№1 дəрісбаян тақырыбы: Психология пəні, оның міндеттері мен əдістері



Pdf көрінісі
бет98/120
Дата01.02.2023
өлшемі10,08 Mb.
#64288
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   120
Байланысты:
Снимок экрана 2022—11—28 в 17.15.15

Жоспарлау. Күрделi ерiк əрекетiнде шешiм қабылдаудан соң қойылған мiндетке
жету жолдарын жоспарлау басталады. Рас, кейде шешiмдердi жүзеге асыру тəсiлдерi
мақсаттың қалыптасуы барысында содан туындап, жалпы түрде белгiленедi. Бiрақ, бұлай
болған жағдайдың өзiнде ол тiкелей практикалық əрекет алдында мұқия талқылаудан
өтедi.
Тəсiл таңдау кезiнде де мақсат таңдау кезiндегiдей толғаныс, тебiренiс түрiндегi
қиындықтарың болуы мүмкiн. Қиындықтар бiр жағынан, мақсатқа жетудiң жолы мен
тəсiлдерi оңай көрiнгенiмен, моральдық ережерлерге сай келмейтiндiктен жəне басқа
адамдарға зиян келтiретiн болғандықтан да туады. Екiншi жағынан келгенде, кейбiр


жолдар қиын, орасан зор күш жұмсауды керек ететiн,бiрақ əдеп ережелерiне қайшы
келмейтiн болуы мүмкiн. Басқаша айтқанда, iштей толғаныс кикiлжiң жағдаят
қалыптасқандықтан туады : мақсатқа жеткiзер жолдың бəрi жақсы ма əлде мақсатқа
жетудiң моральға лайық жолдарын iздеген дұрыс па? Адам мақсатқа жеңiл жолмен жету
мүмкiн не мүмкiн еместiгiн шешуге мəжбүр.
Орындау. Амал-тəсiлдер белгiленген соң адам қбылдаған шешiмдердi жүзеге
асыруға кiрiседi. Көптеген психологтар ерiктiң мəнiн нақ осы қабылданған шешiмдi
орындаудан көредi. Ерiктiк əрекеттiң орындау сатысының күрделi құрылымы бар.
Қабылданған шешiмдi орындау ең алдымен белгiлi бiр уақыт мерзiммен байланысты. Егер
шешiмдi орындау ұзақ уақытқа кейiн ысырылса, онда оны орындау ниетi деп айту
қабылданған. Ниет өзiнiң мəнi бойынша кейiнге қалдырылған əрекетке iштей əзiрлiк жəне
шешiммен бекiтiлген мақсатты жүзеге асыру бағыттылығы боп табылады. Алайда тек бiр
ғана ниет жеткiлiсiз. Алдын ала жоспарланған əрекеттi жүзеге асыру үшiн саналы түрде
ерiктiк күш салу керек. Ерiктiк күш салу ретiнде iшкi ширығыс,шиеленiстiң ерекше күйi
немесе адамның ойлаған нəрсесiн жүзеге асыру үшiн қажет əрi оның iшкi мүмкiндiктерiн
жұмылдыратын белсендiлiктi түсiнемiз. Сол себептi, ерiктiк күш жұмсау əрқашан едəуiр
энергия шығындаумен, жұмсалған қуат көлемiне байланысты. Қазақ психологы
Ж.Аймауытұлы “Жан жүйесi мен өнер таңдау” (1926) атты кiтабында немiс психологы əрi
педагогы Э.Мейманның “Оқығандар жəне қайрат” деген кiтабын талдай отыра,
“қайраттың бiр белгiсi – екпiндi, я жiгерлi болмағы” деп жазады. Ол ерiктiң энергия
жұмсау жағын сипаттау үшiн “жiгерлi қайрат” деген сөз тiркесiн қолданған екен.
Адамның мiнез-құлқы қойылған мiндет пен алдын ала жоспарланған əрекет
тəсiлiне бағынышты болады. Бiрақ адам əрекет жасап қана қоймай, сол өз əрекетiн
бақылап жəне түзеп отырады. Ол əр сəт сайынғы нəтиженi мақсаттың (немесе оның бiр
бөлiгiнiң) күн iлгерi ойда жасалған бейнесiмен салыстырып қарайды. Осылайша қол
жеткен жеке нəтиже бұрын қол жеткен нəтижелермен қатар қойлады жəне идеалды
бейнеге “жалғастырылады”. Бұған мысал келтiрейiк.
Оқушы өз алдына суда жүзудi үйрену мақсатын қойды делiк. Бұл үшiн оған қол-
аяғын үйлесiмдi қимылдату кешенiн игеру керек. Мұғалiм оқушыға табысқа жету үшiн
қандай қимылдарды игеруi, орындауы керек екендiгiн айтады, тiптi көрсетiп беру мүмкiн.
Əуелi оқушы қимылдарды ой елегiнен өткiзедi, оларды көз алдына елестетедi.
Содан соң ол қимылдарды игере бастайды. Қайталау арқылы практикалық орындауды
белгiлi үлгi қалыпқа келтiредi. Жаттығу дегенiмiздiң өзi – практикалық iстi үлгiге
мейлiнше жақындату.
Үйрену сəттiлiгi бiрсыпыра жағдайларға : қимылдың ойдағы бейнесiнiң
қаншалықты анық жəне айқын болуына, орындалатын əрекеттi оқушының қалай бақылап,
, үлгiмен қалай салыстыра бiлуiне, өзiн қалай жұмылдырып, объективтiк жəне
субъективтiк кедергiлердi қайтiп игеруiне байланысты.
Сонымен, ерiктiк əрекеттер құрылымы жағынан өте күрделi процесс боп шықты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   120




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет