1. Әдебиет теориясы ғылымының әдіснамалық қағидалары Әдебиет теориясы


В. Белинскийдің («Поэзияны тегіне және түріне қарай бөлу», «Гогольге хат») еңбектері



бет16/53
Дата26.07.2023
өлшемі317,81 Kb.
#104830
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   53
Байланысты:
1. Әдебиет теориясы ғылымының әдіснамалық қағидалары Әдебиет те

21. В. Белинскийдің («Поэзияны тегіне және түріне қарай бөлу», «Гогольге хат») еңбектері
Әдебиеттану ғылымының даму жолына көз салсақ, ХІХ ғасырда бұл ғылымның барлық саласын бірдей қамтып, олардың қайсысы туралы болсын кең шолып, терең толғап, ұрпақ үшін өлмес мұра, өшпес өнеге, «ұшқыннан өрт» тудырарлық ой қалдырған - ұлы сыншы Белинский.
Батыс Европада сын, жалпы әдебиеттану ғылымының ең дәуірлеген кезі - ХҮІІІ ғасыр. Ағартушылық бағытындағы сындардың өрістеп дамуы, ескі классицизмдегі сан алуан шарттылықтарға (үш бірлік, т.б.) қарсы күрес ашып, өмір құбылысын өз тұрғысында, тіпті болғаннан гөрі, болу мүмкіндіктерін жырлауды, әдеби, искусстволық туындыларды белгілі құрсау, шеңберден босатуды ұсынды. Олардың белді өкілдері энциклопедист Дидро, Лессинг болды. Дидро өзіне шейінгі әдебиеттану ғылымында трагедия мен комедиядан жігі ашылмай келе жатқан драманың жігін ашып, ғылыми тұрғыдан дәлелдеп, оның өзіне тән ерекшеліктері бар драмалық жанрдың айрықша бір түрі екендігін дәлелдеді. Лессинг неміс әдебиетінде классицизмнің ескірген торын быт-шыт қылып, романтизмнің өрнекті үлгісі үшін күресушілерінің бірі болды. Олардың искусство-әдебиет саласындағы бұл игілікті істері тек өз елдерінің шеңберінде қалып қоймай, мәдениетке ержете бастаған елдердің де әдеби процесінің дәуіріне сай дамуына белгілі дәрежеде әсер еткендігі сөзсіз. Бірақ бұлар да өздерінің құнды әдеби еңбектерінде әдебиеттану ғылымының барлық саласын түгел қамти алған жоқ, кейбір жеке мәселелерін шешті де, сол мәселелердің дұрыс жолмен өрістеулеріне нысаналар белгіледі.
В.Г.Белинскийдің еңбектерінің бір алуан саласы әдебиет теориясының мәселелерімен байланысты. Әдебиеттің халықтығы, әдебиеттің тегі, түрі, классицизм, романтизм, реализм, стиль, стилистика, өлең, оның құрылысы, көркем әдебиеттің тілі, тағы басқа теориялық күрделі мәселелер ұлы сыншының даналық туындыларынан өздерінің ғылымдық шешімдерін тапты.

Көркем әдебиетті эпос, лирика, драма деп үш текке бөліп, олардың әрқайсысына дәл, фактілерге негізделген нақтылы тапсырмалар берумен қатар, олардың әр алуан түрлерін де жіктеп, кейде бір-бірінен айыру өте қиын эпос, лирика түрлерінің жігін ашып, ғылыми тұрғыдан ерекшеліктерін дәлелдеп көрсетуші алғашқы теоретик те В.Г.Белинский болды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет