Санды талдау үлгісі:
}Кез-келген үш таңбалы санға сипаттама бередi. Мысалы: 321 саны.
◦Бұл-үш таңбалы сан, 3,2,1 цифрларының көмегiмен жазылады.
◦320 мен 322 сандарының ортасында келедi немесе көршiлерi 320 және 322 сандары, 320 –дан кейiн, 322-ге дейiн келедi.
◦321 – 3 жүздiк, 2 ондық, 1 бiрлiктен құралған.
◦321=300+20+1 (разрядтық қосылғыштарға жiктеу)
Үлес бүтінді бірнеше тең бөліктерге бөліп, бір бөлігін алу.
Бөлшек – бүтіннің бір немесе бірнеше тең бөлігі.
}Алымы бөлімінен артық не оған тең болатын бөлшек бұрыс бөлшек деп, ал алымы бөлімінен кем болатын бөлшек дұрыс бөлшек деп аталады.
}Егер бір бөлшектің алымын да, бөлімін де бір натурал санға көбейтсе немесе бөлсе, онда оған тең бөлшек шығады.
}Бөлімдері бірдей екі бөлшектің қайсысының алымы артық болса, сол бөлшек артық, ал қайсысының алымы кем болса, сол бөлшек кем болады. 11/12 > 7/12, 9/12>(7 )/12, 5/12<(11 )/12
}Алымдары бірдей екі бөлшектің қайсысының бөлімі кем болса, сол бөлшек артық, және керісінше қайсысының бөлімі артық болса, сол бөлшек кем болады: 2/12<(2 )/4, 2/12< 2/3 , 2/4>(2 )/6, 2/3>(2 )/6
}Аралас санды бұрыс бөлшекке айналдыру:
11/6 = (1 ∙ 6 +1)/6 = 7/6 ; 2 3/5=( 2 ∙ 5 +3)/5=( 13)/5.
}Кез келген шама немесе санның жүзден бір үлесін процент (пайыз) деп атайды. Математикада «пайыз» арнайы таңбамен белгіленеді: %.
}1/100= 1%. Шаманың бір процентін (пайызын) табу үшін оны 100-ге бөлу қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |