1 дәріс. Негізгі түсініктемелер және анықтамалар. Тізбектердің негізгі заңдары. Электр тізбектерін баламалы түрлендіру


Түйiндiк потенциалдар әдісі (ТПӘ)



бет7/34
Дата06.04.2023
өлшемі1,57 Mb.
#79800
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   34
3.3 Түйiндiк потенциалдар әдісі (ТПӘ)
Түйiндiк потенциалдар әдісін пайдаланғанда тізбектің кез келген бір түйінін жермен жалғастырады (потенциалын нөлге теңестіреді), теңдеулер жүйесін потенциалдар үшін құрастырады. Потенциалдарды есептеп болғаннан кейін Ом заңына сәйкес тармактардың тоғы анықталады. Тізбектің түйіндері екіге тең болса бұл әдісті екі түйін әдісі деп атайды.
Мысалға 3.1 орынбасарлық сұлбаның токтарын табу үшін теңдеулер жүйесін құрастырайық. Түйiндiк потенциалдар әдісі Кирхгофтың бірінші заңы мен Ом заңына негізделген. Тізбектің «d» түйіні жермен жалғастырылған, демек бұл түйіннің потенциалы нөлге тең φd = 0. Теңдеулер жүйесі:
(3.5)
Теңдеулерді құрастыру ережелері:
а) егер ЭҚК және ТК-зінің тоғы түйінге бағытталса  және J таңбасы оң болып алынады, ал түйіннен бағытталса таңбалары теріс алынады;
б) егер екі түйін арасында тек қана ЭҚК көзі орналасса , бұл екі түйін нен біреуінің потенциалы нөлге теңеседі.
Жүйенің шешімінен потенциалдардың мәніне қарай Ом заңын қолданып токтар табылады
;
. (3.6) 
Тізбек екі түйін арасына жалғанған бірнеше тармақтардан тұрса, түйiндiк потенциалдар әдісі екі түйін әдісі теп аталады. Екі түйін арасындағы кернеу мынау өрнектен табылады
(3.7)
Мұнда m – ЭҚК көзді тармақтар саны, Ei ЕҚК- тері; n – ток көзді тармақтар саны , Ji;- токтары, q – тармақтар саны
3.4 Баламалы генератор әдісі
Баламалы генератор әдісі бір тармақтың тоғын есептегенде ыңғайлы деп табылады. Бұл әдіс жоғарыда қарастырған Тевеннен теоремасына негізделген. Күрделі тізбек қарапайым элементтері тізбектей жалғанған схемаға ауыстырылады. Қарапайым схема реалды активті қосполюсті және қарастырып отырған тармақтан құрастырылады. Активті қосполюсті екі элементтен тұрады- баламалы генератордан және оның ішкі кедергісі Rіш резисторлық элементтен. Бұл элементтердің параметрлерін табу үшін қарастырып отырған тармақ ажыратылады, осы қысқыштардың арасындағы кернеу бос жүріс кернеу деп аталады, баламалы генератордың ЭҚК-ші бос жүріс кернеуге тең болып табылады. Баламалы генератордың ішкі кедергісі осы ажыратылған қысқыштардың арасындағы пассивті тізбектің жалпы кедергісіне теңестіріледі

3.3 сурет
3.1суретіндегі I4 тогын баламалы генератор әдісін қолданып табамыз. Uбж кернеуді 3.4 суретінен анықтаймыз


3.4 сурет
I22 тогын контурлық токтар әдісі арқылы есептейміз , кірмелі кедергі Rкір
, мұнда  ; (3.8)
Төртінші тармақтың тогы . (3.9)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет