cin >> i; жолы пернелерден енгізілген бүтін санды i айнымалысына меншіктейді.
cout << "Сіз " << i << "санын енгіздіңіз, рахмет!";жолы қос тырнақшадағы тіркестерді өзгеріссіз, ал i айнымалысы орнына оның енгізілген сандық мəнін экранға шығарып береді.
Си тілінде кезкелген есептің бағдарламасын құрғанда printf (жазу), scanf (оқу) операторларын түсіндіретін #include кітапханасынан бастап жазылады. Сонымен қатар, conio.h, math.h, string.h кітапханалары да бар. Бұлардың бірі операторларды, бірі математикалық функциялары және бірі жолдық операторларды бағдарламаға түсіндіреді. Барлық кілттік сөздер кіші әріптермен жазылады.
1-мысал.Екі санның қосындысын табу
/* Prog 1.cpp қосындыны есептеу */ #include #include main() { float y,a,b; printf("a=?"); scanf("%f",&a); printf("b=?"); scanf("%f",&b); y=a+b; printf("jauab y=%f\n",y); getch(); return 0; } Бақылау сұрақтары: 1. СИ++ тіліндегі мəліметтерді енгізу функциясы.
2. СИ++ тіліндегі мəліметтерді шығару функциясы
3. Мәліметтердің форматы және жазылу ерекшеліктері.
4. Тұрақтылар түрлері жəне олардың мүмкін мəндері.
5. Айнымалылар ұғымы жəне олардың қасиеттері.
6. Идентификатор жəне түйінді сөздер ұғымдары.
3-дәріс. Амалдардың жазылу әдістері 3.1. Арифметикалық амалдар. 3.2. Меншітеу операторы. 3.3. Арттыру және кеміту амалдары. 3.4. Қатнас амалдары.
Арифметикалық операциялар символдар арқылы жазылады. Си тілінде мынадай операциялар бар: * – көбейту, / – бөлу, % – модуль бойынша бөлу (қалдықты анықтау), + – қосу, – – азайту.
Модуль бойынша бөлу бүтін санды бүтін санға бөлген кездегі қалдықты анықтайды. Мысалы: 20 % 3 = 2.