3 сұрақ Қоғамдағы моральдық-этикалық жауапкершілік Кейінгі жылдары қоғамдағы моральдық- этикалық жауапкершілік, яғни әдеп туралы сөз баспасөз беттерінде сирек те болса айтылып жүр. Алғаш қоғамдағы моральдық қарым-қатынастарды жан-жақты зерттеп, әр түрлі пікірлерді жинақтаған Аристотель деп айтуға болады. Оның «Никомахова этика» атты еңбегін зерттеушілер этика ғылымының бастауы деп біледі. Ал, ұлы ойшыл Әл-Фараби этиканы, ең алдымен, жақсылық пен жамандықты ажыратуға мүмкіндік беретін ғылым деп қарады. Сондықтан оның этика жөніндегі тұжырымдамаларында жақсылық, мейірбандық категориясы басты орын алады. Ғұламаның этикалық ойларынан терең гуманизмнің лебі еседі, ол адам баласын жаратылыстың, бүкіл жан иесі атаулының биік шоқтығы, сондықтан да оны құрметтеу, қастерлеу керек деп түсінеді. Мораль - тарихи кұбылыс, этиканың зерттеу объектісі. Мораль деп- белгілі бір қоғамдағы өмір сүріп жатқан адамдар арасында қалыптасқан адамгершілік құлық нормалары мен ұстанымдарының жиынтығын айтамыз. Мораль жеке адамның қоғамда өмір сүре алу, басқалармен үйлесімді қарым-қатынаста болу кабілетін танытады. Басқаша тұжырымдайтын болсақ, мораль — ізгілік, адамгершілік ережелерінің жиынтығы. Қазақстан сыбайлас жемқорлыққа жүйелі түрде қарсы тұру бұрынғы кеңестік республикалар арасында алғашқылардың бірі болып қолға алды. Соның нәтижесінде аз уақыттың ішінде біршама тәжірибе жинап, өзіндік сүрлеу де салды. Алайда, сыбайлас жемқорлықпен күрестің Қазақстан қоғамындағы маңызы мен рөлін оң бағалауға әлі ерте. Мамандардың айтуы бойынша сыбайлас жемқорлық мемлекеттік және ұлттық қауіпсіздікке зардабын тигізетін құбылысқа айналуда. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру әр кезеңде әртүрлі сипатта болған. Оның мемлекет ұғымымен қатар өмір сүріп келе жатқандығына тарихи жазба деректер куә бола алады. Мәселен, ежелгі дәуірлер туралы анықталып жатқан тарихи зеріттеулерге сүйенсек, кейбір сол уақытта дамыған мемлекеттерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы жария түрде күрес жүргізіліп, пара алатын шенеуніктер қала-мемлекет заңымен қудаланған. Дегенмен де, сыбайлас жемқорлық мәселесі тарихи уақыт шеңберін немесе ұлттық шекараларды мойындамайды. Ол барлық жерлерде, барлық кезеңдерде қоғамдасудың әртүрлі нысандарында орын алып отырған әлеуметтік індет. Оны түбегейлі жою мүмкін болмаса да қоғамдық бақылауды күшейту арқылы, атқарушы және заң шығарушы биліктердің ашықтық пен жариялық принциптерін қолдана отырып, басқада қоғамға ортақ қағидаттарына негізделген күрес пен сот билігінің әділдігі арқылы ғана белгілі бір дәрежеде шектеп, жаппай көрініс беруін төмендетуге болады. Сыбайлас жемқорлықтан неғұрлым «таза» мемлекеттер «жеке тұлғалардың сыбайлас жемқорлыққа қатысты әрекет жасауға мүмкіндіктерін, жағдайларын болдырмауға мейлінше тырысу» қағидасын ұстанады. Осы деңгейдегі күрес алдағы болашақтың міндеті болмақ, ал бүгінде сыбайлас жемқорлық атты қоғамдық індетті алауыздықтаудың заңдық және институционалдық негіздері, құралдары Қазақстанда толықтай қалыптасып, өз тиімділігін де дәлелдей бастады. Оның стратегиялық бағыты «Нұр Отан» партиясының 2015–2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасының жобасында белгіленген. Ал осы жобаны талқылауға мемлекеттің және қоғамдық ұйымдардың барлық салалар өкілдері қызу араласуда. Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қатысты әрекет жасауға мүмкіндіктері мен жағдайларын болдырмауға әсер ететін бағыттардың бірі этикалық нормалардың талабын сақтауды қадағалауды күшейту. Адамгершілік құндылықтар туралы ертеректе айтылса да, Ш. Құдайбердіұлының сөздері әлі де маңызды: «Адамдарды еңбек етуге үйретіп, білім беру керек, алайда осының бәрі адам бойындағы жаман қасиеттерден арылуға көмектесе алмайды. Адамды тәрбиелеу барысында «ар ғылымын» міндетті түрде енгізу қажет. Бұл жөнінде ақылды адамдар ойлануға тиіс. Олар бұл теорияны барлығына міндетті пән ретінде дайындаулары керек. Жас кезден бастап адам бойында жоғары тәртіптілік, өзін-өзі сыйлау сынды қасиеттерді сіңіру арқылы тәрбиелеу керек. Сонда ғана адамзат пен адамды түзеу үміті оянады». Сондықтан қарапайым адамдарға қойылатын талаптарға қарағанда неғұрлым жоғарылау, өзі-өзіне рухани-адамгершілік және саналы шектеу қою, сыбайластықтың деңгейін төмендетуде, саяси және әкімшілік этиканың маңызды аспектісі. Қатардағы азаматтардан көрі, белгілі бір лауазымды иеленген саясаткерлердің немесе мемлекеттік қызметшілердің көбірек лауазымдық мүмкіншіліктері бар, сондықтан дәл соларға тиісті шектеуліктер қойылады және олар өзі-өздеріне шектеулік қоюлары тиіс. Іс жүзіндегі мүмкіншіліктердің барлығы бірдей оларға рухани қанағат тұрғысынан жарамды бола бермеуі тиісті.