1 дәріс. Механикалық қозғалыстардың теориялық негіздері


 Физикалық (халықаралық) бірліктер жүйесі



Pdf көрінісі
бет5/132
Дата28.11.2023
өлшемі3,36 Mb.
#130617
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   132
1.2. Физикалық (халықаралық) бірліктер жүйесі 
а)Физикалық шамалар, оларды анықтау және өлшеу. 
Физикалық шамалар 
денелердің қасиеттерін немесе процесс сипаттамаларын анықтайды. Физикалық шаманы 
анықтау – осы физикалық шаманы нақтылайтын өзгешелікті және оған қоса, оны 
құбылыстардың жалпы физикалық байланысының элементі ететін қасиеттерді көрсету. 
Физикалық шамаларды анықтайтын екі әдіс бар. Мысалы, жылдамдық анықтамасы 
белгілі деп санап, үдеуді жылдамдықтың өзгеру жылдамдығы сияқты анықтауға болады. 
Мұндай анықтамалар математикалық формулалар көмегімен беріледі. Әрине, бұл әдіспен 
барлық физикалық шамаларды анықтауға болмайды. Шынында, бір шамадан екінші шамаға 
ауыса отырып, ақырында қайсыбір физикалық шаманы басқа бір әдіспен анықтауға мәжбүр 
боламыз. Егер үдеу жылдамдық пен уақыт арқылы анықталса, ары қарай жылдамдық пен 
уақыт аралығын анықтау қажет болады. Жылдамдық өз ретінде жол кесіндісі мен уақыт 
арқылы беріледі. Енді оларды басқа әдіспен анықтау керек. Бұл әдісті операциялық деп 
атайды. Физикада тек ерекше өзіне тән түсініктер ғана емес, сонымен қатар жалпы 
түсініктер де қолданылады. Түсініктердің бұл тобын шартты түрде жалпы философиялық 
деп атауға болады. Осы топқа, мысалы, материя, қозғалыс, кеңістік, уақыт, т.с.с. түсініктер 
жатады. Бірақ жалпы философиялық анықтамалар өздігінен әлі де болса жеткіліксіз. 
Оларды физиканың қажетіне жарату қажет. 
Енді физикалық шаманы өлшеу мәселесіне көшейік. Физикалық шаманы өлшеу – 
оны бірлік ретінде қабылданған өзі тектес басқа бір шамамен салыстыру. 1-ге тең сандық 
мән берілген физикалық шамаларды бірлік физикалық шамалар деп атайды. Физиканың 
іргетасын қалайтын кейбір заңдар құрамында пропорционалдық коэффициенттер болмас 
үшін әр тарихи уақыт кезеңдерінде физикада әр түрлі бірліктер жүйелері қабылданды. 
Мысалы, қазіргі уақытта назар Халықаралық бірліктер жүйесіне (ХБЖ) түсіп отыр. Бірақ, 
ешқандай санақ жүйесі барлық физика заңдарының формулаларын пропорционалдық 
коэффициенттерден босата алмайды. Мысалы, ХБЖ – де жазылған механика
электрдинамика формулаларының құрамында пропорционалдық коэффициенттер 
болмағанмен, олар электрстатика формулаларында қалып қояды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет