§ 3. Ерiктiк əрекеттiң құрылымы Адамның еркi алдын ала қойылған мақсатқа сай орындалатын əрекет, қылықтардан
көрiнiп отырады. Ерiктiк əрекеттер құрылымы жағынан өте күрделi процесс болып
табылады. Ерiктiк əрекеттер мақсаттың жəне сол сияқты оларды орындау барысында
кездесетiн кедергiлердiң, қиындықтардың болуымен, оларды орындау кезiнде бастан
кешетiн тебiренiс,толғаныстардың болуымен сиптталады.
Ерiктiк əрекеттердi қарапайым жəне күрделi деп бөледi. Қарапайымы, əдетте,
мақсат қою жəне орындау сияқты екi буыннан тұрады. Күрделi ерiктiк əрекетте
мақсатты ұғыну, жоспарлау жəне орындау деген үш буын айқын бөлiнедi.
Адам еркiнiң психологиялық мəнiн түсiну үшiн күрделi ерiктiк əрекеттi
қарастырып көрейiк.
Мақсатты ұғыну.Адам мiнез-құлқының стимулдары сан алуан. Мұндайлар:
ашығу, шөлiркеу сияқты физиологиялық қажеттiлiктер, ауа жұту, дем алу, ұйықтау
қажеттiлiктерi, басқа адамдармен араласу, бiлiмге, көңiл көтеруге құмарлық тəрiздi
əлеуметтiк қажеттiлiктер бола алады. Қажеттiлiктердi саналы ұғыну дəрежесiне
байланысты елiгу жəне тiлек деп бөледi.
Туа бiткен қажеттiлiк адам санасында күңгiрт, бұлыңғыр зауықтану,елiгу түрiнде
бейнеленедi. Оның күңгiрт болатыны оған қажеттiлiк аз, оның сигналдары мида айқын
бейнеленбейдi. Адам өзiне əйтеуiр бiрдеңе қажет сияқты сезiнедi, бiрақ оның нақты не
екенiн анық бiлмейдi. Елiгудi əдетте өтпелi күй ретiнде қарастырады. Саналы түрде
ұғынылмаса ол баяу басылып жоғалады. Не болмаса қажеттiлiктiң арта түсуiне қарай оны
айқын ұғыну белең алып, елiгу нақты тiлекке айналады. Бiр нəрсенi тiлеу дегенiмiз- не
мазалайтынын, қандай мұқтаждық бар жəне оны қалай қанағаттандыруға болатынын
бiлдiру. Ал тiлек дегенiмiз – мұрат түрiнде өмiр сүретiн (адам миында) қажеттiлiк
мазмұны.
Тiлек əрекетте мотив болуы мүмкiн. Iс-əрекеттiң мотивi ретiнде тiлек қажеттiлiктi
айқын ұғыну, жете түсiнумен сипатталады. Ал тiлеу дегенiмiз - тiлектi қанағаттандыру
үшiн əрекет жасау болып табылмайды. Тiлекте қажеттiлiк мазмұны бейнеленгенiмен, онда
əрекет белсендi элемент жоқ. Адам көп нəрсенi тiлей алады, бiрақ бұдан ол барлық
бағытта əрекет жасай бередi деген ой тумайды. Сонымен, бiрдеменi тiлеу дегенiмiз- ол, ең
алдымен, қозғаушы стимулдың мазмұнын бiлу деген сөз.
Бiрақ тiлек пен жалпы бiлiм арасында теңдiк белгiсiн қоюға болмайды. Кез келген
бiлiм тiлекке айнала бермейдi, бiрақ тiлектiң бəрi – бiлiм. Тiлек мiнез-құлықтың тiкелей
мотивiне, одан соң мақсатына айналмас бұрын талқыға салынады. Талқылау барысында
бiз оны қолдауға болатынына не болмайтынына дəлеледер келтiремiз. Бiз артқа көз салып,
осы мақсатқа бiздi не итермелегенiн, тiлегiмiздiң қандай екенiн ұғынамыз. Бiз
мақсатымыздың жүзеге асуына көмектесетiн немесе бөгет жасайтын жағдайларды
салыстырамыз, алдымызды қиялдай шолып, қабылданған шешiмдерiмiздi жүзеге асу
нəтижесiн ойша болжаймыз.
Басқаша айтқанда тiлектi iрiктеу, мұшелеу жəне негiздеу бағытында ой жұмысы
атқарылады. Тiлек өмiрде бiрден жүзеге аспайды. Кейде адамда бiрнеше келiсiлмеген,
тiптi сəйкес келмейтiн қайшы тiлектер пайда болуы мүмкiн. Онда ол оның қайсысын
жүзеге асыру керектiгiн бiлмей қиын жағдайда қалады. Бiрнеше тiлектердiң
қақтығысынан туындайтын психикалық күйдi немесе арасынан бiреуiн таңдауға тура
келетiн қарама-қарсы, үйлесiмсiз мотивтер қақтығысын мотивтер тартысы деп атайды.
Мотивтер тартысы оған қатысты толғаныстарды тудырады. Мотивтер тартысының ақыры
шешiмге келумен бiтедi. Яғни, əрекет мақсаты пен тəсiлi таңдалады. Шешiмге келу
дегенiмiз – бiр тiлектi екiншi тiлектен ажырату, сөйтiп мақсаттың идеалды бейнесiн жасау.
Қабылданған шешiмдер əдетте “осы шешiмге тоқтаймыз”, “осылай жасаймыз” деген
сияқты тоқтам түрiнде қысқа тұжырымдалады. Шешiмге келiп болған соң, мотивтер
тартысы кезiндегi шиеленiс əлсiрейдi. Қабылданған шешiм тiлек, ниетiне сай болған
жағдайда адамның бойы мүлде жеңiлденедi. Бұл жағдайда ол тiптi қанағаттану, шаттану
сезiмдерiн бастан кешiредi. Тiптi қабылданған шешiм адамның тiлек арманымен толық
сай келмеген жағдайдың өзiнде де жеңiлдену болады. Өйткенi, шешiмге келу фактысының
өзi шиеленiстi бəсеңдетедi.