№1 дəрісбаян тақырыбы: Психология пəні, оның міндеттері мен əдістері



Pdf көрінісі
бет55/120
Дата01.02.2023
өлшемі10,08 Mb.
#64288
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   120
Байланысты:
Снимок экрана 2022—11—28 в 17.15.15

4. Көру түйсiгi. Көру түйсiгiнiң таным процесiндегi рөлi зор. Олар адамға өте бай əрi
нəзiк ажыратылатын кең көлемдi мəлiметтердi бередi.
Көру түйсiгi көзге жарық сəулесiнiң əсерi нəтижесiнде пайда болады. Бiздiң көзiмiз
жалпы түстердi емес, ал белгiлi бiр заттардың түсiн қабылдайды. Заттар бiзден белгiлi бiр
қашықтықта орналасып, түрлi формада, көлемде жəне т.б. болады. Көру бiзге объективтiк
шындықтың барлық осы көптүрлi қасиеттерiн бейнелендiредi.
Көру түйсiгiнiң негiзгi рецепторлары – ол таяқшалар мен шақшалар.
Таяқшалар - көздiң iшкi бетiнiң əсiресе жиек шетiнде қалың орналасқан
фоторецепторлардың бiр түрi. Ол ымырттағы көрудi қамтамасыз етедi. Адамның көзiнде
110-125 млн. таяқша клеткалары бар. Егер оның қызметi бұзылса, кеш болғанда, ымыртта
көз көрмей, ңақшам соқырң (ңтауық соқырң) болып қалады.
Шақшалар - фоторецептордың тағы бiр түрi. Көздiң тор қабығының iшкi бетiнiң орта
бөлiгiнде (шұңқырында – фовеада) 1 мм-де 140 000-ға дейiн қалың орналасқан. Ш. өте
жарық сəулелердi ғана қабылдайды. Адамның көзiнде 6-7 млн. Шақша клеткалары бар.
Егер оның қызметi бұзылса, адам жарыққа қарай алмай, “түс соқыры” (ахромазия)
ауруына ұшырайды.
Конвергенция (жақындау, үйлесу) – өте жақындағы затты көру үшiн оның бiлiгiн
(осiн) екi көздiң iшкi бұлшықеттерiнiң жəрдемiмен жақындату кезiндегi екi көздiң көру
жолының бiр нүктеде түйiсуi.
Көз аккомодациясы (көздiң жаттығуы) - көз бұршағы дөңестiгiнiң өзгеруi арқылы
көздiң əр түрлi қашықтықтағы заттарды анық көру қабiлетi. Мыс: жақындағы затты
көргенде көз бұршағының дөңестiгi артады. Аккомодация кезiнде бұршақтың алдыңғы
дөңестiгi 10-нан 6 мм-ге, ал артқы дөңестiгi 6 мм 5,5 мм-ге дейiн өзгере алатыны
есептелген.
Барлық сезiм мүшелерi тəрiздi көру анализаторының, ондағы көз құрылымына кiретiн
барлық ағзалар қозғалыста болады. Оның ұзақта, жақында қозғалып немесе жылжып бара
жатқан нəрселердi көрiп анықтауда маңызы зор. Көз алты бағытта (2 - қиғаш, 4 – тура)
бұлшықеттердiң жəрдемiмен тура сыртқа (42
о
), iшке (45
о
), жоғары (54
о
), төмен (57
о
)
қозғалады.
Көздiң өткiрлiгi - көру бұрышы бiр минутқа тең болған жағдайда, көздiң екi нүктенi
жеке-жеке көру қабiлетi. Көздiң ең өткiр жерi сары дақ аймағы. Көз өткiрлiгiн арнайы
сандар немесе сөздер жазылған кестенi пайдалану арқылы анықтайды.
Көру түйсiгiнде рецепторлық iс-əрекеттiң барлық негiзгi психофизиологиялық
заңдылықтары – адаптация, контрасттылық, əрекеттен кейiнгi бейне, өзара
əрекеттесу айқын көрiнiс табады.
Əдетте, адамға бинокулярлық көру тəн. Бинокулярлық көру дегенiмiз - екi көзбен
бiрдей көру, сəуленiң екi көздегi тор қабыққа бiрдей түсуiнен екi түйсiну сезiмiнiң бiрiгiп,
бiр көру түйсiгi, қабылдауының тууы.
Алыстан көргiштiк - көздiң жарық сəулесiн дұрыс сындырмауынан туатын
ауытқулардың бiр түрi. Бұл кемiстiк салдарынан бiр заттан шыққан параллель сəулелер
фокусы көз iшiнде бағытын өзгертiп, сынғаннан кейiн көз торының арт жағына түседi.
Шын мəнiнде, ңалыстан көргiштiкң деген сөз өз мағынасына сəйкес келмейдi, өйткенi
ондай адам затты алыстан да, жақыннан да анық көре алмайды. Алыстан көрудi
рефракцияны күшейтетiн дөңестi көзiлдiрiк арқылы жүзеге асыра алады.
Сонымен қатар, көру түйсiгiн қарастырғанда дальтонизм деп аталатын ерекше
құбылыстың адамдардың iшiнде кездесетiнiн айта кеткен жөн. Дальтонизм түстi ажырата
алмаушылық - ағылшын химигi əрi физигi Дж. Дальтон (1766-1844) тапқан көру
кемiстiгiнiң бiр түрi. Ол - iштен туа жəне туғаннан кейiн заттың түсiн, əсiресе қызыл түстi
ажырата алмау. Бұл жағдайда науқас адам қызыл түстi жасыл түстен, күлгiн жəне күрең
түстерден ажырата алмайды. Дальтонизммен азап шеккен адам барлық затты тек екi түсте:


сары мен көк түсте ғана көредi. Мұндай ауруға əйелдерге қарағанда, ер адамдар көп
шалдығады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   120




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет