k=10; x=k++; /* x=10 k=11 */ x=++k; /* x=12 k=12 */ Арттыру/кеміту операцияларын өрнек ішінде де орындау мүмкіндігі бар. Мысалы:
sum=a+b++; /*алдымен a,b қосылады, сонан соң b 1-ге артады */
sum=a+ ++b; /*алдымен b 1-ге артады, сосын барып a,b қосылады */
Арттыру/кеміту операцияларының приоритеттері өте жоғары, тек жақша ішіндегі операциялардың приоритеті олардан жоғары болады.
Құрама оператор бірнеше операторды жүйелік жақшаға алып біріктіру үшін қолданылады. Ол шартты және циклдік операторларда жиі қолданылады.
Қатынас операциялары. Қатынас операциялары екі мәнді салыстыру үшін қолданылады. Си тілінде қатынас операциясының тізбегі мынадай: ==, !=, <, <=, >, >= .
Егер қарастырылатын қатынас нәтижесі ақиқат болса, шарттық өрнектің мәні 1-ге тең болып саналады. Егер ол жалған болса, шарттық өрнек мәні 0-ге тең болады. Қатынас операциясының приоритеті арифметикалық операцияларға қарағанда, төмен және меншіктеу операторымен салыстырғанда жоғары болады. Ал қатынас операцияларын приоритеттеріне сәйкес етіп екі топқа бөлуге болады. Мұнда соңғы 4 операцияның приоритеті 1-ші және 2-ші операциялар приоритетімен салыстырғанда жоғары болады.
Логикалық оператор. Екі немесе бірнеше шарттық өрнектерді біріктіру үшін логикалық оператор қолданылады. Си тілінде келесі логикалық операторлар бар:
және (&&) операциясы; f1 && f2
немесе (or) операциясы; f1 f2
терістеу ! (not) операциясы. !f1
Терістеу (емес, қарсылық) операциясының приоритеті өте жоғары, одан тек жақша ішіндегі мәндердің проритеті жоғарылау болады. && операциясының приоритеті | | (or) операциясымен салыстырғанда жоғары, ал осы екеуінің приоритеттері қатынас операцияларымен салыстырғанда төмен, меншіктеу операциясынан жоғары бол