1-деңгей сұрақ. Мемлекеттік сатып алуды өткізу қағидаттарын сипаттап беріңіз?


сұрақ.Бизнес-ортадағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет дегенімізді талдап беріңіз?



бет2/6
Дата26.12.2022
өлшемі86,7 Kb.
#59613
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
НовыйАкадемиялық адалдық сессия

2сұрақ.Бизнес-ортадағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет дегенімізді талдап беріңіз?
Сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту қажет салалардың бірі – бұл бизнес.
Сыбайлас жемқорлық белең алған және атқарушы органдар мен сотбилігі тармақтарының қызметінде қиыншылықтар бар ортада бизнестабысты дами алмайтындығы дәлелденген.
Оған кім бастамашы болғанына қарамастан, сыбайлас жемқорлық мәмілелерінің нәтижесі: іскерлік орта нашарлайды, бәсекеге қабілеттіліктің төмендеу қаупі пайда болады, «таза» жұмыс атқаратын кәсіпкерлер азаяды, қоғамда да, кәсіпкерлердің арасында да «мультипликациялық» әсер ету таралады.
Сондықтан бизнес-ортада сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісінде оны белсенді қабылдамауы, адал бәсекелестік пен адалдық беделінасымдыққа қоюды негізге алған өркениетті іскерлік қатынастарды дамыту өте маңызды.
Бизнес-ортадағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – бұл экономикалық қызмет барысында сыбайлас жемқорлықты қабылдамаужәне оған қарсы тұру негізіндегі құндылықтар жүйесі.
Әртүрлі зерттеулер нәтижесінде байқалғандай, бизнес-қауымдастығы сыбайлас жемқорлықпен сәтті күрестің негізгі тәсілдері:
– заңнаманың айқындығы мен толықтығы;
– мемлекеттің экономикаға араласуын қысқарту;
– мүдделер шиеленісін жою;
– мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексін қабылдау;
– мемлекеттік қызметшілердің сайланбалығы.
Қазіргі заман жағдайында бизнес ортадағысыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің тамыры оның әлеуметтік жауапты әрекетінде жатыр.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске қоғамның барлық мүшелері атсалысуы керек. Бизнес қауымдастықтары мен үкіметтік емес ұйымдарды жемқорлыққа қарсы күрес науқанына қатысуға шақырып,олардың бастамаларына қолдау көрсету қажет.
Біздің ортақ қимылдарымыз сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілік қалыптастыруға және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға әкеп соғуы тиіс.
Сыбайлас жемқорлық – Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігіне қатысты ең басты қауіптердің бірі: экономикалық қарым-қатынастар аясында тіршілік ете отырып, ол уақыт өте келе оларды параға сатып алу мен тазалықтың болмауына негізделген қатынастарға алмастырады. Нәтижесінде, қалыпты іскерлік әрекеттер өзгеріске ұшырап, инвестициялар мәнін жойып, іскерлік беделдің деңгейі төмендейді. Сыбайлас жемқорлық белең алған және атқарушы органдар мен сот билігі тармақтарының қызметінде қиыншылықтар бар ортада бизнес табысты дами алмайтындығы дәлелденген. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік саясатты реттілікпен жүзеге асыру сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін қажетті заңнамалық алғышарттарды жасауға алып келді. Бизнестегі парақорлық пен сыбайлас жемқорлықтың пайда болуын барынша болдырмау мақсатында Үкімет Қылмыстық кодекске сыбайлас жемқорлықтық әрекеттері үшін заңды тұлғаларды жауапкершілікке тарту қарастырылған өзгерістер енгізді. Дегенмен, сыбайлас жемқорлық жойылған жоқ. Оның өміршеңдігі адамдардың санасында, адамгершілік кемшіліктері мен нұсқандарында нығыз орныққандығымен айқындалады. Әлемдік экономикалық форумында жарияланған 2013 – 2014 жылдары Жаһандық бәсекеге қабілеттік туралы есеп нәтижелері көрсеткендей, Қазақстанда бизнес жүргізуде ең қиындық туғызушы мәселе сыбайлас жемқорлық болып табылады. Компаниялар қазіргі уақытта да бизнес жүргізудегі пара берушілік пен төлемдерді кешіктіруді әдеттегі іс көреді.
Бизнес-ортада сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырып, дамыту мақсатында бизнесмендерге арнап корпоративті әлеуметтік жауапкершілік үшін «Парыз» сыйлығы секілді марапаттаулар енгізу мақсатқа лайықты болып табылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске атсалысқандығы үшін ынталандыру мақсатында мемлекет қоғамға танылу деп аталатын оңтайлы бастаманы қолдана алады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске қоғамның барлық мүшелері атсалысуы керек. Бизнес қауымдастықтары мен үкіметтік емес ұйымдарды жемқорлыққа қарсы күрес науқанына қатысуға шақырып, олардың бастамаларына қолдау көрсету қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет