№1 дәріс: Әдебиет пен эстетика. Сөз өнері жайлы ұғым. Қарастырылатын сұрақтар


Мінез жоқ жерде, ақиқат ашылмайды. Суреткер үшін де ең қиыны –



Pdf көрінісі
бет13/24
Дата23.12.2023
өлшемі261,19 Kb.
#143066
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   24
 
Мінез жоқ жерде, ақиқат ашылмайды.
Суреткер үшін де ең қиыны

адамның жаны мен жүрегіндегі көзге
көрінбес иірімдерді тап басып тану. Ғ.Мұстафин «Дауылдан кейін»
шығармасын жазуда кейіпкерлерінің бір-біріне ұқсамауына күш
салған. «Сөзі, мінезі, пішіні, ой әрекеті тек өзіне тән, дара-дара
адамдар көбейе берсе, кітап күшейе береді. Ал, адамдары
көбейгенмен, біріне-бірі ұқсай берсе, кітап күшейе береді. Ал
адамдары көбейгенмен, біріне –бірі ұқсай берсе, әлсірей бермек».
Сонымен мінез – көркем шығарманың өзегі. 
Мінез адамның ішкі бітімі болса, тип – сом тұлғасы. Мінездеу
тура және жанама мінездеу деп бөлінеді. Ә.Нүрпейісовтен Сүйеу
қартты алсақ, «Сүйеу – ел ішіне сыйымсыз, тікбақай, тентек шал. Өз
үйінде де жыландай ысқырып отыратын болғасын қатын-балалары
оның қай жағынан шығып қаларын білмей, қыпылдасып болатын»
деп, тура мінезделіп тұр. Жанама мінездеуге Е.Домбаевтың «
Болмаған оқиға» шығармасындағы Әбеннің дүниеде жек көретін екі
ФКазНПУ 0703-03-18(1) Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Екінші басылым


нәрсесі бар екенін – шыбын мен музыка – екенін айтуды
жатқызамыз. Ғ.Мүсіреповтың «Этнографиялық әңгіме» туындысы да
осының тамаша мысалы бола алады.
Тип – күрделі дүние. Әдеби тип әрі әбден жинақталған,
сондықтан өзі сияқтылардың бәріне ұқсайтын жалпы тұлға, әрі
әбден дараланған, өзінен басқа ешкімге ұқсамайтын жалпы тұлға.
Тип мазмұны осы жалпы мен жалқының бірлігінен құралады. Әрбір
кейпкер бірнеше адамның жиынтығы, әрі қайталанбас дара тұлға.
Прототип
- әдеби шығармадағы кейіпкердің бейнесін жасауға
негіз болатын, өмірдегі бар, түпкі, негізгі тұлға. Абай, Құнанбай,
Зере, Оразбайлардың бәрінің де прототипі бар. «Менің атым - Қожа»
повесіндегі Қожаның біраз мінез-құлығы автордың өзі қайталайды,
бірақ дәл өзі емес. Көркем шығармадағы жинақтау типке, даралау
мінездеуге әкеледі. 
Тип-
реалистік бейне. Тип - әбден жинақталған, өзі
сияқтылардың бәріне ұқсайтын жалпы бейне, әрі әбден дараланған,
өзінен басқа ешкімге ұқсамайтын жалпы бейне.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет