1 дәріс. Негізгі түсініктемелер және анықтамалар. Тізбектердің негізгі заңдары. Электр тізбектерін баламалы түрлендіру



бет4/34
Дата06.04.2023
өлшемі1,57 Mb.
#79800
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34
1.4 Тізбектерді баламалы түрлендіру
Кирхгоф және Ом заңдарымен қолданып күрделі тізбектерді қарапайым тізбекке, немесе тізбектің бірнеше бөлігін бір бөлікке алмастыруға болады. Ол түрлендірулер баламалы болуы қажет. Алмастыру нәтижесінде тізбектің түрлендірмеген бөлігіндегі токтардың және кернеулердің шамасы өзгермесе түрлендіру баламалы болып саналады. Бірнеше тізбектей жалғанған резистивтік элементтерді баламалы бір резістівті элементке ауыстыруға болады. Оның баламалы кедергісі Rб, Кирхгофтың екінші заңына сәйкесті жеке элементтердің кедергілерінің қосындысына тең болып анықталады. Түрлендіру 1.11-суретте көрсетілген.
.

1.11 сурет
Бірнеше параллель жалғанған резистивті элементтерді баламалы бір өткізгіштігі gб=1/Rбрезістівті элементке ауыстыруға болады. Баламалы өткізгіштік Кирхгофтың бірінші заңына сәйкесті жеке элементтердің өткізгіштіктерінің қосындысына тең болып табылады (1.12-суретті қара)
немесе . (1.18)

1.12 сурет
Екі параллель жалғанған резисторлық элементтердің жалпы кедергісі
. (1.19)
Кейбір кезде элементтердің жалғануы не тізбектей, не параллель жалғануға жатпайды, мысалға 1.13 суретте көрсетілген көпір схемасында кедергілері R12R23 және R31 элементтер бір –бірімен үшбұрыш схемасы бойынша жалғанған. Үшбұрыштың ұштары 1, 2, 3 түйіндеріне сәйкес келеді. Осындай тұтынушының баламалы кедергісін есептеу үшін үшбұрыштап жалғанған элементтерді баламалы, үш сәулелі жұлдыз тәрізді жалғауға келтіруге болады. 1.13-суретінде жұлдыз тәрізді жалғанған элементтердің кедергілері R1 R R3 деп алынған. Алмастыру нәтижесінде тізбектің баламалы кедергісі жеңіл анықталады. Кейбір кезде жұлдыз тәрізді жалғауды үшбұрыш схемасы бойынша жалғауға тұра келеді. Бұл түрлендірулер баламалы болып саналуы үшін алмастыру нәтіжесінде 1, 2, 3 нүктелерін потенциалдары өзгермеуі қажет, сонда тізбектің қалған тармақтарында токтар өзгермейді.
Үшбұрышша жалғауды баламалы жұлдызшаға келтіру.
Үшбұрыштап жалғанған (1.13-суретті қара) элементтердің кедергілері арқылы жұлдызша кедергілері мынау өрнектерге сәйкесті табылады:
; ; . (1.20)

1.13 сурет
Түрлендірілген орынбасарлық схемада генератордың ішкі кедергісі Ri және жұлдызшаның R1 кедергісі қосылады. Тізбектің баламалы кедергісі төмендегідей анықталады
. (1.21)
Жұлдызша жалғауды баламалы үшбұрышшаға келтіру өрнектері
; ; . (1.22)
2 дәріс. Бір қорек көзді электр тізбектерін талдау. Сызықты тізбектерінің негізгі қасиеттері
Дәрістің мақсаты: бір қорек көзді электр тізбектерінің талдауларын үйрену, тармақталған тізбектерді бір тармаққа келтіру, пропорционалды шамалар тәсілдерін қолдануын білу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет