1. Ежелгі сақтардың дүниетанымдық ұстанымдары мен рухани құндылықтары Жауабы


Орталық Азия жеріндегі орта ғасырлық ислам мәдениетінің ескерткіштері



бет10/67
Дата15.02.2023
өлшемі325,34 Kb.
#68026
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   67
15. Орталық Азия жеріндегі орта ғасырлық ислам мәдениетінің ескерткіштері.
15.Ислам тек сенімді білдіретін дін емес, сонымен қатар, өркениеттің де қайнар бұлағы. Қазақстанға территориясына ислам дінімен бірге мәдениеті де келді. Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу өңірлерінде қалалар бой көтере бастады. Ал, қалалар кешенді құрылыстарымен ерекшеленеді. Сол құрылыстарға мешіт, медресе, рабат, кесене, кітапхана, монша құрылыстарын жатқызуға болады.
Мешіттер құлшылық орны болумен қатар, сәулет өнерінің туындысына да жатады. Мешіттер сәнді кескіндемемен, мозаикалық керамикамен, бедер суреттермен безендірілген. Ислам әдебіне сай адам және жануарлардың орнына ою-өрнектер мен араб көркем жазу өнерінің стильдері де кеңінен қолданылған. Жалпы алғанда, мешіттердегі безендірулер Ислам дінін насихаттаудың бір түрі ретінде есептелген.
Ислам архитектурасының ең бір ғажайып туындысы Меккедегі үлкен мешіт (Мәсжидул харам). Ол - ашық алаң ортасына Қағба орналасқан, төрт жағынан бірнеше қабат ашық галереямен қоршалған, оған тарихи Сафа, Маруа төбелерін галереямен жалғастырып қосқан үлкен кешен.
Әлемнің басқа жерлеріндегі сәулеттілік тәжірбиесінде кездеспейтінмұнаралы тұрғын үйлер тұрғызу. Олардың кейбіреулерінің биіктігі 11 қабатты үйдің биіктіғіне тең. Алғашында олар тастан қаланған іргетастарға отырғызылып, шикі кірпіштерден тұрғызылды.
Дамаск (Шам) Мұсылман халифатының орталығына айналып, билікке Омейя әулеті келген кезде Сирия мен оның төңірегіндегі елді мекендерде аса ірі қамалдар тұргызылып, көптеген мешіттер мен сарайлар салынды (мысалы, Каср әл-Хаир әл-Ғабри, Уалид Кусейр-Амра, т.б.).
Арабтар 711 ж.Пиреней түбегін жаулап алып, кейін Кордова халифат кұрылған кезде осы өлкеде де ғажайып Ислам архитектурасы ескерткіштері тұрғызылды. Атап айтқанда, Кордовадағы үлкен мешіт, Гранада әмірлерінің сарайы, т.б.
X - XIII ғасырлары Ислам діні қанатың кеңге жайып, Орталық Азияға, Үндістанға, Кавказға тарала бастады. Ислам дінімен катар, аталған елдерде Ислам архитектурасы да өркендеді. Мысалы, XIII ғасыры Делиде салынған әйгілі Кутб-Минар мұнарасының биіктігі 70 м-ге, табанының диаметрі 16 м-ге жетті. Бұл мұнараның өне бойы ою өрнекті 24 шығыңқы кернеумен безендірілген. Бұған қоса Делиде мешіт ауласында тұрғызылған Темір мұнарасы бар.
Ахмадабақтағы 1427 жылы салынған Джамми-Мадджид мешіті 70х30 м-ге алаңды алып,онда 260 бағана 15 күмбезді ұстап тұр. Ұлы моғолдар билігі тұсында Үндістанда атақты Тәж-Маһал (1630 - 1652) салынады. Оның сырты әлемде теңдесі жоқ ою-өрнектермен, алтын-күміс мозаикалармен көмкерілген, жақтаулары Құран мәтіндері- мен нақышталған.
X - XII ғасырлар Иран, Ауғанстан. Орта Азия мен Қазақстанда көптеген Ислам архитектурасы ескерткіштері салынды.


16. Ислам мәдениетінің орта ғасырлық қала құрылысы мен сәулет өнеріне тигізген ықпалы
16. Сәндік қолданбалы өнер орта ғасырдың дамыған кезінде өркендей бастаған. 11 - 12 ғасырларда ғимараттарды өрнектеп, сәндеу ісінде оюланған кірпіштер – терракота кеңінен қолданылды. Керамикаға оюлап жануарлардың бейнесін салу орын ала бастаған. 10 - 12 ғасырларда сәулетті ірі құрылыстар салына бастаған. Бұл құрылыс жүйелерінің салынуына ислам дінінің нығая бастауы себеп болды. Бұл кездегі ғимараттар – мешіттер, кесенелер, мазарлар, моншалар. 10 ғасырдағы араб - парсы деректерінде Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуда мешіттер болғандығы айтылған. Тараз қаласының батыс жағында, 18 км жерде Бабаджа - қатын, Айша - бибі кесенелері орналасқан. Бұл екі кесене – алғашқы құрылыс жүйесін сақтаған ескерткіштер. Отырар моншасының жобалануы Орта Азияның, Кавказдың, Таяу және Орта Шығыстың моншаларына ұқсас болып келеді. Тараз қаласынан екі монша табылған. Түркістан қаласында Қожа Ахмет Йассауи кесенесінің жанында шығыс моншасы салынған. Сонымен, орта ғасырдың дамыған кезінде архитектуралық сәнділігімен ерекшеленетін құрылыстар – шығыс моншалары болып табылады.
Таяу Шығыстағы сәулет өнерінің таңғажайып туындыларының бірі - Сирияның Алеппо қаласының орталығындағы төбеде тұрған цитадель. Исламдық әскери архитектураның бұл мысалы ешкімді бей-жай қалдырмайды. Археологтар тапқан кейбір бекіністер Рим дәуіріне және одан да ерте кезеңдерге жатады.
Ішінде үйлер, қорлар, құдықтар, мешіттер және бекіністер - соғыс кезінде немесе ұзақ қоршау кезінде ұстап тұруға қажет нәрсенің бәрі бар. Шамамен 1213 жылы салынған үлкен кіреберіс ғимараттар кешенінің ең әсерлі бөлігі болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет