№1 дəрісбаян тақырыбы: Психология пəні, оның міндеттері мен əдістері


§ 3. Темпераменттiң физиологиялық негiзi



Pdf көрінісі
бет105/120
Дата01.02.2023
өлшемі10,08 Mb.
#64288
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   120
Байланысты:
Снимок экрана 2022—11—28 в 17.15.15

§ 3. Темпераменттiң физиологиялық негiзi.
И.П.Павлов иттердегi шартты рефлекстердiң ерекшелiктерiн зерттей келе, олардың
жүрiс-тұрысындағы жеке-дара ерекшелiктерге жəне шартты-рефлекторлы iс-əрекет өтуiне
зейiн қойды. Бұл ерекшелiктер жүрiс-тұрыстың аспектiсi шартты рефлекстердiң тууының
жылдамдығы мен нақтылығында, сонымен қатар олардың тынышталу ерекшелiктерiнде
көрiндi. Бұл жағдай олардың негiзiнде жүйке процестерiнiң қасиеттерi туралы болжам
айтуға мүмкiншiлiк бердi. И.П.Павловтың айтуы бойынша бұл қасиеттерге қозу жəне
тежелу күшi, олардың тепе-теңдiгi мен қозғалғыштығы жатады.
И.П.Павлов қозу жəне тежелу күшiн қарастыра келе, оларды жүйке жүйесiнiң тəуелсiз
қасиетi ретiнде қарастырды. Қозу күшi жүйке клеткаларының жұмысқа қабiлеттiлiгiн
бейнелейдi. Ол жүйке жүйесiнiң ұзақ уақытты қозуларына деген шыдамдылық кезiнде
көрiнедi. Ал тежелу əр түрлi тежелу реакциялары кезiнде көрiнедi.
Орыс физиологы И.П.Павлов ағзаны бiртұтас механизм деп қарастырып, ондағы ми
қызметiне үлкен мəн берген. Оның ойынша ми келесi қызметтердi атқарады:
1) 
Ми адам ағзасын сыртқы ортамен байланыстырып, оларды бейнелеп отырады.
2) 
Ми адам ағзасындағы əр түрлi мүшелерден белгiлi-бiр əсер ала отырып, сол əсерге
байланысты өз қызметiн қажеттi түрде бағыттайды.
3) 
Ми адам ағзасындағы əр түрлi мүшелердiң қызметiн үйлестiрiп, бiрiктiрiп отырады.
4) 
Ми адам ағзасындағы мүшелер жұмысын реттейдi.
Бұған қоса И.П.Павлов жоғары жүйке жүйесi қызметiнiң мынадай негiзгi қасиеттерiн
ашып көрсеткен:
1) 
Жүйке жүйесiнiң күшi.
2) 
Жүйке жүйесiнiң тепе-теңдiгi.


3) 
Жүйке жүйесiнiң қозғалғыштығы.
Жүйке жүйесiнiң күшi дегенiмiз- жүйке жүйесi мен жүйке клеткаларының жұмыс
қабiлеттiлiгiнiң көрсеткiшi. Ол көрсеткiш не күштi болуы , не əлсiз болуы мүмкiн.
Күштi жүйке жүйесi тiтiркендiргiштерге төзiмдi болса, əлсiз керiсiнше болады.
Жүйке жүйе процессiнiң тепе-теңдiгi- қозу мен тежелудiң өзара тең екендiгiн көрсетедi.
Жүйке жүйе процессiнiң қозғалғыштығы дегенiмiз- бiр процесстiң екiншi процесске
алмасу шапшаңдығы.
Жоғары жүйке қасиеттерiнiң келесi дегiдей типтерi бар. Олар: күштi жəне əлсiз. Күштiнiң
өзi екiге бөлiнедi: тепе-тең жəне тепе-тең емес. Тепе-теңнiң өзi өз алдына ширақ(лабильдi)
жəне тыныш(инерттi) болып бөлiнедi. Сонымен:
Күштi, тең емес, ұстамсыз-холерик.
Күштi, тепе-тең,қозғалғыш-сангвиник.
Күштi, тепе-тең, инерттi-флегматик.
Əлсiз тип-меланхолик.
Сонымен, И.П.Павлов жүйке жүйесiнiң типi деп туа берiлген жəне қоршаған орта ,
тəрбиенiң əсерiнен өзгеретiн жүйке жүйесiнiң қасиетi деп түсiндi. Бұл жүйке жүйесiнiң
қасиеттерi темпераменттiң физиологиялық негiзiн құрайды.
И.П.Павловтың қазiргi ғылымның дамуына қосқан үлесi орасан зор. Оның жасаған
жүйке жүйесiнiң типологиясы физиология тұрғысынан түсiндiруге болады, бiрақта ол
шындық болып табылмайды. Себебi, адам мiнез-құлқы өте күрделi, ол туа берiлген
сипаттамалармен ғана емес, сонымен бiрге əлеуметтiк жағдайлар талаптарымен, тəрбие
ерекшелiктерiмен де анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   120




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет