Образдың тектік тұрғыдан жіктелуі
Образдың жасалу тәсілдеріне лайық образдың түрлері туады. Образдың жасалу тәсілдерінің әр алуандығы сияқты, оның түрлері де әр алуан.Образдьщ түрлерін белгілеудің бірнеше (әдістік, тектік, тәсілдік) фактор-лары бар. Қөркемдік әдіс тұрғысынан келгенде, образ екі түрлі. Р о ма н т и к -а л ы қ о б р а з, р е а л и с т і к о бр а з. Әдеби тек тарапынан келгенде, образ үш түрлі:э п и к а л ы қ образ, л и р и к а л ы қ образ, д р а м а л ы қ образ. Ал жалпы жасалу тәсілдеріне бақсақ, образ тағы да бірнеше түрлі: ю м о р л ы қ о б р а з, с а т и р а л ы қ о б р а з, ф а н т ас т и к а л ы қ о б р а з, т р а г е д и я- л ы қ о б р а з, г ер о й л ы қ о б р а з т. б Осылардың әрқайсысының өзіне тән ерекшеліктері бар, оны білу әдебиетшіге ауадай қажет
Әдебиеттегі көркемдік әдіс, негізінен екі түрлі (романтизм, реализм), бұл мәселеге біз осы еңбегіміздің үшінші бөлімінде арнайы тоқталамыз. Бұл жолы тек осынау көркемдік одіс тұрғысынан анықтағандағы образдың екі түріне, бұл екеуінің ерекшелігіне ғана азырақ назар аударып өтпекпіз.
Романтикалық образ — әдебиеттегі адам бейнесінің байырғы түрлерінің бірі. Бұл образдың, алғашқы үлгілері баяғы көне дүние әдебиетінде, оның “әрі өнген топырағы, әрі байлық қор.ы” боп табылатын мифте, кала берсе, қай халықтың болса да ауыз әдебиетінде жатыр. Әрқашан алға, алысқа, арманға асыққан халықтың қиялы да телегей-теңіз. Ал романтикалық образдың негізінде қиял жатады. Романтикалық образ өмірдегі болған немесе бар деректен гөрі өмірде әзірше жоқ, бірақ, болатын дерекке негізделеді.
Қазақ әдебиетіндегі романтикалық образдың ежелгі түрі халық ертегілері мен аңыздарында, батырлық дастандары мен тарихи жырларында жасалды Со-нау Желаяқ пен Көрегеннен, Саққұлақ пен Таусоғардан бастап Алдар Көсе мен Асанқайғыға дейін,одан Алпамыс пен Қобыландыға, Тарғын мен Қамбар-ға дейін қазақ фольклорындағы романтикалық образдың небір ғажайып үлгі-лерін көруге болады. Жазба әдебиетімізге келетін болсақ, Мағауия Абайұлы мен Ығылман Шөрекұлының, Мұхамбетжан Сералин мен Сұлтанмахмұт Торайғыровтың көлемді шығармаларында да талай тамаша романтикалық образдар жасалған. Сәбит Мұқановтың Сұлушашы мен Жұмағали Саинның Күләндасы, Әбділда Тәжібаевтың Абылы мен Қасым Аманжоловтың Абдол-ласы — қазіргі қазақ совет әдебиетіндегі көптен-көп романтикалық образдар-дың жекелеген қадау-қадау үлгілері ғана. Әйтпесе, бұл тізім жалғана береді.
Романтикалық образ — қай жанрдың туындыларында «болса да молынан кездесетін, образдың дәстүрлі, қалыптасқан түрі. Бір ғана Ғабит Мүсіреповтің өзі прозадағы аналар бейнесінен драматургиядағы Ақаны мен Ақтоқтысына дейін романтикалық образдың алуан түрлі әсем типтерін айта қалғандай шеберлікпен жасап берді.
Достарыңызбен бөлісу: |