1. Дүниетаным, оның құрылымы және тарихи түрлері


Георга Вильгельм Фридрих Гегелдің философиялық тұжырымы. Диалектика, негізгі қағидалары және категориялары



бет21/44
Дата16.03.2022
өлшемі80,85 Kb.
#28203
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   44
Байланысты:
1. Д ниетаным, оны рылымы ж не тарихи т рлері

22.Георга Вильгельм Фридрих Гегелдің философиялық тұжырымы. Диалектика, негізгі қағидалары және категориялары

Георга Вильгельм Фридрих Гегель кез келген философиялық білім нақты проблемаларды негіздеумен қатар, тарихи мұқтаждыққа қарай жүріп келе жатқан бір жүйенің дамуы кезеңінде белгілі рөлге ие болатының айтты. Егер философия ілімі үздіксіз даму үстіндегі тарихи жүйе болса, онда оның маңындағы нақты проблемалар -ғылыми дамудың негізгі құрамдас бөліктері болып саналады. Үздіксіз тарихи дамудың нәтижесінде проблемалар үнемі өзгеріп, жаңадан туындап отырады, ал ескілері заман талабына сай келмей ығыстырыла береді. Мұның барлығы философияның өзіндегі ішкі өзгерістермен тығыз байланыста көрінеді. Ал жаңа буын өз заманының талабына оңтайлы шешім іздейді. Яғни, Гегельдің ойынша, философия — өткен кезеңді , тарихты оймен шолу болып табылады. ОЛай дегенмен де,Гегель тарихқа өткен шақ ретінде қарамайды, ол оны үздіксіз жалғаса беретін жүйе ретінде бағалайды.Гегель философиясында диалектика ұғымы маңызды рөл атқарады. Ол үшін диалектика дегеніміз - бір анықтаманың екінші анықтамаға ауысу, яғни олар өз өздерін жоққа шығарады. Демек, диалектика, Гегельдің ойынша, “ойдың кез-келген ғылыми дамуының қозғаушы жаны және ғылымның мазмұнына имманентті байланыс пен қажеттілік енгізетін бірден-бір принцип” болып табылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет