Плагиат - бұл басқа біреудің сөздеріне немесе идеяларына несие алу. Бұл зияткерлік әділетсіздіктің актісі және бұл ауыр зардаптарға әкеледі . Бұл университеттің ар-намыс кодексін бұзады және адамның беделіне жағымсыз залал келтіруі мүмкін. Плагиатизацияланған тапсырма сыныпқа, суспензияға немесе экспедицияға әкелуі мүмкін.
6)Грузияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы моделі
Грузияның мемлекеттік сектордағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы Осыдан 10 жыл бұрын сыбайлас жемқорлық Грузияның барлық салаларына дендеген болатын . Мемлекеттік қызметтердің барлығын дерлік алу үшін пара сұрайтын жүргізуші куәлігін алу немесе мүлік пен бизнесті тіркегенге дейін паспорт алу , үй құрылысын мен жоғары оқу орнынан түсу . Үкімет « нөлдік төзімділік » саясаты шеңберінде қабылдаған шаралар әртүрлі мемлекеттік қызметтерде бейресми төлемдер ауқымын күрт қысқартты . Бүкіләлемдік банк сарапшылары бүгінгі күні көптеген көрсеткіштер бойынша « Грузия Еуропалық одақтың ең дамыған елдеріне біршама жақындады деп атап көрсетеді »тәжірибиесі бірегей және табысты , оның көптеген аспектілері бейімделген және осыған ұқсас проблемалар бар елдерде қолданылады
Грузияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалып- тастырудағы тиімді тәжірибесі студенттер, оқушылар, ҮЕҰ және басқа- лар кіретін кең аудитория үшін оқыту семинар-тренингтерін жүргізу- мен түсіндіріледі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырып бойынша бұл тренингтерді практиктер, яғни сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл саласындағы заң шығару және үйлестіру қызметімен тікелей айналысатын адамдар жүргізеді, сонымен қатар шетелдік беделді сарапшылар шақырылады.
7)Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл туралы ҚР заңы лауазымды адам кім дегенді сипаттап беріңіз
1) жауапты мемлекеттiк лауазымды атқаратын адам – мемлекеттік функцияларды және мемлекеттік органдардың өкілеттіктерін тікелей орындау үшін Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының конституциялық және өзге де заңдарында белгіленген лауазымды атқаратын адам, оның ішінде Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты, судья, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл, сол сияқты Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік саяси лауазымды не "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымын атқаратын адам;
2) лауазымды адам – тұрақты, уақытша немесе арнаулы өкiлеттiк бойынша билік өкілінің функцияларын жүзеге асыратын не мемлекеттік органдарда, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында ұйымдастырушылық-өкімдік немесе әкiмшiлiк-шаруашылық функцияларды орындайтын адам;
сыбайлас жемқорлық – жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестiрiлген адамдардың, лауазымды адамдардың өздерінің лауазымдық (қызметтік) өкiлеттiктерін және соған байланысты мүмкiндiктерiн жеке өзi немесе делдалдар арқылы жеке өзіне не үшінші тұлғаларға мүлiктiк (мүліктік емес) игiлiктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында заңсыз пайдалануы, сол сияқты игiлiктер мен артықшылықтарды беру арқылы осы адамдарды параға сатып алу;
8)Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл туралы ҚР Заңы нені жүзеге асыруға бағытталған
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заң - сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға бағытталған.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат – сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға, қоғамның мемлекеттік органдар қызметіне сенімін арттыруға бағытталған құқықтық, әкімшілік және ұйымдастырушылық шаралар және осы Заңға сәйкес өзге де шаралар;
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер – осы Заңда белгіленген және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған шектеулер;
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің өз өкілеттіктері шегіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оның ішінде қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою жөніндегі, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру және олардың салдарларын жою жөніндегі қызметі;
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын қалыптастыру мен іске асыруды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында үйлестіруді, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуды, анықтауды, жолын кесуді, ашуды және тергеп-тексеруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган және оның аумақтық бөлімшелері;
9)Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат дегеніміз не талдап беріңіз
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат дегеніміз- сыбайлас жемқорлық қатерлерін азайтуға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, қоғамның университет қызметіне сенімділігін арттыруға бағытталған құқықтық, әкімшілік және ұйымдастыру шаралары.
Университетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты енгізудің негізгі мақсаттары:
-жоғары оқу орнының сыбайлас жемқорлық әрекетке тартылу қаупін минимизациялау;
- университет қызметкерлерінің лауазымдық қызметіне қарамастан сыбайлас жемқорлықты кез- келген формада және көріністе қабылдамау жайлы біртұтас түсінікті қалыптастыру;
- университет қолданысындағы Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу саласындағы заңдылықтың негізгі талаптарын жинақтау және түсіндіру.
- Қойылған мақсаттарға жету үшін университетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саясатын енгізудің келесі міндеттері айқындалады:
-университеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің негізгі принциптерінің бекітілуі;
- саясаттың қолдану аясын және оның әрекет ету шеңберіне ілігетін тұлғаларды анықтау;
-сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саясатын жүзеге асыруға жауапты университеттің лауазымды тұлғаларын анықтау;
- университет жүзеге асыратын сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар, стандарттар мен процедуралар тізбегін және оларды орындау тәртібін белгілеу;
-сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саясаты талаптарын орындамағаны үшін университет қызметкерлері жауапкершілігін айқындау.
10)Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық дегеніміз не
сыбайлас жемқорлық – жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестiрiлген адамдардың, лауазымды адамдардың өздерінің лауазымдық (қызметтік) өкiлеттiктерін және соған байланысты мүмкiндiктерiн жеке өзi немесе делдалдар арқылы жеке өзіне не үшінші тұлғаларға мүлiктiк (мүліктік емес) игiлiктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында заңсыз пайдалануы, сол сияқты игiлiктер мен артықшылықтарды беру арқылы осы адамдарды параға сатып алуҚұқық бұзушылық — қоғамға зиян келтіретін және заң бойынша жазаланатын қоғамға қарсы әрекет. Құқық бұзушылық: азаматтық (жеке басқа, азаматтың немесе заңды тұлғаның мүлкіне зиян келтіру, азаматтың абыройы мен қадір-қасиетін қаралайтын мәліметтерді тарқату және т.б.), әкімшілік (ұсақ бұзақылық жол ережесі тәртібін бұзу), тәртіптік (жұмыстан кешігу, жұмысқа бармау және т.б.) теріс қылық және т.т. Құқық бұзушылықтың барынша қауіпті түрі қылмыс болып табылады.
• 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілген, Қазақстан
Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы жаңа кодексінің,
«Әкімшілік құқық бұзушылық және әкімшілік
жауаптылық» 2-бөлімінің 3-тарауы 25-бабына сәйкес, осы Кодексте сол
үшін әкiмшiлiк жауаптылық көзделген, жеке тұлғаның құқыққа қарсы,
кiнәлi (қасақана немесе абайсызда жасаған) әрекетi не әрекетсiздiгi
немесе заңды тұлғаның құқыққа қарсы әрекетi не әрекетсiздiгi
әкiмшiлiк құқық бұзушылық деп танылады
Әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық құрамы Кодекстің 34-тарауында
баяндалған және алты бапта тіркелген:
– жеке тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы беруі (676-бап);
– мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкілетті тұлғаның не оған теңестірілген
тұлғаның заңсыз материалдық сыйақы алуы (677-бап);
• – заңды тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы беруі (678-бап);
• – мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының заңсыз
кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруы және заңсыз кірістер алуы (679-бап);
• – мемлекеттік органдар басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша
шара қолданбауы 680-бап);
• – бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған тұлғалардың жұмысқа қабылдануы (681бап)
13.Осындай құқық бұзушылықтардың құрамы өзара
негізделген және өзара байланысты төрт элементтен
тұрады:
• Субъект
• объект
• объективті жағы
• субъективті жағы
11 сұрақ.Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адам дегеніміз кім талдап беріңіз
жауапты мемлекеттiк лауазымды атқаратын адам – мемлекеттік функцияларды және мемлекеттік органдардың өкілеттіктерін тікелей орындау үшін Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының конституциялық және өзге де заңдарында белгіленген лауазымды атқаратын адам, оның ішінде Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты, судья, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл, сол сияқты Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік саяси лауазымды не "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымын атқаратын адам;
2) лауазымды адам – тұрақты, уақытша немесе арнаулы өкiлеттiк бойынша билік өкілінің функцияларын жүзеге асыратын не мемлекеттік органдарда, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында ұйымдастырушылық-өкімдік немесе әкiмшiлiк-шаруашылық функцияларды орындайтын адам;
12 сұрақ.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер дегеніміз не?
сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер – осы Заңда белгіленген және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған шектеулер;
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 52-бабында келесілер көрсетілген:
Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, оларға теңестірілген адамдардың (Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің немесе мәслихаттарының депутаттығына, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдігіне, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару сайланбалы органдарының мүшелігіне кандидаттарды қоспағанда), лауазымды адамдардың, сондай-ақ көрсетілген функцияларды орындауға уәкілеттік берілген кандидаттар болып табылатын адамдардың өз өкілеттіктерін жеке, топтық және өзге де қызметтік емес мүдделерде пайдалануына әкеп соғуы мүмкін әрекеттерді жасауына жол бермеу мақсатында, аталған адамдар осы Заңның 13, 14, 14-1 және 15-баптарында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, өздеріне:
мемлекеттік функцияларды орындаумен сыйыспайтын қызметті жүзеге асыру;
2) жақын туыстарының, жұбайлары (зайыптары) мен жекжаттарының бірге қызмет (жұмыс) істеуіне жол бермеу;
мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында, ресми таратылуға жатпайтын қызметтік және өзге де ақпаратты пайдалану;
материалдық сыйақыны, сыйлықтарды немесе көрсетілетін қызметтерді ұсынған адамдардың пайдасына әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін, егер мұндай әрекеттер осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген адамдардың қызметтік өкілеттіктеріне кірсе немесе осы адамдар лауазымдық жағдайына байланысты мұндай әрекеттерге (әрекетсіздікке) ықпал етуі мүмкін болса, оларды қабылдау;
Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде орналасқан шетелдік банктерде шоттарды (салымдарды) ашу және иелену, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде орналасқан шетелдік банктерде қолма-қол ақша мен құндылықтарды сақтау бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдайды.
Жекелеген мемлекеттік функцияларды орындау тәртібін реттейтін заңдарда сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған шектеулерді көздейтін басқа да құқықтық нормалар белгіленуі мүмкін.
13 сұрақ.Академиялық адалдықтың негізгі принциптері қандай?
1) шыншылдық – адал, білім алушылардың бағаланған және бағаланбаған жұмыстарын мұқият орындау. Шыншылдықтың негізгі компоненттеріне еңбекқорлық және тәртіптілік жатады.
2) автордың құқықтарын және оның мұрагерлерін қорғауды жүзеге асыру авторлық құқықтың обьектісі болып табылатын тұлғаның жұмыстарында бөтеннің сөзін дұрыс аудару, ойын дұрыс жеткізу арқылы қорғау;
3) ашықтығы – ашықтық, өзара сенім, білім алушылармен ПОҚ арасында және оларға теңестірілген тұлғалардың ақпарат пен идеялардың ашық алмасуы;
4) білім алушылардың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу – білім алушылардың пікірлерін және идеяларын еркін білдіру құқығы;
5) теңдігі – осы Ережеге сәйкес әрбір білім алушының оны бұзғаны үшін жауапкершілік міндеті.
14 сұрақ.Академиялық ортадағы студенттің құқықтары
Студенттер құқылы:
1) осы ереженің мәтінімен танысуға;
2) оқу үрдісінде еркін өз пікірін білдіруге;
3) осы ережеде бұзған негізсіз айыптауларға қорғалған және дәлелдемелер беруге болады.
15 сұрақ.Академиялық ортадағы студенттің міндеттері
Білім алушы тиісті:
1) осы ереженің мәтінін оқып және оларды бұзғандағы салдарын білу;
2) бағаланатын және бағаланған жұмыстарды орындауда академиялық адалдықты қатаң сақтауға;
3) автордың аты мен өнім бетті көрсете отырып, бөтен сөз және ой беру әдісін пайдалануға;
4) жұмыс соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімін көрсетуге;
5) ақпаратты шынайы және сенімді көздерден пайдалануға;
6) іс жүзінде дұрыс бағаланған жұмысты басқа да білім алушыға орындауға бермеуге;
7) тапсырмалардың барлық түрлерін жеке орындауға;
8) мәтінге, жазбаша жұмысқа, тапсырмалар мен жаттығуларға (рефераттар, курстық жұмыстар, диссертациялар, магистрлік диссертация) дайын жауаптарды пайдаланбауға;
9) емтихан барысында шпаргалка, электрондық ақпараттық және байланыс құрылғыларын пайдаланбауға;
10) өзінің дайын жұмыстарының жауаптарын басқа да білім алушыларға бермеу және өтуіне жол бермеу, оқытуда адалдық пен шыншылдыққа күмән келтіру, соңында басқа білім алушыларға зиянын тигізеді.
16.Академиялық адалдықты бұзу түрлері
1) плагиат - басқа автордың (тұлғаның, ұжымның, ұйымның, қауымдастықтың немесе басқа автордың, оның ішінде белгісіз авторлардың) туындыларын сілтеме жасамай (яғни өз атынан) шығару;
2) деректерді, ақпаратты немесе жұмыс көздеріне сілтемелерді бұрмалау;
3) өтірік - оқытушыға жалған мәліметтер беру. Мысалы, жұмысты басқалардан кейін тапсыру үшін жалған айту;
4) көшіру - оқушының шпаргалкаларды, электрондық және басқа да құралдарды қолдануды қоса алғанда, бұл туралы оқытушы немесе емтихан алушы білмейтіндей жазбаша жұмысты орындауға көмек алуға әрекеті, ауызша кеңестер;
5) рұқсат етілмеген қолжетімділік
6) ұжымдық тапсырмаларды орындау кезінде ұжымдық жұмысқа әдейі қатыспау;
7) өзін басқа тұлға ретінде таныстыу
8) сыбайлас жемқорлық әрекеттері - дұрыс жауаптарды сатып алу, ақша үшін бағалар алу;
9) саботаж - басқаларға жұмыс істеуге кедергі жасау әрекеті. Бұл кітапхана кітаптарынан беттерді жыртуды, бөтен эксперименталды (зертханалық) жұмыстарды қасақана зақымдауды қамтиды;
10) қандай да бір ақпараттарды рұқсатсыз тарату
11) Сөз байласу
17.Академиялық адалдық ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілік түрлерін білесіз бе, талдап беріңіз
Қызметкерге қолданылатын жауапкершілік түрлері және оларды қолдану тәртібі Академияның ішкі еңбек тәртібі қағидаларында регламенттелген.
Мемлекеттік саяси қызметшілердің (бұдан әрі -қызметшілер) тәртіптік жауапкершілігі-олардың қызметтік міндеттерін орындау кезінде тәртіптік теріс қылықтар жасағаны үшін қызметшілерге қолданылатын заңдық жауапкершіліктің түрі.
2. Тәртіптік теріс қылық (бұдан әрі - теріс қылық) құқыққа қайшы, қызметшілердің өзіне жүктелген міндеттерді орындамау кінәсі, тиісінше орындамауы немесе лауазымдық өкілеттігінің шегінен шығуы, тәртіптік жауапкершілікке әкеп соғатын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдарды, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасы ережелерін) (бұдан әрі - еңбек тәртібін бұзуы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ар-намыс кодексі) мемлекеттік және "Мемлекеттік қызмет туралы" Заңында (бұдан әрі "Мемлекеттік қызмет туралы" немесе Заң) белгіленген Мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулерді сақтамауы болып табылады.
Білім алушыларға қолданылатын жауапкершілік түрлері:
1) ауызша ескерту;
2) жазбаша сөгіс;
3) (қойылған) бағаны төмендету;
Мемлекеттік қызмет туралы" Заңның 28-бабына және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Заңға сәйкес қызметшілерге мынадай жазалар:
1) ескерту;
2) церик;
3) қатаң сөгіс;
4) қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту;
4-1) бас тарту;
4-2) орындаудан босату;
4-3) лауазымын төмендету;
5) атқаратын қызметінен босату қолданылуы мүмкін.
5. Жасалғаны үшін заңда
көзделген өзгедей жауаптылыққа әкеп соғатын әрекет үшін жаза қолданылмайды.
6. Жаза туралы деректер
мемлекеттік органдардың кадр қызметтерінің мемлекеттік саяси қызметшілердің дербес ісіне енгізуі арқылы есепке алынуға тиіс.
Білім алушыларға қолданылатын жауапкершілік түрлері:
1) ауызша ескерту;
2) жазбаша сөгіс;
3) (қойылған) бағаны төмендету;
4) жұмысты және/немесе қойылған бағаны жою;
5) бағаланатын жұмыстарды, оның ішінде диссертациялық жұмыстарды/жобаларды қорғауға жібермеу;
6) жасалған теріс қылықты қоғамдық айыптау;
7) білім алушыны пәннен шығару;
8) Академиядан шығару. Білім беру және зерттеу қызметінде көрініс тапқан академиялық адалдықты бұзғаны үшін санкциялар үш санатқа бөлінеді: 1-санат, 2-санат, 3-санат.
1-санат білім алушының жеке ісіне енгізбей ауызша ескерту немесе жазбаша сөгіс, немесе бұзушылық орын алған жұмысты қайта жасау талабымен бағаны төмендету.
2-санат білім алушыны пәннен шығару немесе тапсырма үшін, не пән бойынша білім алушының бағасын төмендету, не жұмысты және/немесе қойылған бағаны жою немесе білім алушының жеке ісіне енгізілетін жазбаша сөгіс.
3-санатқа сынақ мерзімі, сабақтан шеттету немесе оқудан шығару, соның ішінде теріс қылықты қоғамдық айыптау жатады.
18. Плагиат дегеніміз не баяндап беріңіз, сипаттап беріңіз
Плагиат дегеніміз не:
Плагиат басқа адамдардың туындыларын өздерінің немесе түпнұсқалары ретінде өтуі үшін көшіруінен тұрады. Плагиат сонымен бірге біреуді ұрлау әрекетін де білдіреді.
Плагиат объектісі бола алады әдеби, музыкалық, кескіндеме, интеллектуалды жұмыс (теория, жаңалық, зерттеу), компьютерлік алгоритм және т.б. Плагиаттың мысалдары Біз, мысалы, жазбаша құжаттарда түпнұсқа дерек көзі келтірілмегенде немесе мәтін, идея, фраза, фотосурет немесе тіпті толық жұмыс алынған жерді көрсетпегенде кездестіреміз.
Қазіргі мағынада еуропалық тілдердегі "плагиат" сөзі XVII ғасырда қолданыла бастады. Рим құқығында плагий (әріптер. ұрлау) еркін адамның құлдығына қылмыстық сатуды білдірді,
Плагиат сөзінің бастапқы мағынасы - "еліктеу" (француз тілінен plagiat). Плагиат-бұл ұрлық. Оның ең көп таралуы Интернеттің пайда болуымен байланысты, онда сіз біреудің жұмысының нәтижелерімен кедергісіз танысып, сонымен бірге оларды көшіре аласыз. Біз бәріміз күн сайын плагиатпен бетпе-бет келеміз. Бұл бес долларға сатылатын үлкен Chanel сөмкелерінен бастап, мың долларлық Iphone-ның соңғы моделіне дейін әйгілі қытайлық жалғандықтар.
Плагиаттың бірнеше жіктелуі бар, оларды жіктеу белгісіне байланысты ажыратады. Плагиатшының іс – әрекеттері қаншалықты саналы түрде ерекшеленеді: қасақана плагиат – бұл плагиатшы саналы түрде басқа біреудің зияткерлік меншігін көшіруге баратын жағдай; Байқаусыз плагиат-кез-келген өнертабыстың алдыңғы тәжірибеге сүйене отырып жасалатындығымен түсіндірілетін идеяның немесе ашудың сәйкес келуі.
Егер плагиаттың болуы және оның авторлық құқық иесіне зиян келтіргені дәлелденсе, ол үшін келесі жазалар қарастырылған 200 мың рубльге дейінгі айыппұл немесе соңғы 18 айда сотталған адамның жалақысы; 480 сағатқа дейінгі міндетті жұмыстар; 12 айға дейінгі түзету жұмыстары; алты айға дейін қамауға алу. Соңғы тармақ қылмыстық жауапкершілікке жатады және плагиаттың үлкен зиян келтіргені дәлелденген жағдайда қолданылады. Қалған әдістер әкімшілік сипатта болады. Олар плагиаттың дәлелденген мақсаты зияткерлік меншік объектілеріне авторлық құқықты иемденуден кіріс алу болған кезде қолданылады
19.Білім беру және ғылыми ортада қандай қағидаттар сақталуы тиіс сипаттап беріңіз?
Білім беру қызметі – білім беру субъектілерінің мақсатты, педагогтік негізделген, дәйекті өзара іс-қимылы барысында жеке адамды оқыту, дамыту және тәрбиелеу міндеттері шешілетін үдеріс.
Қазақстан Республикасының 2007 жылы 27 шілдеде қабылданған «Білім туралы заңына» сəйкес білім саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі қағидаттары төмендегідей:
- баршаның сапалы білім алуға құқықтарының теңдігі;
- білім беру жүйесін дамытудың басымдығы;
- әрбір адамның зияткерлік дамуы, психикалық-физиологиялық және жеке ерекшеліктері ескеріле отырып, халықтың барлық деңгейдегі білімге қолжетімділігі;
Жалпыға қол жетерлік – барлық оку орындарының түрі Қазақстан Республикасының барлық азаматтарына жыныстық, ұлттық, тектік, діни және т.б. себептері бойынша шектеусіз оқытуға қол жеткізу. Мемлекеттік, муниципалдық білім беру мекемесінің зиялы сипаты – білім беру мекемесінің муниципалды және мемелекетгік білім беру бағдарламасы діни емес сипатымен көрінеді. Ешкандай дін конфиссиясы мемлекеттік білім беру мекемесінде насихаттана немесе қуғынға ұшыра алмайды. Еркіндік және плюрализм – балалардың, олардың ата-аналарының немесе ата-аналардың орнын басатын жандардың қалауы бойынша оқыту формасының еркін таңдауының ұсынылуы. Балалар мен ата-аналар өздерінің қалауы бойынша мемлекеттік көрнекті мектептерге немесе діни, жеке меншіктік оқу орындарын тандай алады.
20.Сыбайлас жемқорлық тәуекелі дегеніміз не талдп беріңіз
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің нәтижелері сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған шараларды жетілдіру үшін негіз болып табылуы мүмкін.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау
1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау (ішкі және сыртқы) – сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және зерделеу.
2. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдауды Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша айқындайтын тәртіппен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган мынадай бағыттар:
1) мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің ұйымдық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша жүзеге асырады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізуге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзге де субъектілерінің мамандарын және (немесе) сарапшыларын тартуға құқылы.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау нәтижелері бойынша мемлекеттік органдар, ұйымдар және квазимемлекеттік сектор субъектілері сыбайлас жемқорлықтың туындау себептері мен жағдайларын жою жөнінде шаралар қабылдайды.
21) сыбайлас жемкорлықтың алдын алу дегеніміз не сипаттап берініз?
Сыбайлас жемқорлық мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін едәуір төмендететіні, қоғамда демократиялық қайта құруларды жүзеге асыруды тежейтіні, елдің халықаралық беделіне көлеңке түсіретіні белгілі. Ең бастысы - адамдардың қоғамның демократиялық негізіне деген сеніміне, заң мен әділдікке деген сеніміне, түптеп келгенде, билікке деген сеніміне кері әсер ететіні хақ.Сол үшінде оны болдырмау алдын алу қажет
Алдын алу дегеніміз арнайы стратегиялар құру,адамдардың бойындағы құқықтық сананы арттыру,заңдарды қаталдату арқылы жүзеге асады.
Кішкентайыннан баланның бойына бұның жат қылық екенін ұғындыра білу,яғни сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру,
адамның саналы және адамгершілікпен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру қабілетін қалыптастыра отырып сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға мүмкіндік аламыз.
22) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл жөніндегі уәкілетті орган талдап беріңіз?
Уәкілетті органдарға:
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты анықтау болдырмау алдын алу және өз құзыреті шеңберінде оларды жасаған адамдарды жауапка тарту прокуратура,ұлттық қауіпсіздік ішкіістер министірлігі,қаржы және әскери полиция ,антиқор органдары жатқызылады
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның өкілеттіктері
1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган өзіне жүктелген функцияларды орындау кезінде:
1) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, квазимемлекеттік сектор субъектілерінен және лауазымды адамдардан Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ақпарат пен материалдарды сұратады;
2) Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын бұзушылықтар анықталған жағдайда, оларды жою бойынша заңнамалық тәртіппен белгіленген шараларды қабылдайды;
3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингті жүргізу тәртібін айқындайды;
3-1) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар толтырады және істерді қарайды;
4) Қазақстан Республикасының заңдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өз өкілеттіктері шегінде:
1) сыбайлас жемқорлық қылмыстар бойынша жедел-іздестіру және тергеу қызметінің практикасына, сотқа дейінгі тергеп-тексеруге талдау жүргізуге;
2) іс жүргізудегі қылмыстық істер бойынша шақырту бойынша келуден жалтарған адамдарды күштеп әкелуге;
3) Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес, құжаттарды, тауарларды, заттарды немесе өзге де мүлікті алып қоюға немесе алуды жүргізуге;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен уақытша ұстау изоляторларын, тергеу изоляторларын пайдалануға;
5) мемлекеттік органдарға, ұйымдарға немесе оларда басқарушылық функцияларды орындайтын адамдарға қылмыстық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін мән-жайларды жою немесе басқа да заң бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қабылдау туралы ұсынуларды Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасында белгіленген тәртіппен енгізуге;
6)Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда уәкілетті органдардан, лауазымды адамдардан және квазимемлекеттік сектор субъектілерінен ревизиялар, салықтық және басқа да тексерулер, аудит және бағалау жүргізуді талап етуге;
7)сыбайлас жемқорлық қылмыстарға қарсы күрестің нысандары мен әдістерін жетілдіруге, жедел-іздестіру қызметінің стратегиясы мен тактикасын айқындауға, оның тиімділігін арттыру жөніндегі шараларды әзірлеуге және іске асыруға;
23)Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл субьектілеріне кімдер жатады сипаттап берініз?
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілеріне мыналар жатады:
1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган;
2) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзге де субъектілері: мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері, қоғамдық бірлестіктер, сондай-ақ өзге де жеке және заңды тұлғалар жатады
Квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит жүргізу және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит бойынша аудиторлық қорытынды ұсыну қағидаларын бекіту кіреді
Қоғамдық бірлестіктер- Саяси партиялар, кәсіптік одақтар және азаматтардың заңдарға қайшы келмейтін, өздерінін ортақ мақсаттарына жету үшін ерікті негізде құрған басқа да бірлестіктер жатқызылады.
Олар мынадай функцияларды жүзеге асырады.
1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы нормативтік құқықтық базаны жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеуді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өз құзыреті шегінде нормативтік-құқықтық актілер қабылдауды;
2) осы Заңға сәйкес, мемлекеттік органдар, ұйымдар және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтауды;
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына мемлекеттік органдар, ұйымдар және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметінде сыбайлас жемқорлықтың туындау себептері мен жағдайларын барынша азайту және жою жөнінде ұсынымдар енгізуді;
4) жыл сайын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндаманы Қазақстан Республикасының Президентіне ұсынуды;
4-1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты қалыптастыруды және үйлестіруді, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды барынша азайту мәселелерінде мемлекеттік органдардың, ұйымдардың қызметін үйлестіруді;
4-2) сыбайлас жемқорлық деңгейін бағалауды және мемлекеттік және жеке секторлардағы сыбайлас жемқорлық деңгейін айқындау үшін қажетті әлеуметтік зерттеулер жүргізуді;
5) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау нәтижелері бойынша шығарылған, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі ұсынымдарды мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің орындауын мониторингтеуді;
6) сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша тәркіленген және қылмыстық жолмен алынған қаражатқа сатып алынған мүліктің өткізілуіне мониторингті жүзеге асырып, оны мемлекет кірісіне айналдыру туралы ақпаратты әдетте кейіннен жариялауды;
7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың оң тәжірибесін зерделеуді және таратуды;
8) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру саласында білім беру бағдарламаларын жетілдіру жөнінде ұсыныстар тұжырымдауды;
9) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған, сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру мен тәрбиелеу, ақпараттық және түсіндіру қызметі, мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орындау бойынша білім беру бағдарламаларын іске асыруда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілеріне жәрдемдесуді және әдістемелік көмек көрсетуді;
10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган қызметінің негізгі бағыттары бойынша басқа да мемлекеттік органдармен, жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасауды;
11) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша халықаралық шарттардың жобаларын дайындауға қатысуды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша шет мемлекеттердің тиісті органдарымен өзара іс-қимыл жасауды, өз өкілеттіктері шегінде халықаралық ұйымдардың қызметіне қатысуды;
12) Қазақстан Республикасының заңдарымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
24) Құқықтық сананның құрылымдық элементтерін атаңыз баяндап беріңіз талдап беріңіз
Құқықтық сана – қоғамдық сананың бiр түрi. Саяси жане моральдық санамен тығыз байланысты. Мазмұны жағынан тиiстi мемлекетте қолданылып отырған құқық нормалары, заңдық пен құқықтық тәртiбi қылмыс және оны жазалау. қоғам мүшелерiнiң құқықтары мен көзқарастары жатады.
Құқықтық сана мына негіздер бойынша түрлерге бөлінеді:
1) мазмұны бойынша:
- қарапайым құқықтық сана – бұл тұлғалардың құқыққа қатысты жалпы көзқарастары, өмірлік тәжірибесінің әсерімен туындайтын көңіл-күйлері;
- кәсіби құқықтық сана – бұл заңгерлердің заңды тәжірибесінің негізінде қалыптасатын сезімдері, сенімдері, көзқарастары, дәстүрлері;
- ғылыми құқықтық сана – бұл құқықты теориялық игеруді көрсететін идеялар, түсініктер, концепциялар ;
2) субъектілері бойынша:
- жеке құқықтық сана;
- топтық құқықтық сана;
- қоғамдық құқықтық сана.
Құқықтық сананы иеленушіге байланысты құқықтық сананың жеке, топтық (ұжымдық) және қоғамдық құқықтық сана түрлері туралы айтуға болады.
Құқықтық сананның құрылымдық элементтері:
құқықтық идеология-бұл құқықтық шындық туралы идеялар, көзқарастар, ұғымдар, нанымдар, теориялар, ұғымдар. Идеологиялық элементтер - нақты құқықтық құбылыстар туралы жүйелі білім, оларды жеткілікті жоғары, ғылыми деңгейде түсіну болып табылады. Құқықтық идеология өздігінен пайда болмайды, оны мамандар дамытады және құқықтық тәрбие процесінде, заңгерлік білім алған кезде, заң әдебиетімен, нормативтік актілермен танысқанда игереміз
құқықтық психология- Құқықтық психология - бұл құқықтық заң, жоба, кодекстердің адамдардың бағалауы, сезімдері, эмоциялары, көңіл-күйлерінің жиынтығы. Құқықтық сананың психологиялық элементтері - бұл құқықтық құбылыстар туралы білімге деген көзқарас, оларды эмоционалды тұрғыдан қабылдау. Құқықтық шындық эмоциялар, тәжірибелер деңгейінде де белгіленеді.
25)Құқықтық идеология дегеніміз не?
Құқықтық идеология – бұл адамдардың құқыққа қатынасын білдіретін құқықтық көзқарастардың, түсініктердің, қағидалардың, сенімдердің, талаптардың жүйеленген ғылыми көрінісі. Бұл субъектілердің құқықтық құбылыстарды тереңірек түсінуі; ол құқықтық бағалаудың ерекше деңгейін білдіреді. Құқықтық идеология – құқықтық сананың құрылымындағы басты элемент.
Құқықтық сана мына негіздер бойынша түрлерге бөлінеді:
1) мазмұны бойынша:
- қарапайым құқықтық сана – бұл тұлғалардың құқыққа қатысты жалпы көзқарастары, өмірлік тәжірибесінің әсерімен туындайтын көңіл-күйлері;
- кәсіби құқықтық сана – бұл заңгерлердің заңды тәжірибесінің негізінде қалыптасатын сезімдері, сенімдері, көзқарастары, дәстүрлері;
- ғылыми құқықтық сана – бұл құқықты теориялық игеруді көрсететін идеялар, түсініктер, концепциялар ;
2) субъектілері бойынша:
- жеке құқықтық сана;
- топтық құқықтық сана;
- қоғамдық құқықтық сана.
Құқықтық сананы иеленушіге байланысты құқықтық сананың жеке, топтық (ұжымдық) және қоғамдық құқықтық сана түрлері туралы айтуға болады.
26Құқықтық психология дегеніміз не?
Құқықтық психология болып жатқан оқиғалар мен құбылыстардан қызбалықпен, тіпті есі кете терең әсер алуға қабілетті адамға тән психикамен байланысты. Ол құқықтық санада көбінесе стихиялы түрде, құқыққа және құқықтық шындыққа көзқарас бейнелетін сезім, көңіл-күйі, сүйкімділік пен сүйкімсіздік, реніш түрінде қалыптасады. Мәселен, бұл жасалған қылмыс жөнінде ашынушылық және оның құрбанына жаны ашушылық, әділ сот үкіміне қанағаттану сезімі; қылмыстық жазадан қорқу немесе Конституцияны құрметтеу болуы мүмкін. Құқықтық сезімдер, көңіл-күй көп жағдайда әлеуметтік ортаның, жеке адамның тікелей араласатын ортасының ықпалының әсерімен қалыптасатынын ескеру керек. Көптеген социологиялық зерттеулерде адамның белгілі бір ортада болғанда, өзі басқа адамдармен байланыс жасамаған кездегіге қарағанда, көбінесе мүлде өзгеше сезініп, ойлап, әрекет жасайтыны атап өтілген. Жеке адамның құқықтық сансының деңгейімен ерекшеліктерін анықтау ұшін оның отбасыыны, ұжымының, бейресми араласатын топтарының және тиісті әлеуметтік жіктерінің әлеуметтік-құнды бағдарын білу қажет болатыны сондықтан.Құқықтық сананың құбылмалы элементі көңіл-күйі болып табылады, өйткені ол өзгеріп отырады, құқықтық идеяларды таратудың көмегімен иландыру мен көтермелеуге сәйкес келетін саналы әсерге бейім болуы мүмкін.
27Сыбайлас жемқорлық стандарттары
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт белгіленген қағидаларды мүлтіксіз сақтауға жәнесыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алуға бағытталған қоғамдық қатынастардың ерекшеленген саласында жұмыс істейтін адамдардың әрекеттері мен шешімдерін анықтайды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты әзірлеу міндеттері:
1) қоғамдың қатынастардың ерекшеленген саласында жұмыс істейтін адамдардың нақты сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқын қалыптастыру;
2) сыбайлас жемқорлық көріністерінуақытылы анықтау және олардың жағымсыз салдарының алдын алу болып табылады.
5. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың қағидаттары: 1) заңдылық;
2) ашықтық;
3) әдептілік;
4) жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау және оларды сыбайлас жемқорлық көріністерінен қорғау;
5) мүдделер қақтығысын болдырмау болып табылады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты әзірлеуші Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі мен халықаралық ынтымақтастықдепартаменті болып табылады.
3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған қоғамдық қатынастардың ерекшеленген саласына арналған ұсынымдар жүйесін орнатуға бағытталған.
28сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган мынадай функцияларды:
1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы нормативтік құқықтық базаны жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеуді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өз құзыреті шегінде нормативтік-құқықтық актілер қабылдауды;
2) осы Заңға сәйкес, мемлекеттік органдар, ұйымдар және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтауды;
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына мемлекеттік органдар, ұйымдар және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметінде сыбайлас жемқорлықтың туындау себептері мен жағдайларын барынша азайту және жою жөнінде ұсынымдар енгізуді;
4) жыл сайын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндаманы Қазақстан Республикасының Президентіне ұсынуды;
4-1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты қалыптастыруды және үйлестіруді, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды барынша азайту мәселелерінде мемлекеттік органдардың, ұйымдардың қызметін үйлестіруді;
4-2) сыбайлас жемқорлық деңгейін бағалауды және мемлекеттік және жеке секторлардағы сыбайлас жемқорлық деңгейін айқындау үшін қажетті әлеуметтік зерттеулер жүргізуді; 5) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау нәтижелері бойынша шығарылған, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі ұсынымдарды мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің орындауын мониторингтеуді;
6) сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша тәркіленген және қылмыстық жолмен алынған қаражатқа сатып алынған мүліктің өткізілуіне мониторингті жүзеге асырып, оны мемлекет кірісіне айналдыру туралы ақпаратты әдетте кейіннен жариялауды;
7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың оң тәжірибесін зерделеуді және таратуды;
8) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру саласында білім беру бағдарламаларын жетілдіру жөнінде ұсыныстар тұжырымдауды;
9) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған, сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру мен тәрбиелеу, ақпараттық және түсіндіру қызметі, мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орындау бойынша білім беру бағдарламаларын іске асыруда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілеріне жәрдемдесуді және әдістемелік көмек көрсетуді;
10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган қызметінің негізгі бағыттары бойынша басқа да мемлекеттік органдармен, жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасауды;
11) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша халықаралық шарттардың жобаларын дайындауға қатысуды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша шет мемлекеттердің тиісті органдарымен өзара іс-қимыл жасауды, өз өкілеттіктері шегінде халықаралық ұйымдардың қызметіне қатысуды;
12) Қазақстан Республикасының заңдарымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
29 Сыбайлас жемқорлық шектеулері
1. Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, оларға теңестірілген адамдардың (Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің немесе мәслихаттарының депутаттығына, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдігіне, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару сайланбалы органдарының мүшелігіне кандидаттарды қоспағанда), лауазымды адамдардың, сондай-ақ көрсетілген функцияларды орындауға уәкілеттік берілген кандидаттар болып табылатын адамдардың өз өкілеттіктерін жеке, топтық және өзге де қызметтік емес мүдделерде пайдалануына әкеп соғуы мүмкін әрекеттерді жасауына жол бермеу мақсатында, аталған адамдар осы Заңның 13, 14, 14-1 және 15-баптарында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, өздеріне:
1) мемлекеттік функцияларды орындаумен сыйыспайтын қызметті жүзеге асыру;
2) жақын туыстарының, жұбайлары (зайыптары) мен жекжаттарының бірге қызмет (жұмыс) істеуіне жол бермеу;
3) мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында, ресми таратылуға жатпайтын қызметтік және өзге де ақпаратты пайдалану;
4) материалдық сыйақыны, сыйлықтарды немесе көрсетілетін қызметтерді ұсынған адамдардың пайдасына әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін, егер мұндай әрекеттер осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген адамдардың қызметтік өкілеттіктеріне кірсе немесе осы адамдар лауазымдық жағдайына байланысты мұндай әрекеттерге (әрекетсіздікке) ықпал етуі мүмкін болса, оларды қабылдау;
5) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде орналасқан шетелдік банктерде шоттарды (салымдарды) ашу және иелену, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде орналасқан шетелдік банктерде қолма-қол ақша мен құндылықтарды сақтау бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдайды.
30Сыб.жемқорлық құқық бұзушылықты хабарлау
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдарға біржолғы ақшалай сыйақы түрінде жүзеге асырылатын көтермелеу белгіленеді.
Параның немесе келтірілген залалдың сомасы не ұсынылған жеңілдіктердің немесе көрсетілген қызметтердің құны бір мың айлық есептік көрсеткіштен (бұдан әрі – АЕК) аспайтын немесе залалы жоқ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар бойынша біржолғы ақшалай сыйақы мынадай мөлшерде белгіленеді:
1) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы әкімшілік істер бойынша – 30 АЕК;
2) онша ауыр емес сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 40 АЕК;
3) ауырлығы орташа сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 50 АЕК;
4) ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 70 АЕК;
5) аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 100 АЕК.
Пара немесе келтірілген залал сомасы немесе ұсынылған жеңілдіктер немесе көрсетілген қызметтер құны бір мың АЕК асатын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар бойынша біржолғы ақшалай сыйақы пара немесе келтірілген залал немесе ұсынылған жеңілдіктер немесе көрсетілген қызметтер сомасының он пайызын құрайды, бірақ төрт мың АЕК-тен аспайды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда жәрдемдесу:
1) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасау фактісі туралы хабарлауды;
2) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған іздеудегі адамның тұрған жері туралы ақпарат беруді;
3) кейіннен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу үшін маңызы болған өзге де жолмен жәрдемдесуін қамтиды.
5. Көтермелеу адам берген ақпарат шындыққа сәйкес болса не егер адамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдесу сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты анықтауға, жолын кесуге, ашуға және тергеуге ықпал еткен болса және айыпты адамға қатысты:
1) әкімшілік жаза қолдану туралы сот қаулысы заңды күшіне енген;
2) айыптау үкімі заңды күшіне енген;
Егер сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдесетін адамның ақпараты негізінде:
1) ауырлығы әртүрлі дәрежедегі бірнеше қылмыс анықталса, біржолғы ақшалай сыйақыны төлеу олардың анағұрлым ауыры үшін осы Қағидалардың 2-тармағындабелгіленген мөлшерде жүзеге асырылады;
2) ауырлығы бірдей дәрежедегі бірнеше қылмыс анықталса, біржолғы ақшалай сыйақыны төлеу бір рет жүзеге асырылады.
7. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 22-бабының 2-тармағында көрсетілген органдар (бұдан әрі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын органдар) көтермелеуге құқығы бар, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзге де жолмен жәрдемдескен адамдарға көтермелеуге өтініш беру тәртібі туралы түсіндіреді.
8. Уәкілетті органға не сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын органдарға сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзге де жолмен жәрдемдескен адам көтермелеу құқығы туындағаннан кейін, жәрдем көрсетілген органға көтермелеу туралы өтінішпен жүгінеді және осы Қағидалардың 9-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген құжаттарды қоса береді.
Комиссия сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзге де жолмен жәрдемдесетін адамды көтермелеу туралы шешім қабылдағаннан кейін бір жұмыс күні ішінде уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің басшысы көтермелеу туралы бұйрық шығарады, ол біржолғы ақшалай сыйақыны төлеу үшін негіз болып табылады.
14. Біржолғы ақшалай сыйақыны төлеу уәкілетті органның міндеттемелері мен төлемдері бойынша жеке қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізілгеннен кейін он жұмыс күні ішінде адамның жеке не өзге шотына аудару жолымен жүргізіледі.
15. Біржолғы ақшалай сыйақыны төлеуден бас тартқан жағдайда сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдескен адам жәрдем көрсетілген органға тиісті өтініш береді.
Егер сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын орган көтермелеуге арналған материалдарды уәкілетті органға берген жағдайда осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген өтініш уәкілетті органға беріледі.
Бұл ретте уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің құрылымдық бөлімшелері тиісінше уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесі басшысына адамды грамотамен марапаттау не оған алғыс жариялау туралы өтініш жасауы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |