№1 дəрісбаян тақырыбы: Психология пəні, оның міндеттері мен əдістері



Pdf көрінісі
бет52/120
Дата01.02.2023
өлшемі10,08 Mb.
#64288
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   120
Байланысты:
Снимок экрана 2022—11—28 в 17.15.15

Эпикритика
лық
сезгiштiк
КӨРУ
Протопа
тикалық
сезгiштiк
ЕСТУ
СИПАП СЕЗУ
ИIС СЕЗУ
ДƏМ СЕЗУ
§ 5. Түйсiктердiң түрлерi
Түйсiк белгiлi-бiр физикалық тiтiркендiргiштiң сəйкес рецепторға əсерi болып
табылғандықтан, олай болса, түйсiктердiң жiктеуi де осы рецепторларға негiзделетiнi
анық. Осының нəтижесiнде, берiлген қасиеттi (модалдықты) түйсiну пайда болады.
Түйсiктердiң негiзгi түрлерiне жататындар: терi түйсiктерi – жанасу, қысым, сипап
сезу, температуралық түйсiктер, ауырсыну түйсiктерi, дəм сезу түйсiктерi, көру түйсiгi,
есту түйсiгi, күй-қалып пен қозғалыс түйсiктерi (статикалық жəне кинестетикалық),
сондай-ақ, органикалық түйсiктер (аштық, шөлдеу, жыныстық түйсiктер, iшкi мүшелердi
түйсiну жəне т.б.).
Əлi күнге дейiн көп зерттеле қоймаған түйсiктердiң iшiнде интермодалдық сезгiштiк –
вибрациялық түйсiктердi атап көрсетуге болады. Олар тактилдi-моторлық аумақты есту
аумағымен байланыстырады жəне генетикалық тұрғыдан сипап сезу түйсiктерiнiң есту
түйсiгiне өту формасы болып табылады.
Вибрациялық сезгiштiк – бұл дененiң қозғалысынан туатын ауа тербелiсiне
сезiмталдық. Бұл сезгiштiк түрi адамның, əсiресе, көру мен естуiнiң бұзылысы кезiнде
ерекше практикалық мəнге ие болады.
1. 
Органикалық түйсiктер. Органикалық түйсiктер, бiрiншiден, организмнiң
органикалық қажеттiлiктерiмен байланысты туады, екiншiден, iшкi мүшелердiң
қызметiнiң бұзылу кезiнде пайда болады. Органикалық түйсiктерге аштықты, шөлдi
түйсiну, жүрек-қан тамырлық, тыныс алу жəне жыныстық жүйеден келетiн түйсiктер,
сонымен қатар, жалпы көңiл-күйдiң жақсы немесе жаман сезiмдiк негiзiн құрайтын айқын
емес, ажыратылмайтын түйсiктер жатады. Түрлi iшкi мүшелерде кездесетiн рецепторлар
×. Шерингтонның жiктемесi бойынша интероцепторлар категориясына жатады.
Интероцепторлар 
механикалық, 
химиялық, 
физикалық-химиялық 
сипаттағы
тiтiркендiргiштердi қабылдайды.
Барлық органикалық түйсiктердiң бiрқатар ортақ қасиеттерi болады. Мысалы:
1. 
Олар көп жағдайда органикалық қажеттiлiктермен байланысты. Бұл қажеттiлiктер
осы органикалық түйсiктер арқылы санада бейнеленедi. Органикалық түйсiктердiң
барлығы белгiлi-бiр қысылумен байланысты. Мұның өзiнде оларда қажеттiлiктердi
қанағаттандырумен байланысты болатын түйсiктер тəрiздi динамикалық, елiгу, ұмтылыс
жəне кернеудi босату сияқты сəттерi болады.
2. 
Органикалық түйсiктерде сенсорлық, перцептивтi сезгiштiк əлi аффективтi
сезгiштiкпен ұласады. Сондықтан ңаштықты түйсiнудiң ңаштық сезiмiң, ңшөлдi
түйсiнудiң ңшөлдi сезiнуң деп бекерден айтпайды. Барлық органикалық түйсiктер күштi
аффективтi сипат, айқын эмоциялық бояуға ие. Сондықтан органикалық түйсiктерде тек
сенсорика ғана емес, сондай-ақ аффективтiлiк те көрiнiс табады.
Органикалық түйсiктер организмнiң қасиетiн емес, ал оның күйiн бейнелейдi, жəне
көп жағдайда саналанбайды. Органикалық түйсiктер жиi диффузды сипатта болып, өзiнiң
шоғырланған жерiн көрсетпейдi.
3. 
Органикалық түйсiктер қажеттiлiктердi бейнелей келе, əдетте, қозғалыстық
импульстармен байланысты болады. Осылайшва, мысалы аштық сезiмiнде, тыныс
қысылғанда жəне т.б. спазмалық қозғалыстар жəне түрлi ырықсыз əрекеттер пайда


болады.
Осылайша, органикалық түйсiктер психиканың əр түрлi жақтарымен – аффективтiк
күйлермен, елiгулермен жəне ұмтылыстармен жапсарлас келедi; ең басынан бастап, олар
қажеттiлiктермен тығыз байланысты болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   120




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет