№1 дəрісбаян тақырыбы: Психология пəні, оның міндеттері мен əдістері



Pdf көрінісі
бет106/120
Дата01.02.2023
өлшемі10,08 Mb.
#64288
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   120
Байланысты:
Снимок экрана 2022—11—28 в 17.15.15

§ 4. Темперамент жəне жеке адам
Темперамент пен жеке адам өзара тығыз байланысты. Темперамент жеке адам
қасиеттерiнде, əсiресе мiнез ролiнде анықталады. Темпераментпен əсерленгiштiк,
импульсивтiлiк, уайымшылдық қасиеттерi байланысты.
1) 
Əсерленгiштiк- əр түрлi стимулдардың адамға əсер етуi, оларға жауап беру мен оларды
есте сақтау мерзiмi. Бiрдей стимулдар жоғары əсерленгiш адамдарға əсер еткенде, олар
сол əсерлердi өте ұзақ сақтайды жəне оған күштi жауап қайтарады.
2) 
Эмоционалдылық- əр түрлi оқиғаларға байланысты адамның эмоциялық
реакцияларының жылдамдығы мен тереңдiгi. Кей адамдар онымен болып жатқан
барлық нəрселерге тым үлкен мағына бередi, ешқашан да тыныштық қалпында
болмайды, үнемi əр түрлi эмоцияларда болады.
3) 
Импульсивтiлiк- импульсивтiлiгi жоғары адамдар ойланбай бiр нəрсе iстеп қояды да,
кейiн соған өкiнедi. Ол реакциялардың ұстамсыз, кенет пайда болуы мен iске
асырылуына байланысты.
4) 
Уайымшылдық- уайымшылдығы жоғары адамдар уайымдау, үрейлену салдарынан əр
түрлi эмоционалды күйге түседi: қорқыныш, қауiптiлiк, үрей. Уайымшыл адамдар
бейтаныс адамдардан, телефон шылдырынан, емтихан тапсырудан, көпшiлiк алдында
сөйлеуден т.б. қорқады. Оның ойынша, дүниедегi барлық нəрсе оған қауiп төндiредi.
Адамның мiнез-құлқы туа пайда болған белгiлi бiр тип өзгешелiктерiне ғана байланысты
емес, жүйке жүйесi қызметiнiң өмiр сүру барысында қалыптасатын түрiмен де
байланысты болады.
Кейде тыныш отырған флегматик холерикше буырқанып, күйiп-пiсуi мүмкiн де, ал
холерик өз күш-жiгерiне сенбей меланхолик жағдайына түсуi де мүмкiн. Бұл жерден бiз
аралық темпераменттердiң болатындығын байқаймыз. Темпераменттiң табиғи,
қарапайым көрiнiстерi балалық шақта жақсы көрiнедi. Бала өскен сайын сыртқы ортамен
қарым-қатынасы күрделене түсiп, одан алған əсерi де молая бередi.
§ 5. Темпераменттiң психологиялық сипаттамалары
Холерик- аса қозғалғыш, ұшқалақ. Карым-қатынаста күйгелек, бiр беткей, iс əрекетке
пысық. Олар айналысқан iсiн жан-тəнiмен iстеуi мүмкiн. Алдына қойған мақсатына
жетуге тырысып бағады, бiрақ алдынан өте қатты кедергi кездессе оны ары қарай
жалғастыруға сенiмi болмай да қалады. Өзiнiң мүмкiндiгiне сенiмi кетсе, еңсесi
түсiп,ешнəрсеге көңiл бөлмей қояды. Дене қимылдары тез жəне жiгерлi,қызба келедi.Бiр
сөзбен айтқанда, ұстамсыз, құйындай адам.
Сангвиник- қызу қанды, iскер адам. Қимыл-қозғалысқа белсендi. Адамдармен тез тiл
табыса алады. Сангвиник-ойға жүйрiк, өткiр тiлдi, əр түрлi, көпқырлы жұмысты тез
атқарады. Сангвиник жаңаны тез қабылдағыш, зейiндi келедi. Өмiр жағдайының өзгеруiне
тез бейiмделедi.
Флегматик- барлық уақытта байсалды, ұстамды, бiр қалыпты, табанды, төзiмдi.
Флегматик-салмақты адам, ол күшiн босқа жiбермей, бастаған iсiн аяғына дейiн жеткiзедi.
Ол бөспелiктi сүймейдi.адамдармен қарым-қатынаста бiр сарынды. Баяулық пен
селқостық оның осал жағы. өзақ уақыт жұмыс iстеуге төзiмдi. Олар жұмыста ұсақ-түйекке
көңiл аудармайды.


Меланхолик- аса сезiмтал, тез жараланғыш. Ол тұйық, адамдардан оқшау жүргендi жақсы
көредi. өсақ-түйектiң өзiне қатты қуанады, қатты ренжидi. Үйреншiктi, жақсы, тату-тəттi
ұжымда меланхолик өзiн жақсы сезiнедi, жақсы ұстайды. Бұл ұжымда жұртпен жақсы
қарым-қатынасқа түсiп, алған iсiн нəтижелi орындап, табандылық көрсетедi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   120




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет