1. Әдебиет теориясы ғылымының әдіснамалық қағидалары Әдебиет теориясы



бет31/53
Дата26.07.2023
өлшемі317,81 Kb.
#104830
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   53
Байланысты:
1. Әдебиет теориясы ғылымының әдіснамалық қағидалары Әдебиет те

Реалистік образ — әдебиеттегі адам бейнесінің ең сымбатты, шынайы түрі. Мұның сымбаттылығы да, шынайылығы да шыншылдығында; бұл — кәдімгі өмірде болған, бар және бола беретін, бірақ қайталанбайтын, әрқашан бұрын-соңды белгісіз тың қырынан көрініп, ылғи жаңарып отыратын тип. Дұрысын-да, образ атаулының айрықша мағыналы, мәнді түрі де осы — реалистік образ. Өйткені бұл образдың эстетикалық идеалы — романтикалық образдағыдай бұлыңғыр емес, анық, адам қолы жетпейтін тым асқақ, алыс емес, қолмен ұстап, көзбен көргендей затты әрі жақын нәрсе. Сондықтан реалистік образдың эстетикалық-тәрбиелік мәні де, қоғамдық-өзгертушілік күші де айрықша үлкен. Мысалға Т. Ахтановтың “Дала сырындағы” Қоспан образын алып қарайық. Бұл — кәдімгі адам; өзіміз өмірде күнде кездестіріп жүрген қарапайым көптің бірі. Командирі “Үлкен қара” атап кеткен еңгезердей ірі Қоспаннын. “әскерде теңкиіп оң жақ қанатта” тұратыны, “жан біткенге сеніммен қарайтын нұры жұмсақ томпақ көзі, жылы шырайлы ашық жүзі”, ең арғы жағы аяғына қырық төртінші ботинка киетішне дейін бәрі таныс, еш-кандай оқшаулығы жоқ, бәрі әдеттегідей, әркімнің-ақ көршісі немесе көз көргені секілді. Жаңылға үйленіп, семья құруы, одан Қуаныш деген өзіне тартқан ұл көрді соғысқа кетуі, тұтқынға түсуі, аулына аман оралум баяғы командирі елде бастық екен, соның қарамағына қайтып кеп, қой бағуы, тіпті, соның жазып берлен лепірмелеу жел сөзін өз сөзі ете алмай, Алматыдағы жиналыс мінбесінен оқып шығуға қиналып азып-тозуына дейін ешбір қоспасы жоқ, мөп-мөлдір шындық. Баяғыда мұның “Батырлар жырық” мұқабасы тозғанша оқығаны бар, бірақ майдандағы қимыл-әрекеттерінде ешқандай “алпамыстық” та, “қобыландылық” та болған жоқ Кейін бір отар қойымен боранға ығып, дүниенің азабын бастан кешіреді, кәдімгі қарапайым адамның қаукары жеткен жерге дейін баратын ғана қайсарлық жасап, сұрапылмен алысып байқайды, бірақ “Исрафилді жеңген- дер” ертегінің ерлігін жасау өңі түгіл, түсіне де кіргені емес. Қоспанды образ ретінде байыптасақ, оның өмірдегі сымбаты да, өнердегі шынайылығы да, міне, дәл осындай таза, табиғи шыншылдығында жатыр. Ал образ неғұрлым табиғи һәм шыншыл болса, соғұрлым тамаша болмақ.
Реалистік образ — нанымды образ: оның мшез-кұлқы, іс-әрекеті, оны қоршаған орта, оның басынан өтетін оқиға… бәрі өлшеулі, бәрі мөлшерлі. Өйткені суреткер шыншыл образ жасау устінде өзін шындық шеңберінен • шығармайды, өзін-өзі меңгеріп, қажетті жерде ылғи іркіп отырады.
Реалистік образ — тіптік образ. Ол бізге күнде көріп жүрген етене таныс секілденгенмен — “таныс бейтаныс”, көптің бірі көрінгенмен — бірегей. Өйткені өнердегі шыншыл образ өмірдегі бір адамнан ғана көшірілген жоқ, бірнеше адамнан жинақталып және творчестволық киялға суарылып шығарылған.
Дегемен реалистік образды романтикалық образға қарсы қоюға болмайды Маңдай алды прогресшіл әдебиетте образдың жоғарыда сипатталғандай екі түрі бірін-бірі толықтыра, бір эстетикалық мұрат мақсатында егіз-қатар өмір сүруге тиіс.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет