.

2 сұрақ.Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін баяндап беріңіз.


Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі деп – қайырымдылықты, мецинаттықты да, коорпоративтік әлеуметтік жауапкершілікті, әлеуметтік маркетингтік бағдарламаларды, демеушілікті де атауға болады.


Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі – бұл бизнестің қоғамға ықпалы, бизнес шешімдерді қабылдаудың жауапкерщілігі. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі – бұл ереже емес, бұл шешімдерді қабылдау процесінде іске асырылатын этикалық қағида.
Қоғамда бизнестің әлеуметтік рөлі туралы таластар көп санды дәлелдерді туғызды және әлеуметтік жауаптылыққа қарсы және қолдайтын көптеген аргументтерді шығарды. Дәл осылай, аргументтер арасында әлеуметтік жауаптылық пайдасына келесілерді ерекшелеуге болады:
• Бизнес үшін ұзақ мерзімді қолайлылар. Жергілікті бірлестіктер өмірді жақсартатын немесе басқа сферада мемлекеттік жөнге салу қажеттілігін орындайтын кәсіпорындардың әлеуметтік әрекеттері қоғам өмірінде өздері қатысуын қамтамасыз етілетін кәсіпорындардың өз мүддесіне пайда келтіре алады. Әлеуметтік көзқарасы бар сәтті қоғамда бизнесті жүргізу өте қолайлы. Тіпті егер қысқа мерзімді шығынның осымен орайлас әлеуметтік әріптестермен биіктетілсе, ұзақ мерзімді де олар пайда табу шегіне қабілетті ынталандыру, яғни дәл осылай тұтынушылар сияқты қамтамасыз етушілер мен жергілікті халықтың кәсіпорындарының өте тартымды бейнесін қалыптастырады.
• Қажеттіліктердің және кең қоғамның өзгерілуі. Бизнеспен байланысты әлеуметтік күту қазір радикалды өзгерді. Әлеуметтік проблемалардың шешіміне компаниялардың қатысуы қажетті және үмітті.
• Әлеуметтік проблемаларды шешуде көмек көрсетуге арналған нақты ресурстардың бар болуы. Бизнес маңызды адам және қаражаттың қорларымен жайғасады, яғни олардың әлеуметтік мұқтаждықтарға қажет заттарды берумен қамсыздандырады.
• Әлеуметті-жауапты тәлімнің адамгершілік міндеттісі. Кәсіпорын қоғам мүшесі болып табылады, сондықтан адамгершілік нормасы оның тәлімімен басқарылуы тиіс. Қоғамның жеке мүшесіне ұқсас, компания әлеуметтік жауапты тұрғыда әрекет етуі тиіс және қоғамның адамгершілік негіздерінің нығаюына жағдай жасауы қажет. Заңдар заман жағдайларының барлығын қамти алмағандықтан кәсіпорындар, реттеліктер мен заңдар негізінде қоғамға қолдау жасау үшін әлеуметтік жауапты мінез-құлық ережелері қатысты болады.

3 сұрақ.Отбасындағы моральдық-этикалық жауапкершіліктің қоғамды қалыптастырудағы рөлі


Қоғамда жүретін барлық коллизиялар отбасы қатынастарында қалай болғанда да көрініс табады. Моральдық-адамгершілік ілгерілеу, құндылықты ұстанымдар, қоғамның артықшылықтары отбасы қатынастарының негізін құрайды, отбасылық тәрбиелеу траекториясын қалыптастырады. Сондықтан отбасы қоғамдық дамудың маңызды индикаторы болып табылады деген тезис күшінде қалады және шындыққа жанасады. Басқа жағынан, отбасы қоғамның бөлшегі ретінде қоғам дамуына белгілі бір ықпал етеді, қоғамдағы моральдық-адамгершілік ахуалға әсер етеді. Отбасы құндылықтарды, дәстүрді, мәдениетті, өмір салты мен дүниетанымдық ұстанымдарды көрсетеді. Бұл диалектикалық өзара байланысы ақырында отбасын қоғамның әлеуметтік институты ретінде біздің түсінігіміздің негізін құрады. – Отбасы әлеуметтік институт ретінде көптеген функцияларды орындайды: халықтың өсіп-өнуі, жаңа жағдайда алдыңғы ұрпақтан жинақталған шаруашылық-экономикалық, тәрбиелеу, әлеуметтік, оның ішінде әлеуметтік тәжірибенің бейімделу функциясы. Отбасы шеңберінде сол немесе өзге әлеуметтік тәжірибені нығайту немесе жоққа шығару адамдардың құндылықты бағдарын қозғайды. Осының нәтижесінде қандай да бір құндылықтар кетеді, қайсыбірі келеді, тұлғаның рухани кеңістігінде өз орнын алады және оның өмірі үшін әлеуметтік маңызға айналады. – Отбасы – қоғамның әлеуметтік институт ретінде нақты адамның қоғам өміріне енуіне мүмкіндік беретін құндылықтардың трансляторы болып табылады. Егер қазіргі қазақстандық отбасыға осы биіктіктен қарасақ, отбасы қатынастарында позитивті және жағымсыз фактілерді табуға болады.


Жаһандану үрдісі ұлттық болмысты қаншалықты бәсеңсітіп бара жатыр десек те, өскелең ұрпаққа рухани-адамгершілік тәрбие беру ісі әр халықтың өз бет-бейнесін сақтап қалудың негізгі әлеуетті құралы ретінде сақталуы керек. Жас буынның халқымызға тән ізгі қасиеттерді бойына сіңіріп, сан ғасырлық тарихы бар елдің азаматы екендігін сезініп өсуіне жағдай туғызуда ешкім енжарлық танытып, бей-жай қарамауға тиіс. Бұл ретте, саналы тәрбие алған салауатты ұрпақ өсіруде қазіргі Қазақстан қоғамындағы әке мен ананың отбасыдағы өз жауапкершіліктері мен міндеттерін сезінуі қоғамдағы басты мәселелердің бірі дер едік.

4Сұрақ.Діни нормалар мен құндылықтарды қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетінің қағидаттары ретінде баяндап беріңіз.


Ислам діні – жемқорлыққа қарсы іс-қимылды жеке тұлғалық және ұжыммен бірлесе жүзеге асырған болатын. Сондай-ақ, шариғаттағы жемқорлықтың үкімі – харам. Яғни, үзілді-кесілді тыйым салынған.


Параны талап етіп, оны қабыл алып, сондай-ақ қолдау көрсеткен пара алушы мен беруші арасындағы тасымалдаушы дәнекердің ісі де қарғысқа ұшырағандардан болып, сыбайлас жемқорлық барысында пара беруші мен алушы арасындағы делдалдың ісіне де тыйым салынғандығы баяндалады.
Шариғатта пара беру туралы үкімге келсек:
Біріншіден, пара алу мен пара беру және параға дәнекерлік жасау – харам. Парақорлық жолмен табылған табыс та харам болып саналады;
Екіншіден пара ретінде берілген мүлікті не сыйлықты алу харам болғандықтан, оны иесіне қайтарып беру міндет. Егер алынған зат табылмаса, сол заттың құнына тең басқа зат қайтарылады. Егерде мүліктің (параның) иесі табылмаған жағдайда, мұқтаж жандарға таратылады

5Сұрақ.Академиялық адалдықты бұзудың түрлері мен деңгейлері


Академиялық адалдық – бұл университет қоғамдастығының әрбір мүшесінің мінез-құлқын анықтайтын , алдау мен плагиаттан аулақ болу, академиялық стандарттарға шынайы болу, ғылыми зерттеулер мен жарияланымдардағы адалдық пен қағидаттылық сияқты принциптерді қамтитын моральдық-адамгершілік нормалардың, қағидаттар мен құндылықтардың жиынтығы.


Адалдықты бұзу түрлері:


Плагиат:
Сөз байласу:


Бұрмалау:
Мазмұнын бұрмалау: .
Өзін басқа тұлға ретінде ұсыну
Түрлі кедергілерді жасау.
Рұқсат етілмеген қолжетімділік:
Мәліметтерді рұқсатсыз тарату:
Арсыздықты танытудың басқа да түрлері:

6Сұрақ. Грузияның сыбайлас жемқорлыққа қарсыреформаларының ерекшеліктеріне түсіндіріпберіңіз?


Осыдан 10 жыл бұрын сыбайлас жемқорлықГрузияның барлық салаларына дендеген болатын. Мемлекеттік қызметтердің барлығын дерлік алуүшін пара сұрайтын – жүргізуші куәлігін алунемесе мүлік пен бизнесті тіркегенге дейінпаспорт алу, үй құрылысын мен жоғары оқуорнынан түсу. Үкімет «нөлдік төзімділік» саясаты шеңберінде қабылдаған шаралар әртүрлімемлекеттік қызметтерде бейресми төлемдерауқымын күрт қысқартты. Бүкіләлемдік банк сарапшылары бүгінгі күні көптеген көрсеткіштербойынша «Грузия Еуропалық одақтың еңдамыған елдеріне біршама жақындады деп атапкөрсетеді»
Мемлекеттік басқару құрылымын реформалаужәне Грузияда сыбайлас жемқорлық деңгейіназайтудың өзіндік шыққан жерін 2003 жыл, Раушан революциясынан кейін және билік басынажаңа үкіметтің келуін атауға болады. Стратегиялық құжаттар мен нормативтік-заңнамалық актілерді әзірлеу негізіне америкалық, италиялық, жаңа зеландиялық және британдық тәжірибе алынып, Бүкіләлемдік банк, МВФ және USAID сияқты халықаралықұйымдардың консультанттары мен сарапшыларышақырылды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте грузин тәсілінің негізгі айырмашылығы репрессивтіәдістермен қатар Грузияда превентивті-алдын алу шараларын қолданылады, яғни сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ұсталған парақорлардың санымен емес, осындай жағдайларды болдырмауға бағдарланады.
Осыған байланысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл сая- сатында қоғамда насихаттау мен білім беру, сондай-ақ әртүрлі мақсаттағы топтар, оқушылар, студенттер, БАҚ, үкіметтік емес сектор, бизнес өкілдері үшін үгіт-насихат іс-шараларын ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылатын сыбайлас жемқорлыққа қарсымәдениетті қалыптастыруға маңызды рөлберілетінін атап өту қажет.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім негізінемемлекеттік қызметшілермен қатар жоғары оқуорындарының студенттеріне этикалықнормаларды оқыту жатыр. Осы мақсаттахалықаралық ұйымдардың қолдауымен этика жөніндегі жаңа оқу-әдістемелік материалдар әзірленді, осы саладағы табысты өнімдердің бірі– «Этика және мемлекеттік қызметшілердіңжалпы мінез-құлық ережелері» оқу құралы болыптабылады.
Грузияның сыбайлас жемқорлыққа қарсымәдениетті қалып- тастырудағы тиімді тәжірибесістуденттер, оқушылар, ҮЕҰ және басқа- лар кіретін кең аудитория үшін оқыту семинар-тренингтерін жүргізу- мен түсіндіріледі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырып бойыншабұл тренингтерді практиктер, яғни сыбайласжемқорлыққа қарсы іс- қимыл саласындағы заңшығару және үйлестіру қызметімен тікелейайналысатын адамдар жүргізеді, сонымен қатаршетелдік беделді сарапшылар шақырылады.

7Сұрақ  Сингапурдағы сыбайлас жемқорлыққақарсы іс қимыл шараларын түсіндіріп беріңіз?



Сингапурда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары 
2014 жылға Transparency International сыбайлас жемқорлықты
қабылдау индексіне (ИВК) сәйкес Сингапур 7-ші орынды иеленді және 
Дания, Швеция, Жаңа Зеландия сияқты елдерден кейін сыбайлас 
жемқорлыққа қатысты ең таза мемлекеттердің қатарында тұр. Бұл 
ел жалпы рейтингі 100-ден 84 балл жинаған әлемнің ең аз сыбайлас 
жемқорлық дендеген елдердің төртіншісі болып табылады.
Сингапурда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті шабыттандырушы 
және ұйымдастырушысы 1959-1990 жылдары премьер-министр 
лауазымын атқарған Ли Куан Ю болды. 1999 жылдың қарашасында
Ли Куан Ю былай деген: «Беделіне дақ түспеген адал, тиімді үкімет 
басқарушы партияның ең құнды жетістігі мен Сингапурдың басты 
байлығы болып табылады және солай болып қалады».
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте ең бірінші кезектегі шаралар 
ретінде ел басшылығы мыналарды айқындады: 
– қазіргі сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы құру;

8Сұрақ. Швецияның қоғамдық бақылауының ерекшеліктерін баяндап беріңіз


Ашықтық пен айқындық – швед демократиясының негізі. Швеция –еркін жәнеашық қоғам, онда азаматтарға демонстрацияларғақатысу,өз-өзін айқындау еркіндігі, баспасөзбостандығы, табиғи жер-суға кедергісіз қолжеткізу құқығы, биліктің іс-әрекетін бақылауқұқығы сияқты құқықтар мен бостандықтарғакепілдік берілген. Ашықтық тепетеңдіктіқамтамасыз ету және қоғамда сыбайласжемқорлық көріністеріне төзбеушіліктіқалыптастыру үшін алғышарт болып табылады. Қоғамдық бақылау,ақпарат бостандығықағидатының мәні –жұртшылық, бұқаралықақпарат құралдары да ресми құжаттарға ашыққол жеткізеді. Бұл швед азаматтарынамемлекеттік органдар және жергілікті биліктің іс-әрекетіне кедергісіз бақылау жасауға мүмкіндікбереді. Бақылаудың мүмкіндігі демократияныңнығаюына, ал билік қызметіндегі ашықтықбилікті асыра пайдалануға жол бермейді. Ресмиқұжаттарға қол жеткізу мемлекеттікқызметшілермен жария әкімшілік органдарыныңбасқа да қызметкерлері мәліметтерді бұқаралықақпарат құралдарына және үшінші тұлғаларғаберуге құқығы бар дегенді білдіреді. Алайдақұжаттар егер олар мына салаларға қатыстыболса құпия болуы мүмкін: ұлттық қауіпсіздік, Швецияның шетелдермен және халықаралықұйымдармен қатынасы, ұлттық салық-бюджеттік, кредиттік-ақша, валюта саясатына, мемлекеттің
экономикалық мүдделеріне, мемлекеттік билікоргандарының инспекция, бақылау және басқа да қадағалау іс-шараларын жүргізуі, қылмыстардыболдырмау және мен қылмыстық аңду, жекелегентұлғалардың жеке және қаржылық мәртебесінқорғау, жануарлар мен өсімдік түрлерін қорғау. Осылайша, швед қоғамында сыбайласжемқорлыққа қарсы мәдениеттіқалыптастырудың ерекшелігі – демократия болып табылады, ол ерікті баспасөз, демонстрацияларғақатысу құқығын, табиғатты еркін пайдалану жәнебилік басында тұрғандарды бақылау құқығынкөздейді.
9.сұрақ. Ұлыбританиядағы сыбайлас жемқорлықтыңалдын алу үлгілерінің ерекшеліктерінтүсіндіріп беріңіз
Британ қоғамында ағылшын шіркеуі әділ және адал мінез-құлық 
идеалдарына негізделген сыбайлас жемқорлыққақарсы дүниетанымды 
таратуда маңызды рөл атқарады. Басты өзегі інжілдік өсиет «ұрлама» 
болып табылатын діни этиканың негізін БіріккенКорольдіктің бастауыш 
және орта білім жүйесінің басым бөлігін құрайтын елдің ағылшындық 
және католик мектептері бала кезден британдықтардың миына
құя білді. Ұлыбританияның сыбайлас жемқорлықты ғаламдық түп-тамырымен 
жою жөніндегі идеясын жақтаушылардың қатарына мыналар
жатады: «Ұлыбританияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы форумы», 
«Transparency International», «Кедейшілікке қарсы инженерлер», 
«Ғаламдық инфрақұрылымдық сыбайласжемқорлыққа қарсы орталық» 
және басқалар.
Ұлыбританияда превентивті шаралар арқылысыбайлас жемқорлыққа
қарсы күресті жүзеге асыратын екі негізгі мемлекеттік ведомство бар: 
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомство және Ұлыбританияның
жария саласының стандарттары бойыншакомитет [10].
Жоғарыда аталған екі құрылымдық элемент Ұлыбританияда
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі субъектілері болып 
табылады. Оларға тән ерекшелік – бизнес-қоғамдастыққа бағдарлану
болып табылады. 
Ұлыбританияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін 
жауапты құрылымдары өз жұмысында превентивтілік қағидаттарын
басшылыққа алады. Жария тұлғалар мен мемлекеттік қызметшілердің 
этикасын дамытуға, сондай-ақ оларды оқытуға екпін беру өте
маңызды, себебі этикалық стандарттар мен нормаларға сәйкес 
шенеунік өзінің бағыты бойынша сыбайлас жемқорлыққа теріс
қарай бастайды, кейіннен жоғары мінез-құлық стандарттарының 
қалыптасуына әкеледі, оған мемлекеттік саланың басқа өкілдері бағыттала бастайды.

10Сұрақ Академиялық ортада сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін қандай шараларды жүзеге асыруға болады және олардың тиімділігін баяндап беріңіз


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының жүйесі
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының жүйесі:
1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингті;
2) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауды;
3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруды;
3-1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізуді;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңдық сараптама жүргізу кезінде сыбайлас жемқорлық сипаты бар нормаларды анықтауды;
5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды қалыптастыруды және сақтауды;
6) қаржылық бақылауды;
7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді;
8) мүдделер қақтығысын болғызбауды және шешуді;
9) кәсіпкерлік саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын;
10) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтауды, жолын кесуді, ашуды және тергеп-тексеруді;
11) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы хабарлауды;
12) сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтардың салдарларын жоюды;
13) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылтуралы ұлттық баяндаманы қалыптастырудыжәне жариялауды қамтиды.
11) СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ САЯСАТ ШАРАЛАРЫ
Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты қоғамның сұраныстарына қарай, ұлттық практика мен озық шетелдік тәжірибені ескере отырып, ұдайы жетілдіріліп отырады.
Бұл бағытта жүйелі және кешенді тәсіл Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын (бұдан әрі – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия) іске асыру арқылы қамтамасыз етілді.
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңның қабылдануына орай алдын алу және қылмыстық-құқықтық құралдардың ақылға қонымды теңгерімі бар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының жүйесі құрылды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту және оның кез келген көрінісіне мүлдем төзбеушілік жағдайын қалыптастыру арқылы азаматтық қоғам сыбайлас жемқорлықпен күреске белсенді түрде тартылуда.
Қазақстан Республикасының Президентіне бағынатын және есеп беретін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі тәуелсіз уәкілетті орган –Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) құрылды.
Агенттік мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының басты жүргізушісі бола отырып, өз қызметінде тиімді алдын алу, ауқымды ағарту, қоғаммен сындарлы әріптестік және қылмыстық-құқықтық шаралар элементтерін ұштастырады.
Жобалық басқару шеңберінде әрбір мемлекеттік орган үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша үлгілік базалық бағытты енгізу сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің үйлестіруші әлеуетін күшейтті.

12)АКАДЕМИЯЛЫҚ АДАЛДЫҚ ПӘНІНІНІҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ


мақсаты:
Білім беру процесінің барлық қатысушыларында (білім алушылар, оқытушылар құрамы, əкімшілік-басқару жəне оқу-көмекші қызметкерлер) Академиялық адалдық кодексін сақтау қажеттілігін түсінуді қалыптастыру.

• Академиялық адалдық Кодексі (бұдан əрі-Кодекс) академиялық адалдықтың негізгі ұғымдары мен принциптерін, оларды қолданудың мақсаттары мен міндеттерін анықтайды, академиялық адалдықты сақтау бойынша білім беру процесіне қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін белгілейді, академиялық адалдықтың бұзылу түрлерін жəне оларды жасаған жағдайда шаралар қабылдау тəртібін анықтайды.


• Академиялық адалдық кодексін қабылдау мамандарды сапалы дайындау міндеттерін жүзеге асыруға ықпал етеді.


• Академиялық адалдық кодексі білім беру процесінің барлық қатысушылары — білім алушылар, оқытушылар құрамы, əкімшілік-басқару жəне оқу-көмекші қызметкерлер үшін бірыңғай болып табылады.


• Кодекс Қазақстан Республикасында білім беру қызметін реттейтін нормативтік актілер, білім беру ұйымының Жарғысы жəне оның даму стратегиясы өзгерген, білім беру бағдарламаларының талаптарын қайта қараған жағдайда қайта қаралуы мүмкін


2. Академиялық адалдық саласындағы міндеттер:


1) Мамандарды даярлау сапасын арттыруға жəрдемдесу.
2) Білім алушылардың,оқытушылар құрамының (бұдан əрі-ОҚ) жəне қызметкерлердің академиялық адалдығын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін жағдайлар жасау.
3) Проблемалық мəселелер мен жағдайларды реттеу арқылы академиялық адалдықты бұзу жағдайларын болдырмау.
4) адалдық – бұл білім алушылардың оқу жұмысының бағаланатын жəне бағаланбайтын түрлерін адал орындауы;
5) автордың жəне оның құқықтық мирасқорларының құқықтарын қорғауды жүзеге асыру – авторлық құқық объектісі болып табылатын туындылардың авторлығын тану жəне қорғау арқылы өзге біреудің сөзін, ойын жəне бағаланатын жұмыстардағы ақпарат көздерін көрсетуін дұрыс беру;
6) жариялылық – ашықтық, өзара сенім, білім алушы мен оқытушы арасында ақпаратпен жəне идеямен ашық алмасу;
7)білім алушылардың құқықтары мен бостандықтарын - ой-пікірлер мен идеялар еркін білдіру құқығын құрметтеу;
8)теңдік – əрбір білім алушы академиялық адалдық ережелердің сақталуын жəне оларды бұзғаны үшін тең жауапкершілікті қамтамасыз етеді.

13 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС ҚИМЫЛДЫҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ


1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың мақсаты қоғамда сыбайлас жемқорлықты жою болып табылады.
2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мақсатына қол жеткізу мынадай:

1) қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбестік ахуалын қалыптастыру;


2) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін жағдайлар мен себептерді анықтау және олардың салдарларын жою;
3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің өзара іс-қимылын нығайту;
4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі халықаралық ынтымақтастықты дамыту;
5) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру міндеттерін шешу арқылы іске асырылады.

14 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС ҚИМЫЛ ШАРАЛАРЫ


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының жүйесі:
1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингті;
2) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауды;
3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруды;
3-1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізуді;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңдық сараптама жүргізу кезінде сыбайлас жемқорлық сипаты бар нормаларды анықтауды;
5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды қалыптастыруды және сақтауды;
6) қаржылық бақылауды;
7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді;
8) мүдделер қақтығысын болғызбауды және шешуді;
9) кәсіпкерлік саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын;
10) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтауды, жолын кесуді, ашуды және тергеп-тексеруді;
11) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы хабарлауды;
12) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың салдарларын жоюды;
13) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндаманы қалыптастыруды және жариялауды қамтиды

15) СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МОНИТОРИНГ


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің мәні – сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың тиімділігіне, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы құқық қолдану тәжірибесінің жағдайына, сондай-ақ қоғамның сыбайлас жемқорлық деңгейін қабылдауы мен бағалауға қатысты ақпарат болып табылады
16.СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН ТАЛДАУ
1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау (ішкі және сыртқы) – сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және зерделеу. 
2. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдауды Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша айқындайтын тәртіппен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган мынадай бағыттар: 
1) мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау; 
2) мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің ұйымдық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша жүзеге асырады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізуге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзге де субъектілерінің мамандарын және (немесе) сарапшыларын тартуға құқылы.Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау нәтижелері бойынша мемлекеттік органдар, ұйымдар және квазимемлекеттік сектор субъектілері сыбайлас жемқорлықтың туындау себептері мен жағдайларын жою жөнінде шаралар қабылдайды. 
3. Осы баптың 2-тармағының күші мына салалардағы қатынастарға: 
1) прокуратура жүзеге асыратын жоғары қадағалауға; 
2) қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуге; 
3) әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізуге; 
4) сот төрелігіне; 
5) жедел-іздестіру қызметіне; 
6) қылмыстық-атқару қызметіне; 
7) Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасының талаптарының сақталуын бақылауға қолданылмайды. 
4. Осы баптың 2-тармағының ережелері арнаулы мемлекеттік органдардың қызметіне қолданылмайды. 
5. Мемлекеттік органдар, ұйымдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүзеге асырады, оның нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөнінде шаралар қабылдайды. 
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік тәртібін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.

17.СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ СЫРТҚЫ ТАЛДАУ


Осы Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 2-тармағына сәйкес арнаулы мемлекеттік органдарды қоспағанда, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің (бұдан әрі – сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау объектілері) қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу тәртібін айқындайды.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау объектісі бірінші басшыларының, олар болмаған жағдайда олардың міндетін атқаратын не олардың лауазымдарын алмастыратын адамдардың бірлескен шешімі (бұдан әрі – бірлескен шешім) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу үшін негіздеме болып табылады.

18) СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ІШКІ ТАЛДАУ


Осы Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 5-тармағына сәйкес әзірленген және мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің (бұдан әрі – сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың субъектісі) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу тәртібін айқындайды.Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау субъектісінің басшысының, ол болмаған жағдайда оның міндеттерін атқарушының немесе оның лауазымын алмастырушының шешімі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу негіздемесі болып табылады.
3. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы шешім, соның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижелерінің негізінде қабылданады

19)Сұрақ. Қазіргі мемлекеттердегі сыбайлас жемқорлықтың трансформациясын баяндап беріңіз?


Қазіргі кезде сыбайлас жемқорлық әлемнің кез келген елінде оның саяси дамуына байланыссыз, оның ішінде Қазақстанда да, әлеуметтік құбылыс ретінде өмірін жалғастырып келеді, ол тек ауқымдылығымен ғана ерекшеленеді. Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму үдерісін, нарықтық экономиканың құрылуын, инвестициялар тарту процесін тежейді. Демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсерін тигізеді, елдің болашақ дамуына елеулі қауіп төндіреді. Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі сыбайлас жемқорлықпен күрес болып табылады.

Студенттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарастарын қалыптастыру мақсатында университетте тұрақты түрде «Таза сессия» штабы жұмыс істейді. Штаб қызметінің негізгі идеясы жастармен кездесулер өткізу және оларға жемқорлыққа қарсы заңнаманы, сыбайлас жемқорлық туралы ұғымды түсіндіру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар бойынша шараларды жетілдіру, студенттер арасында заңдылық пен жемқорлыққа қарсы тәртіп орнату, сыбайлас жемқорлық құбылыстарына қарсы әрекет ете білуге тәрбиелеу.


Жастардың алған білімдері оларды өмірде туындаған кез келген жемқорлық атаулымен кездестірмейтіндігіне сенгіміз келеді.


Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы!


Елдің болашағы – жас ұрпақтың қолында!


Қазіргі заманғы әлемде сыбайлас жемқорлықпен күресуді күшейту жұмысы үздіксіз жүргізілуде және әрдайым жетілдірілу үстінде. Әлемде сыбайлас жемқорлықпен күресу механизмінің барлық елдерге тиімді болатын бірегей жинағы жоқ. Әрбір мемлекет қолданатын сыбайлас жемқорлықпен күресу әдістерінің жиынтығы өзгеше, ол елдің саяси және экономикалық тұрақтылығына ғана емес, сонымен қатар әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлеріне, діни ерекшелігі мен құқықтық мәдениет деңгейіне және аумағы бойынша алатын жеріне, халқының саны мен орналасу тығыздығына да байланысты болып келеді.


Қазақстанда экономиканы жандандыру және ауқымды әлеуметтік түрлендіру жағдайында мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған заманауи әлеуметтік-экономикалық саясатымен тығыз байланысқан бүтіндей стратегияның қажеттілігіне анық көз жеткізілді.


Осыған байланысты 2014 жылдың 26 желтоқсанында Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа стратегиясы бекітілді.


Стратегияның мақсаты мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа кез-келген жемқорлықтың туындауына «нөлдік» төзімділік таныту атмосферасын құру жолын қолдану арқылы барлық қоғамды тарту, сондай-ақ Қазақстанда сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету болып табылады.


20)СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ


– бұл адамның саналы және адамгершілікпен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру қабілетін айтады.

Тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті дегеніміз, ол сол тұлғаның қоғам қауіпсіздігіне және игілігіне сыбайлас жемқорлықтың зияны туралы білімін қамтитын қасиеті. Ол индивидтің жай ғана сыбайлас жемқорлықты төзбеуі ғана емес, сонымен қатар оны жоюға, онымен күресуге талпынуы болып табылады.


Яғни, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет дегеніміз ол жемқорлыққа қарсы белсенді азаматтық позиция. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет тұлғада құқықтық шеңберде іс-әрекет етуі үшін белгілі бір біліктіліктердің болуын талап етеді, олар: жемқорлықты әлеуметтік зұлым ретінде тани білуі, сыбайлас жемқорлықпен күрес негіздерін және оның қоғам өмірінің кез келген саласында деңгейін төмендету үшін барлық мүмкіндіктерді пайдалана білуі.


21.СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН ІШКІ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ ТАЛДАУДЫҢ АЙЫРМАШЫЛЫғЫН БАЯНДАП БЕРІҢІЗ
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу объектісінің бірінші басшыларының, олар болмаған жағдайда олардың міндеттерін атқаратын немесе олардың лауазымдарын алмастыратын адамдардың мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу туралы бірлескен шешімі (бұдан әрі – бірлескен шешім) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу үшін негіздеме болып табылады.
Осы Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 5-тармағына сәйкес әзірленген және мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің (бұдан әрі – сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың субъектісі) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу тәртібін айқындайды.
22.МҮДДЕЛЕР ҚАҚТЫҒЫСЫНА СИПАТТАМА БЕРІП,ТҮСІНДІРІП БЕРІҢІЗ
мүдделер қақтығысы – жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, оларға теңестірілген адамдардың, лауазымды адамдардың жеке мүдделері мен олардың лауазымдық өкілеттіктері арасындағы қайшылық, мұндай жағдайда аталған адамдардың жеке мүдделері олардың өз лауазымдық міндеттерін орындамауына және (немесе) тиісінше орындамауына алып келуі мүмкін;
23. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛЕТТІ ОРГАННЫҢ ҚҰЗІРЕТІН ҚАЛАЙ БАЯНДАП БЕРІҢІЗ
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын қалыптастыру мен іске асыруды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында үйлестіруді, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуды, анықтауды, жолын кесуді, ашуды және тергеп-тексеруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган және оның аумақтық бөлімшелері;
24.ҚҰҚЫҚТЫҚ ИДЕОЛОГИЯ МЕН ҚҰҚЫҚТЫҚ ПСИХОЛОГИЯНЫҢ АЙЫРМАШЫЛЫҒЫН БАЯНДАП БЕРІҢІЗ
Құқықтық идеология - бұл құқықтық шындық туралы идеялар, көзқарастар, ұғымдар, нанымдар, теориялар, ұғымдар. Идеологиялық элементтер - нақты құқықтық құбылыстар туралы жүйелі білім, оларды жеткілікті жоғары, ғылыми деңгейде түсіну болып табылады. Құқықтық идеология өздігінен пайда болмайды, оны мамандар дамытады және құқықтық тәрбие процесінде, заңгерлік білім алған кезде, заң әдебиетімен, нормативтік актілермен танысқанда игереміз.
Құқықтық психология - бұл құқықтық заң, жоба, кодекстердің адамдардың бағалауы, сезімдері, эмоциялары, көңіл-күйлерінің жиынтығы. Құқықтық сананың психологиялық элементтері - бұл құқықтық құбылыстар туралы білімге деген көзқарас, оларды эмоционалды тұрғыдан қабылдау. Құқықтық шындық эмоциялар, тәжірибелер деңгейінде де белгіленеді. Мәселен, біз сот шешіміне "жақсы" немесе "жаман", "әділ" немесе "әділетсіз", ал жаңа қабылданған заңдарға "қуантады" немесе "ренжітеді" деген сөздермен өз пікірімізді білдіре аламыз. Бірақ құқықтық идеологияның құқықтық психологиядан басым деген пікірден аулақ жүргеніміз абзал. Құқықтық идеология мен құқықтық психологияны бір-бірінен нақты ажырату өте қиын. Құқықтық сананың екі саласы да бір-бірімен тығыз байланысты және олар өзара әрекеттеседі.
25.ҚҰҚЫҚТЫҚ САНАНЫҢ ТҮРЛЕРІН ТҮСІНДІРІП БЕРІҢІЗ
мазмұны бойынша:
-қарапайым құқықтық сана-бұл тұлғалардың құқыққа қатысты жалпы көзқарастары, өмірлік тәжірибесінің әсерімен туындайтын көңіл-күйлері;
-кәсіби құқықтық сана-бұл заңгерлердің заңды тәжірибесінің негізінде қалыптасатын сезімдері, сенімдері, көзқарастары, дәстүрлері;
-ғылыми құқықтық сана –бұл құқықты теориялық игеруді көрсететін идеялар, түсініктер, концепциялар;
2) субъектілері бойынша:
-жеке құқықтық сана;
-топтық құқықтық сана;
-қоғамдық құқықтық сана.
Құқықтық сананы иеленушіге байланысты құқықтық сананың жеке, топтық (ұжымдық) және қоғамдық құқықтық сана түрлері туралы айтуға болады.
Жеке құқықтық сана адам күнделікті қатысатын алуан түрлі әлеуметтік байланыстар мен қатынастардың ықпалымен, сондай-ақ өзінің психикалы-физиологиялық ерекшеліктерінің әсерімен қалыптасады. Жеке адамның мәдениеті мен білімі деңгейінің әртүрлі болуы, адамдардың әлеуметтік жағдайы мен қабілетінің бірдей болмауы жеке құқықтық сана деңгейінің әртүрлі болуына себепші болады. Құқықтық сана деңгейін көтеру үшін адамдардың санасы мен мінез-құлқына нысаналы идеологиялық ықпал жасаудың, азаматтарға құқықтық тәрбие берудің де маңызы емес.
Топтық құқықтық сана тиісті әлеуметтік топтар мен оларға кіретін жеке адамдардың ерекшеліктерімен анықталады. Құқықтық құндылықтар әрбір топта бірдей танылмайды. Олардың ішінде топтық құқықтық сана заңдылық пен әділеттік идеяларын мүлде құрметтейтіндерінде топтық құқықтық сананың әлеуметсізденуі, қоғамда бар құқықтық идеологиядан шеттеу, құқықтық нигилизмнің ескі түрін консервациялау, тіпті криминогендік жағдайлардың қалыптасуы мүмкін.
Қоғамдық құқықтық сана құқыққа және құқықтық өмір шындығының жалпы қоғамда қалыптасқан құбылыстарына көзқарасты бейнелейді. Қоғамдық құқықтық санада қоғамда жеке адамның бостандығына және жеке меншікке ешкімнің тиіспеушілігіне кепілдік бере алатын теңдесі жоқ әлеуметтік құндылық ретінде құқық түсінігі орнығады. Құқық болмайынша оның екеуі де жоқ.
26. ТҰЛҒАНЫҢ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ САНА-СЕЗІМІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫН БАЯНДАП БЕРІҢІЗ?
Тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана-сезімін қалыптастыру – бұл үздіксіз процесс, оның негізгі бағыттары:
1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы құндылықтарды сіңіру;

2) тиісті моральдық сенімдерді, қасиеттер мен сезімдерді қалыптастыру;


3) қажетті моральдық қажеттіліктер мен әдеттерді дамыту. Бұл бағыттар сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие міндеттерін білдіреді.


27. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ІШКІ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗУДІҢ ТӘРТІБІН ТҮСІНДІРІП БЕРІҢІЗ?

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау субъектісінің басшысының, ол болмаған жағдайда оның міндеттерін атқарушының немесе оның лауазымын алмастырушының шешімі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу негіздемесі болып табылады.


3. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы шешім, соның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижелерінің негізінде қабылданады.
Осы Үлгілік қағидаларда сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау субъектілерінің басшылары мемлекеттік органның және оның ведомстволарының, ұйымдардың басшылары, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметінде ағымдағы басшылықты жүзеге асыратын басшылары болып анықталады.
4. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау субъектісінің бірінші басшысы айқындайтын құрылымдық бөлімше, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізуге уәкілетті адам немесе оның шешімімен құрылатын жұмыс тобы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізеді.
Бірінші басшының шешімі бойынша жұмыс тобының құрамына сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзге де субъектілерінің мамандарын және (немесе) сарапшыларын тартуға құқылы.
5. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау субъектісінің құрылымдық бөлімшесінің, ведомствосының, ведомстволық бағынысты ұйымының, аумақтық және оған теңестірілген бөлімшелерінің (бұдан әрі – бөлімше) қызметі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың объектісі болып табылады.
6. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу туралы шешімде мынадай ақпарат болады:
1) қызметі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауға жататын бөлімшенің атауы;
2) осы Үлгілік қағидалардың 8-тармағына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың бағыты;
3) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізетін құрылымдық бөлімше, лауазымды тұлға (лауазымды тұлғалар) немесе жұмыс тобының персоналдық құрамы туралы;
4) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу кезеңі;
5) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізуге және жұмыстың нәтижесіне басшылық, үйлестіру және жауаптылық жүктелетін сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау субъектісінің лауазымды тұлғасы.
7. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізудің мерзімділігін сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың субъектілері айқындайды.
8. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
1) бөлімшенің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) бөлімшенің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
9. Бөлімшенің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актірлерде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормалар анықталады.
10. Бөлімшенің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметі деп мынадай мәселелер түсіндіріледі:
1) персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы;
2) мүдделер қақтығысын реттеу;
3) мемлекеттік қызмет көрсету;
4) рұқсат беру функцияларын іске асыру;
5) бақылау функцияларын іске асыру;
6) бөлімшенің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер.
11. Мыналар:
1) бөлімшенің қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер;
2) бөлімшеге қатысты мемлекеттік органдардың бұрын жүргізген тексеру нәтижелері;
3) бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар;
4) бөлімшеге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;
5) прокурорлық қадағалау актiлерi;
6) сот актілері;
7) ұсынылуына Қазақстан Республикасының заңнамасымен жол берілген өзге де мәліметтер сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің ақпарат көздері болып табылады.
12. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша мыналарды:
1) анықталған сыбайлас жемқорлық тауекелдері туралы ақпаратты;
2) оларды жою бойынша ұсынымдарды;
3) анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсынымдарды іске асыру мерзімдерін қамтитын талдамалық анықтама әзірленеді.
13. Талдамалық анықтама сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізген адамдармен, қызметінде сыбайлас жемқорлыққа талдау жүргізілген бөлімше басшысымен келісіледі және оған осы Үлгілік қағидалардың 6-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген лауазымды тұлғамен қол қойылады.
14. Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою туралы ұсынымдар бар талдамалық анықтама сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау субъектісінің бірінші басшысына қарау және шаралар қолдану үшін ұсынылады.
15. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша қабылданған (қабылданып жатқан) шаралар туралы ақпарат сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау субъектісінің интернет-ресурсында орналастырылады.
16. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау субъектісінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша, соның ішінде алқа, консультативтік-кеңесші органдарының отырыстарында жария талқылауға жол беріледі.
28. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ СТАНДАРТТЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ КӨРІНІСТЕРІНІҢ АЛДЫН АЛУ КӨЗҚАРАСЫ ТҰРҒЫСЫНАН ТҮСІНДІРІП БЕРІҢІЗ?
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартың негізіне сыбайлас
жемқорлық көріністерінің алдын алу көзқарасы тұрғысынан:
1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт қамтитын салада жеке және
заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру;
2) өз құзыреті шегінде басқарушылық және өзге де шешімдерді
дайындау және қабылдау;
3) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің
жобасын дайындау;
4) тиісті тіршілік әрекеті саласының ерекшелігіне байланысты өзге де
қоғамдық маңызы бар қарым-қатынас кезінде лауазымдық міндеттерді
орындау бойынша тікелей іс-әрекеттер алынған.

29. ЖАҚЫН ТУЫСТАРДЫҢ, ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫЛАРДЫҢ НЕМЕСЕ ЖЕКЖАТТАРДЫҢ БІРГЕ ҚЫЗМЕТ (ЖҰМЫС) ІСТЕУІНЕ ЖОЛ БЕРМЕУДІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫН БАЯНДАП БЕРІНІЗ?


1. Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар (өз қызметін тұрақты емес немесе басқа жұмыстан босатылған негізде жүзеге асыратын мәслихат депутаттарын қоспағанда) және мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар (Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің немесе мәслихаттарының депутаттығына, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдігіне, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқарудың сайланбалы органдарына мүшелікке кандидаттарды қоспағанда), лауазымды адамдар өздерiнiң жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары атқаратын лауазымдарға тiкелей бағынысты болатын лауазымдарды атқара алмайды, сондай-ақ жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары тікелей бағынысында бола алмайды.


1-1. Мемлекеттік лауазымға не мемлекеттік немесе соларға теңестірілген функцияларды атқаруға байланысты лауазымға кандидаттар болып табылатын адамдар өздері лауазымды атқаруға үміткер ұйымның басшылығын осы ұйымда жұмыс істейтін жақын туыстары, жұбайы және (немесе) жекжаттары туралы жазбаша нысанда хабардар етуге міндетті.


2. Осы баптың 1-тармағының талаптарын бұзатын адамдар, егер олар көрсетілген бұзушылық байқалған кезден бастап үш ай ішінде оны ерікті түрде жоймаса, осындай бағыныстылықты болғызбайтын лауазымға ауысуға тиіс, ал осындай ауысу мүмкін болмаған кезде осы қызметшілердің біреуі лауазымынан шығарылуға немесе көрсетілген функциялардан өзгедей босатылуға тиіс.


30. ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАР, ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІКТЕР ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ КЕЗІНДЕ ҚОЛДАНАТЫН ШАРАЛАРДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫН ТҮСІНДІРІП БЕРІҢІЗ


Жеке тұлғалар, қоғамдық бірлестіктер және өзге де заңды тұлғалар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кезінде мынадай шаралар қолданады:


1) өздеріне мәлім болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасау фактілері туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен хабарлайды;


2) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заңнама мен құқық қолдану практикасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;


3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға қатысады;


4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдық басқа да субъектілерімен және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органмен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;


5) мемлекеттік органдардан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қызмет туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сұратады және алады;


6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша зерттеулер, оның ішінде ғылыми және әлеуметтік зерттеулер жүргізеді;




7) бұқаралық ақпарат құралдарында түсіндіру жұмыстарын жүргізеді және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша әлеуметтік маңызды іс-шаралар ұйымдастырады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет