айрықша жекедара ауытқулармен сипатталады.
Бiздiң құлақпен барлық дыбыстар қабылдана бермейдi. Ультрадыбыстар да (өте үлкен
тербелiстi дыбыстар), сондай-ақ инфрадыбыстар да (өте баяу тербелiстi дыбыстар) бiздiң
естуiмiзден тыс қалады.
Абсолюттiк есту (толық есту)
- индивидтiң полифониялық дыбыстарды, жоғарылығы
белгiлi басқа дыбыстармен қатаң салыстырмай, олардың жоғарылығын дауыспен дұрыс
қайта жаңғыртып, анықтай алуы.
Абсолюттiк есту – бұл музыкалық естудiң абсолюттi модалдығы, оның сипаттамасы
емес, ал дыбыстарды қабылдаудың айрықша түрi.
Абсолюттiк естуi жоқ адамдар белгiлi бiр дыбыстарды өз дауысының ең жоғарғы жəне
ең төменгi дыбыстық тембрiмен салыстырып, тондарды жақсы қабылдап, дұрыс
ажыратып, тани алатын индивидтердiң естуi квазиабсолюттiк есту деп аталады.
Абсолюттiк естуi бар адамдар ешбiр қосалқы акустикалық-жоғарылықтық
байланыстарды қолданбай музыкалық тондарды дұрыс қабылдап, тани жəне нақты тауып
ала алады.
Абсолюттiк есту, əдетте, балалық-жасөспiрiмдiк кезеңдерде жақсы анықталады.
Бинауралды есту
- екi құлақпен бiрдей есту. Осылай есту адам дыбыс шыққан жаққа
бетiмен тура қарай алады, ал бiр құлағы нашар еститiн болса, дыбыс шыққан жаққа сау
құлағын тосып, басын бұрып тыңдайды.
Достарыңызбен бөлісу: