№1 дəрісбаян тақырыбы: Психология пəні, оның міндеттері мен əдістері



Pdf көрінісі
бет53/120
Дата01.02.2023
өлшемі10,08 Mb.
#64288
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   120
Байланысты:
Снимок экрана 2022—11—28 в 17.15.15

2. 
Терi сезгiштiгi сезiм мүшелерiнiң классикалық физиологиясы бойынша төрт түрге
бөлiнедi. Əдетте, келесi рецепцияларды ажыратады: 1) ауырсыну, 2) жылулық, 3) суықтық
жəне 4) жанасу жəне қысым. Шамамен, бұл сезгiштiктердiң əрқайсысында өздерiнiң
арнайы рецепторлары жəне ерекше афференттiк жүйесi болады.
1. Ауырсыну түйсiгi
Ауырсыну биологиялық өте маңызды қорғаныс бейiмi болып табылады. Сипаты мен
күшi бойынша қиратушы тiтiркендiргiштердiң əсерiнен ауырсыну организм үшiн қауiптi
əсерлер жөнiнде белгi бередi.
Адам денесiнде ауырсынуға сезiмтал емес жəне ауырсынуға сезiмтал учаскелер
болады. Шамамен, 1 см-ге 100 ауырсыну нүктелерi сəйкес келедi.
Эксперименттiк зерттеулер көрсеткендей, ауырсыну нүктелерiнiң таралуы
динамикалық, қозғалғыш сипатта болады. Ауырсыну түйсiктерi белгiлi бiр
тiтiркендiргiштен келетiн импульстардың қарқындылығы, ұзақтығы мен жиiлiгiнiң
шамадан тыс артуының нəтижесi болып табылады.
Ауырсыну сезгiштiгiне аз қозғыштық тəн. Ауыртатын тiтiркендiргiштен кейiнгi
импульстар баяу өткiзiледi. Ауырсыну импульстарына бейiмделу өте баяу жүредi.
Ауырсынуды сезiну белгiлi бiр қанағаттанбағандықпен немесе азап шегумен байланысты.
Ауырсынудың орналасқан жерi айқынсыз болады.
2. Температуралық (термиялық) түйсiктер
Температуралық түйсiктер бiзге жылулық пен суықтықтың түйсiгiн бередi. Бұл
сезгiштiк дене температурасын рефлекторлық реттеу үшiн үлкен маңызға ие. Сезiм
мүшелерiнiң классикалық физиологиясында жылулық пен суықтыққа сезгiштiктi екi, бiр-
бiрiнен тəуелсiз сезгiштiк түрлерi ретiнде қарастырады. Себебi олардың əрқайсысында өз
шеткi рецепторлық аппараты болады.
Суықты түйсiнудiң анатомиялық аппараты болып Краузе шақшалары, ал жылуды
түйсiнудiң аппараты – руфиндiк денешiктер табылады. Бiрақ бұл əлi тек ғылыми болжам
ғана.
Суықтықтық нүктелердi адекватты емес тiтiркендiргiшпен, мысалы, ыстық ұшпен
тiтiркендiргенде, олар суықтық түйсiнуiн бередi. Бұл – суықтықты парадоксалды түйсiну.
Термиялық түйсiктерде терiнiң əр түрлi температураларға тез бейiмделгiштiгi
маңызды рөл атқарады.
Субъективтi түрде нөлге тең температура орташа, терi температурасына тең
температуралар болып табылады. Едəуiр жоғары температура жылулықты сезiнудi, ал
төменгi температура суықтықты сезiнудi бередi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   120




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет