1 Ғылыми басылым Научное издание ҚР және тмд елдеріндегі ғылым



Pdf көрінісі
бет46/71
Дата05.02.2017
өлшемі6,31 Mb.
#3477
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   71

Сергіту сәті: 

Оқулықпен жұмыс: 

1.

 



Мәтінді оқу. 

2.

 



Мәтінді оқушыларға тізбектей оқыту. 

3.

 



Түсінгендерін сұрау. 

Дәптермен жұмыс: 

1.

 



Үй жануарларының төлдерін жазу. 

2.

 



Үй жануарлары  туралы  мақал жазу. 

V. Сабақты қорытындылау. 

- Балалар, мына малдарды қора-жайға кіргізуіміз керек, ол үшін мына сүрақтарға 

жауап берулеріңіз керек, дұрыс жауап берсеңіздер жануарлар қораға кіреді. 

1. Үй жануарларын ата? 

2. Үй жануарларының төлдерін ата? 

3. Адамдар үй жануарларын не үшін өсіреді? 

4. Адамдар үй жануарларын қыста қалай күтеді? 

5. Үй жануарлар туралы мақал-мәтелдер? 

Ойын: «Жануарларды ажырату». Үй жануарларын атағанда орнынан тұрады, жабайы 

жануарларды атағанда отырады. 



VI. Оқушыларды бағалау, мадақтау.                                                                                                               

VII. Үйге тапсырма. 

 



Үйге балалар, үй жануарларының төлдерінің аттарын пайдалана отырып, әңгіме 

жазып келу. 

 

Сабақ аяқталды. 



ҚР және ТМД елдеріндегі ғылым және білім беру жүйесінің өзекті мәселелері 

Актуальные проблемы науки и системы образования РК и в странах СНГ 

 

 

290 



 

 

 



Жазира Амангельдиновна НИЯЗОВА, 

«Билал Назым атындағы орта мектеп   

мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ, 

директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, 

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі 

 

ҚАЗАҚСТАННЫҢ БОЛАШАҒЫ – ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ 



 

Түйін 

      «Қазақстанның  болашағы  –  қазақ  тілінде»,-деп  Қазақстан  Республикасының 

Президенті Н Ә Назарбаев айтқандай, қазақ тілі ертеңгі күні үлкен өмірге араласқанда, 

жас  жеткіншектің  қоғамдағы  қызметіне  көмегін  тигізетін,  күнделікті  өмірінде 

қажетіне жарайтындай болуы керек. Қазақстандағы білім беруді дамытудың 2011-2020 

жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасын  жүзеге  асыру  мақсатынды  ұлт 

сыныптарында  сабақ  барысында  қазақ  тіліне  тән  ерекше  дыбыстарды    меңгертіп, 

сөздік  қорларын  молайтып,  саутты  жазуға,  өз  ойларын  еркін  жеткізуге,  алған 

білімдерін  өмірде  тиімді  қолдануға  дағдыландыру,  мемлекеттік  тілдің  мәртебесін 

көтеру  мақсаты  қойылған.  Сондықтан  ұлттық  мектептерде  жүйелі  оқыту  үрдісін 

қалыптастыру бүгінгі күннің басты талабына айналып отыр. 

 

Мақалада 



диалогтік 

оқыту 


арқылы 

оқушылардың 

білімге 

деген  


қызығушылығын  арттыру,  білім  сапасын  көтеру  мәселесі  көтерілген.  Диалогтік 

оқытудың  әдіс-тәсілдері  көрсетілген.Ұйғыр  мектебінде  мемлекеттік  тілді  үйрету 

ерекшеліктерін  көрсету  арқылы  мектептегі    қол  жеткізген  жетістіктер  туралы 

жазылған.

 

 

 



«Ұстаздық  еткен  жалықпас,  үйретуден балаға»  дегендей   ұстаз тек  үйретіп 

қана  қоймай,өзі де өмір бойы  ізденісте  болуы керек. Бүгінгі таңда мектепте ұстаздық 

қызметін атқару - ауыр жүк.  

    Заман  талабына  сай    білім  жүйесіндегі  инновациялық  өзгерістерді    енгізу  туралы  

Презиндентіміз  Н.  Ә.  Назарбаев:  «ХХІ  ғасырда  алдыңғы  саптағы  елдер  қатарына  өз 

жастарының  интеллектуалды  және  рухани  әлеуетін  барынша  дамыта  алатын 

мектептер мен жоғары оқу орындарының ең тиімді жүйесін жасаған ел ғана көтеріле 

алады»,  —  деген  болатын.  Сондықтан  кез  келген  ұстаз  балаға  үйретуден  бұрын  өзі 

білімді, тәжірибесі мол өз кәсібінің иесі болуы тиіс. Ал қазіргі кезде ол үшін  барлық  

мүмкіндіктер    жасалуда,    оны  өзгерту  тек  өз  қолымызда.  «Біз  бүкіл  елімізде  әлемдік 

стандарттар  деңгейінде  сапалы  білім  беру  қызметін  жолға  қоюға  тиістіміз»  -  деп  

Елбасы айтқандай  біз  әлемдік деңгейге қол жеткізу  үшін, дамыған мемлекеттердің  

білім  жүйесіндегі  реформаларына  жүгінуге  мәжбүр  болып  отырмыз.  Әлемдік  білім 

беру  стандартына  ену  және  дүниежүзілік  тәжірибе  алмасу  мәселесі  салыстырмалы 

педагогикалық саланы пайдаланып, шетелдердің оқу жүйелерін зерттеуді қажет етті.  

 

Барлық    дамыған  елдердегі  білім  беру  жүйесінде  ерекше  маңызды  болып 



табылатын мәселелердің бірі – ұлттық  құндылықтарды сақтай отырып, ең алдымен өз 

ана тілінде білім беру, міндетті түрде мемлекттік тілді меңгерту, ағылшын тілін үйрету 

және  оқытуды  ақпараттандыру,  яғни  оқу  үрдісінде  ақпараттық  технологияларды 

пайдалану болып табылады. 

 

Бүгінгі  таңда  білім  жүйесінің  басты  мақсаты-бәсекеге  қабілетті  маман 



дайындау. «Мектеп – кеме, білім – теңіз» дегендей. Шебер мұғалім сол  теңізде жүзуге 

бейімделген,  өз  маманының  иесі  болуы  тиіс.  ХХI  ғасыр  мұғалімі  оқуға  үлкен 

потенциалдық 

мүмкіндіктермен 

келеді.Сондықтан 

олардың 


функционалдық 

ҚР және ТМД елдеріндегі ғылым және білім беру жүйесінің өзекті мәселелері 

Актуальные проблемы науки и системы образования РК и в странах СНГ 

 

 

291 



 

сауаттылықтарын  кәсіби  шеберлікпен  ұштастыру  үшін  нәтижеге  бағытталған  білім 

беру  үлгісінде  мақсатты  түрде  білім  беретін,  қалыптастыратын,  дамытатын    процесс 

жүзеге асырылуда.  

Қазақстандағы  білім  беруді  дамытудың  2011-2020  жылдарға  арналған  мемлекеттік 

бағдарламасы жобасында Қазақстанда оқитындарды сапалы біліммен қамтамасыз етіп, 

халықаралық  рейтингілердегі  білім  көрсеткішінің  жақсаруы  мен  қазақстандық  білім 

беру  жүйесінің  тартымдылығын  арттыру  үшін,  ең  алдымен,  педагог  кадрлардың 

мәртебесін  арттыру,  олардың  бүкіл  қызметі  бойына  мансаптық  өсуі,  оқытылуы  және 

кәсіби  біліктілігін  дамытуды  қамтамасыз  ету,  сондай-ақ  педагогтердің  еңбегін 

мемлекеттік қолдау мен ынталандыруды арттыру мәселелеріне үлкен мән берілген [1] 

       Елбасымыз  «Қазақстан-2050»  стратегиясындаалдыңғы  қатарда  болу  үшін  бес 

стратегиялық  мақсатты  алдыға  қойған  еді.  Соның  ішінде  білім  сапасын  ерекше  атап 

көрсеткен. Оны жүзеге асыру үшін 2 кезеңге бөлді: бірінші  

 

2011-2015 жылдар, екінші кезеңі 2016-2020 жылдары аралығында.  



Бірінші  кезеңде  эксперемент  ретінде  мектептерде  дайындық  жұмыстары  жүргізілді, 

екіншіде  сол  бағдарламаны  жүзеге  асыру  мақсатында  тиісті  мамандарды  даярлауда. 

Әр кезең бойынша даму жоспарлары әзірленіп, нәтижелері жарияланып отыруда.[2] 

 

2015  жылы    күтілген  нәтижелер  өз  жемісін  берді  десек  болады,  себебі 



Қазақстан ТМД мемлекеттері  арасында көшбасшы болды. Осыған байланысты қазіргі 

таңда еліміздің білім беру жүйесіндегі реформалары өзгеруде. Ұлттық құндылықтарды 

сақтап  қалу  үшін  қазір  мектептерде    «Абайтану»,  «Алаштану»,  «Өлкетану»  пәндері 

және  1-сыныптан  бастап  ағылшын  тілі  енгізілді.Ал  мемлекеттік  тілдің  мәртебесі 

күннен-күнге артуда. 

 

«Қазақстанның  болашағы  –  қазақ  тілінде»,-деп  Қазақстан  Республикасының 



Президенті Н Ә Назарбаевайтқандай, қазақ тілі ертеңгі күні үлкен өмірге араласқанда, 

жас  жеткіншектің  қоғамдағы  қызметіне  көмегін  тигізетін,  күнделікті  өмірінде 

қажетіне жарайтындай болуы керек. Тіл ұлттың бүкіл өткен өмірі мен келешегіне жол 

ашады. 


Сондықтан 

да 


мемлекеттік 

тілді 


оқыту 

халықтың 

тарихымен, 

қайталанбасөзіндік  мәдениетімен,  әдебиетімен,  жақсы  қасиеттерімен  таныстыра 

жүргізілсе, жаңалық пен жақсылыққа жаны құмар жастардың,  ең алдымен ұлты басқа 

балалардың қазақ тілі сабағына ынта-ықыласы артады. Ол үшін мұғалімөз пәнін жетік 

білуі тиіс.  

 

Ұлт  мектептерінде  қазақ  тілін  оқытудағы  басты  мақсат:  өзге  ұлт  жастарына 



мемлекеттік тілді ауызша және жазбаша түрде  пікір алмасуға, қарым қатынас жасауға 

қажетті  деңгейде  меңгертуболып  табылады.Бүгінгі  таңда  жаңа  білім  алу  үрдісі 

оқытушы  мен  оқушыны  шығармашылықпен  жұмыс  жасауға  итермелейді,  себебі 

оқушы  білімді  өздігінен  іздену  арқылы  алу  керек  болса,  мұғалім  оқушының  білім 

алуына  себептер,  жағдайлар  тудыруы  қажет.  Білім  сапасы  оқушыныңбілімге  деген 

құштарлығы  мен  қызығушылығына  тікелей  байланысты  болады.  Ол  үшін  мұғалім 

сабақты  шығармашылық  ізденіспен,  АКТ-ны  қолдану  арқылы  әрбір  баланың  жас 

ерекшелігін,  білім  деңгейін  ескере  отырып  жан-жақты  дайындауы    қажет.  Сабақ 

барысында оқушылар  тарапынан  әртүрлі сұрақтар туындауы мүмкін, осы сәтте ұстаз 

дұрыс  бағыт  бағдар  беруі  тиіс.Сондықтан  қазіргі  заман  талабына  сай  мұғалім  «білім 

бұлағы»    емес,  сол  бұлаққа  жеткізуші,  жетекші,  инновациялық  технологияларды 

міндетті түрде меңгерген, өз ісінің хас шебері болуға міндетті. 

 

Мен өзімнің  педагогикалық қызметімді жиырма жылдан астам аудандағы таза 



ұйғыр  мектебінде  атқарып  келемін.  Қазақ  және  ұйғыр  тілдері  туыстас,  түркі    тілдес 

халық болғанымен  мемлекеттік тілді меңгеру барысында қиыншылықтар да кезеседі. 

Ұлт  сыныптарында  сабақ  барысында  қазақ  тіліне  тән  ерекше  дыбыстарды  

меңгертіп,сөздік қорларын молайтып, саутты жазуға, өз ойларын еркін жеткізуге,алған 



ҚР және ТМД елдеріндегі ғылым және білім беру жүйесінің өзекті мәселелері 

Актуальные проблемы науки и системы образования РК и в странах СНГ 

 

 

292 



 

білімдерін  өмірде  тиімді  қолдануға  дағдыландыру,  мемлекеттік  тілдің  мәртебесін 

көтеру менің басты мақсатым. 

 

Сондықтан  ұлттық  мектептерде  жүйелі  оқыту  үрдісін  қалыптастыру  бүгінгі 



күннің басты талабына айналып отыр. 

 

 Нәтижеге    қол  жеткізу  мақсатындаоқытудың  белсенді  әдістерінқолданамын. 



Атап  айтсақ  сыни  тұрғыдан  ойлау  арқылы  диалогтік  оқытуды  басшылыққа  алып, 

топпен  жұмыс  жүргізуді  жүзеге  асырып  келемін.Топпен  жұмыс  барысындасыныпта 

ынтымақтастық  жағдай  орнап,топ  ішінде  талқылау,  салыстыру,  бірлесе  отырып 

тақырыпты түсіну, дағдылары қалыптасады. 

   

Диалогтік  оқыту  барысында,  әрбір  сабақта  оқушыларға  бағыт-бағдар  беретін 



сұрақтарқою арқылы,өз ойларын еркін жеткізуге мүмкіндік беріледі. 

 

Оқушылардың ойлау қабілетін барынша жоғары деңгейде дамыту мақсатында 



сұраулар мына тәртіппен қойылуы тиіс: 

- бірден көп сұрақ қойылмайды; 

- оқушыларға ойлануға уақыт беріледі;  

- ой-өрісін дамыту мақсатында проблемалық сұрақтар пайдаланады; 

- оқушылардың алдыңғы жауаптарына сай сұрақтар құрастырылады; 

- қойылатын сқрақтардың сапасы жоғары болуы тиіс; 

- жауап беретін ниеттерін басатын сұрақтарды қоймау керек. 

Оқушылардың  жауаптарын  мұқият  тыңдап,  қол  жеткізген  жетістіктерін  талқылап, 

білімін  бағалау  қажет.  Әрбір  сабақ  соңында  оқушының  жетістіктерін  арнайы 

дескриптерлер  арқылы  бағалап,  мақтап,  мадақтап,  қолдау  көрсетіп  отыру  үлкен  рөл 

атқарады.  

 

Бүгінгі  таңда  оқушылар  алған  білімдерін  тек  үйреніп  қана  қоймай,  оларды 



тиісті жерде өз қажеттілігіне орынды қолдана білуі басты орында тұр. [3] 

 

Осы  жиырма  жылдық  еңбегімнің  нәтижесінде  шәкірттерім  Республикалық, 



облыстық    байқаулардың  жүлдегерлері  атанды.  Атап  айтсақ,  шәкіртім  Хошниязов 

Расул қазақ тілі пәнінен облыстық    «Жарқын болашақ»  КАТЕV  олимпиадасының  ІІ 

орын  иегері,  Таирова  Қалбинур  қазақ  тілі  пәнінен  облыстық  пән  олимпиадасының 

«Алтын медаль» иегері, Якупова Шахназ Республикалық «Фариза, Фаризажан, Фариза 

қыз»  атты  байқаудың  «Көркем  сөз»  номинациясы    бойынша  І  орын  және 

Республикалық  «Тәуелсіз  елім  -  Қазақстан»    атты  шығармашылық  байқауының  ІІ 

дәрежелі дипломмен марапатталды. 

 

 «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» -деп Ұлы Абай  айтқандай, 



  жаңа  әдіс-тәсілдерді  толық  жүзеге  асыру  арқылы,  біз  бәсекеге  қабілетті,  дамыған  

отыз мемлекет қатарына енеріміз анық. 

 

«Жұмыла  көтерген  жүк  жеңіл  »  дегендей,  құрметті  әріптестер,    «ХХІ  ғасырда 



нені оқыту керек?» және «Қалай оқыту керектігі?»  [4]тек біздің қолымызда. 

 

Әр  ұстаз  -ХХІ  ғасыр  мұғаліміне  сай  болу  үшін-  ізденімпаз  ғалым,  нәзік 



психолог, жан-жақты шебер, тынымсыз еңбекқор, терең қазыналы білімпаз, кез келген 

ортаның ұйытқысы болу керек. 



 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі: 

1. ҚР2011-2020 бағ 

www.primeminister.kz/program

 /event/view/3546 сайты 

2.ҚР  Президенті  Н  Ә  Назарбаевтың  «Қазақстан-2050»  стратегиясы  қалыптасқан 

мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Қазақстан халқына Жолдауы. 

3.Мұғалімдерге арналған  І деңгей нұсқаулығы   Астана 2012 ж. 

4.NIS бағдарламасын оқыту негізіндегі біліктілікті артту курсының материалдары. 

                                                           Аннотация 

Как  сказал  президент  Республики  Казахстан  Н  А  Назарбаев,    будущее 

Казахстана    в  развитии  государственного  языка.  В  будущем  в  общественной  и 


ҚР және ТМД елдеріндегі ғылым және білім беру жүйесінің өзекті мәселелері 

Актуальные проблемы науки и системы образования РК и в странах СНГ 

 

 

293 



 

повседневной  жизни    подрастающего  поколения    казахский  язык  должен  сыграть 

решающую  и  необходимую  роль.  С  целью  реализации  Государственной  Программы 

развития  образования  Казахстана    на  2011-2020  г.  в  процессе  обучения 

государственного  языка  в  национальных  классах  необходимо  привить  учащимся 

навыки    усвоения  звуков  характерных  для  казахского  языка,  развитие  словарного 

запаса, 

грамотности, 

свободное 

изложение 

мыслей, 

повышение 

статуса 

государственного языка, умение использовать знания в повседневной жизни.  В связи 

с  этим  главным  требованием  дня  является  формирование  в  национальных  школах 

системы процесса обучения.  

 

В статье поднята проблема повышения качества знаний и мотивации учащихся 



через диалоговое обучение.Показаны методы и приемы диалогового обучения. Через 

особенности  изучения  государственного  языка  в  уйгурской  школе  указаны 

достижения учеников. 

 

Куралай Саркеновна НУРГАЛИЕВА

Қазақ мектеп – гимназиясы КММ, бастауыш сынып мұғалімі 

Петропавл қаласы, Қазақстан Республикасы 

   


БАСТАУЫШ СЫНЫП  ОҚУШЫСЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ  

ІС-ӘРЕКЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ 

 

Түйін 

 

Бұл  мақалада  оқушылардың  бойында  жасырын  жатқан  қабілеттерін 



шығармашылық  жұмыстар  арқылы  жарыққа  шығару,  оқушы  бойындағы  дара 

ерекшеліктерді  анықтау  және жүйелеу мен қатар қазіргі заман талабына сәйкес жаңа 

технологиялар негізінде  оқушылардың шығармашылық деңгейін  көтеру жөнінде сөз 

қозғалады.

 

                              



                                  

        Мектептің  тірегі  де,  жүрегі  де,  білімнің  тұтқасы  да  –  мұғалім.  Бала  тағдыры 

қолыңа сеніп тапсырылып отырған басты тұлға да ұстаз екені де баршаға белгілі. 

      К.Д.Ушинский пікірін П.Ф.Каптерев одан әрі дамыта отырып, педагогикалықүрдіс 

оқушы мен мұғалімнің бірлескен әрекеті: бір жағынан, бұл - мұғалімнің бағыттаушы, 

ал  екінші  жағынан  –  оқушының  өзіндік  ішкі  әрекеті.Ол  оқушының  белсенді  білім 

игеруі    мен  қызығушылығына,  талпынысына  ерекше  мән  берді.Каптерев  оқушының 

білімді игерудегі ішкі процестерін зерттеуді бірінші орынға қойды.Ең маңыздысы, бұл 

процестерге жағымды жағдайлар жасау дейді. 

      Қазақ мектептерінде дидактикалық міндеттерді шешуде Ы.Алтынсарин үлкен үлес 

қосты.Алтынсариннің  мұғалім  туралы,  қалай  оқыту  керек,  қалай  оқу  керек  деген 

талаптары  біздің  зерттеулерімізде  маңызы  болды.Ы.Алтынсарин  бойынша  оқытудың 

жеке әдіс – тәсілдеріне: 

      а)  оқыту  әдісі  –  бұл  баланың  білімге  құштарлығын  оятатын,кейіннен  өз  бетінше 

білім көтеруіне бастайтын жол; 

      ә) сабақта баланың ой – әректін жаттықтыру. «Маңыздысы, оқушының өз бетінше 

ойлана білуі.». 

      Тәуелсіз елдің тірегі – білімді ұрпақ, өрениет біткеннің өзегі – білім, ғылым, тәрбие 

дейтін  болсақ,  осының  барлығының  бастауы  –  бастауыш  мектеп.  Ал  бастауыш 

буынның  негізгі  міндеті  баланың  жеке  басын  бастапқы  қалыптастыруды  қамтамасыз 

ету, оның қабілеттерін дамыту, адамзаттың асыл қасиеттерін оқушы бойына сіңіру. 

     Кейбір зерттеулерде оқушының танымдық белсенділігі – бұл интеллектуалды және 

кәсіптік  даййындаққа  бағытталған  үздіксіз  оқу  үрдісі,  оқу  тиімділігі  мен  оқытудың 

ғылымилығы деңгейін оптималдандыру ретінде түсіндіреді. 



ҚР және ТМД елдеріндегі ғылым және білім беру жүйесінің өзекті мәселелері 

Актуальные проблемы науки и системы образования РК и в странах СНГ 

 

 

294 



 

      Баланың  шығармашылық  іс  –  әрекеттерін,  ұлттық  мәдениет  пен  рухани 

құндылықтарын тәрбиелеу ана тілі арқылы жүзеге асады. Осы пәннің маңызы туралы 

Ж.Аймауатов  былай  дейді:  «Оқытатын  пәндердің  бәріне  бірдей  керекті,  бәрін 

қаусырып, орап алатын пән  – ана тілі екені даусыз. Ана тілін жақсы меңгеріп алмай, 

өзге  пәндерді  түсіну  мүмкін  емес.  Ана  тілін  үйрену  –  сөздерді  жаттау,  олардың 

жүйесін өзгерту заңдарын білу ғана емес, тіл үйренумен қатар, бала тілдің сансыз көп 

ұғымдарын  ,  ойларын,  сезімдерін,  сұлу  үлгілерін  ойлау  жүйесін,  ой  пәлсафасын  да 

меңгереді».  Ал  ана  тілін  оқыту  арқылы  шығармашылық  іс  –  әрекетті  қалыптастыру 

дегеніміз  –  өмір  шындығында  өзін  –  өзі  тануға  ұмтылу,  іздену.  Осыған  орай 

В.В.Давыдов:  «Бастауыш  мектепте  шығармашылық  қабілеттіліктерді  оқу  әрекетінде 

көрінеді,  даму  өнімі  –  оқуға  құштарлық,  ынталылық»    -  дейді.  Ал  шығармашылық 

қабілет:  әр  баланың  табиғатында  болуы  мүмкін.  Біздің  міндетіміз  оқушыға  оның 

бойында көрінбей тұрған мүмкіншіліктерін ашып көрсету. Осы міндеттерді орындауға 

мұғалімге бірден – бір керегі – дұрыс, тиімді әдіс-тәсілдерді таңдап пайдалану. Мен өз 

тәжірибемде  жаңа  технологияларды  қолдану  арқылы  біраз  нәтижеге  жеттім.  Бұл 

жұмысты  дұрыс  ұйымдастырған  жағдайда  оқушының  өз  даму  деңгейіне  сәйкес  ойы 

шыңдалып,  белгілі  бір  жетістіктерге  жетері  сөзсіз.  Мұғалім  оқушының  өзін  ізденуге 

жетелейді, ойлауға үйретеді, түрлі іс – әрекетке бағыттайды. 

       Оқушылардың  танымдық  ізденімпаздығы    қалыптастыруға  бағытталған  шақтар 

түрлері 

төртке 


бөлінеді: 

«танымдық, 

коммуникативтік, 

шығармашылық, 

әдіснамалық». 

       Оқушылардың  танымдық  ізденімпаздығы  арттыруда  шығармашылық  сипаттағы  

сабақтар түрлерін өткізудің маңызы зор. 

       Мұндай  түрдегі  сабақтардағы  түрлі  оқу  жұмыстары  оқушының  шындық 

белсенділігін  арттырып,  оқу  мен    ойлау  әрекетінің  тиімді  амал  –  тәсілдерін,  яғни 

материалының  негізгі  ұғымдары  мен  тұжырымдарын  айыру,  жаңа  материалды  өткен 

материалмен  салыстыру  оларды  белгілі  жүйеге  топтастырады  және  қортындылау 

жасау сияқты амалдарды дайындауға үйренеді.  

       Шығармашылық  сабақтардың  жоспарын  жасауда  оқушының  шығармашылық 

әрекетінің  бағдарына  сәйкестендіріп,  олардың  қабілеттері  ескерілуі  тиіс. 

Оқушылардың  шығармашылық  әрекетін  тудыратын  сабақтарды  өткізу  жоспары  мен 

кезеңдерін қарастырамыз. 

       Шығармашылық  сипаттағы  сабақтардың  жоспарын  жасау  үшін  тақырыбы, 

мақсаты,  әрекет  түрі  және  нәтижелері  бір  –  біріне  жуық  байланысты  сабақтарды 

топтастырып,  таңдап  алуға  болады.  Жалпы  бағдарламада  көрсетілген  пәндік 

сабақтардың  әр  тарауында  жететін  жетістіктері  негізінде  оқушылар  білім  алуда 

нәтижеге жетеді. 

       Оқушылардың  шығармашылық  әлеуетін  көтеруді  мұғалім  алдына  мақсат  етіп 

қояды.  Мұғалім  оқушы  күйіне  кіріп,  олардың  тақырыпқа  қатынас  әрекетін  ойлайды, 

өтілетін  сабақтың  проблемасына  қажет  жағдайда  жоспарланған  сабақ  мазмұны  мен 

оқыту әдістеріне түзетулер енгізеді.  

       Сабақ  тақырыбы  бойынша  мұғалім  оқулықтар,  кітаптар,  әдістемелік  кітаптар, 

басқа  да  материалдармен  танысады.  Мұғалім  өзіне,  оқушыларға  мықты  болатын 

мәселелерді іздестіреді. Осы мәселелер жөнінде көптеген материалдарды қарастырып, 

мамандардың пікірлерін ескере отырып, табу қажет. 

       Оқушыларды  шығармашылық  іс  –  әрекетке  баулып,  олардың  белсенділіктерін, 

қызығушылықтарын арттыра түсу үшін әр түрлі әдіс – тәсілдерді қолдануға болады: 

       1.  Оқушыларға  белгілі  бір  тақырыпта  әңгіме  оқып,  оларға  басқаша  аяқтауға  кілт 

боларлық сюжет ұсыну; 

       2. Әңгіменің, ертегінің сюжетін бастап беру, аяқтауды оқушыларға тапсыру

       3. Ертегіні ұжым болып тыңдау; 


ҚР және ТМД елдеріндегі ғылым және білім беру жүйесінің өзекті мәселелері 

Актуальные проблемы науки и системы образования РК и в странах СНГ 

 

 

295 



 

       4. Ұнатқан кейіпкерлеріне мінездеме беру; 

       5. Қиялдау арқылы сурет салғызу; 

       6. Арнайы тақырыпта пікірталас тудыру. 

       Сыныбымдағы  әр  оқушының  пән  бойынша  ізденімпаздық 

деңгейлерін 

анықтаймын.  Сонымен  қатар  пәнге  қабілеттілігі,  қызығушылығы  анықталады. 

Шығармашылық  әр  оқушының  жеке  қабілеттері  мен  мүмкіндіктерін,  танымдық  іс  – 

әректтері мен дағдыларының дәрежесін көрсетіп береді. 

       Шығармашылық  жұмыстарды  тәжірибемде  мынадый  тәртіппен  орындаймын: 

мақсаты  жұмыс  барысы,  алынған  нәтижелері  бойынша  өзіндік  ұстауы,  сондай  –  ақ 

оқушылардың  пікірлері  енгізіледі,  таңдаулы  жұмыстардың  авторларына  қорғау 

қорытындысы  бойынша  марапаттау  рәсімін  жүргіземін.Жұмыс  мектеп  көрмесіне 

қойылады немесе шығармашылық жұмыс жинақта жарияланады т.б. 

       Оқушылар  өздері  таңдаған  шығармашылық  жұмыстарды  ықыласпен  тыңдайды. 

Кейбір  оқушылар  жыл  бойына  әр  түрлі  пәннен  он  шақты  шығармашылық  жұмыс 

орындағанын тәжірибемде кездесті. 

       Шығармашылық жұмысты мына жоспар бойынша көркемдеймін: 

       1. Тақырып, оқушының және жетекшінің аты – жөні, сыныбы, мектебі, жылы. 

       2. Тақырыптың өзектілігі. 

       3. Негізгі идеясы, мақсаты. 

       4. Жұмыс мазмұны, жоспары. 

       5.  Жұмыс  орындауда  туындалған  проблемалар,  қиындықтар  және  оның  шешілу 

жолдары. 

       6. Жұмыс қорытындысы және прақтикалық мәні. 

       7. Жұмысқа өзіндік талдау, өзіндік баға беруі. 

       Шығармашылық ой қорытындысы бойынша ғылыми жұмысқа қабілетті оқушылар 

іріктеліп, белгілі бір тақырып бойынша ғылыми жұмыстар беріледі. 

       Баланың  шығармашылық  әрекетін  ұйымдастыру  барысында  бала  өзінің  бұған 

дейінгі білетін амал – тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезетіндей 

жағдайға түсуі керек. Содан барып оның білімін алуға деген ынта – ықыласы артады, 

білім алуға әрекеттенеді. 

     Үшінші  сынып  оқушыларының  танымдық  қажетсінуін  анықтау  мақсатында 

төмендегідей тест пайдаландым: 

      Тест №1. 

      5 – иә 

      4 – көбінесе 

      3 – кейде, сирек 

      2 – білмеймін 

      1 – жоқ, сәйкес келмейді. 

      1.Мен білуге тырысамын. 

      2. Мен өз мүмкіндігіме, қабілетіме сенемін. 

      3. Жұмысым көп болмаса да, өзімді дамытуға көп уақыт арнаймын. 

      4. Өз пікірімді, көзқарасымыды жеткізуге тырысамын. 

      5. Танымдық сұрақтар туындағанда кеңінен отырып пікірлесемін. 

      6. Сабақта кездесетін кейбір кедергілер менің белсенділігімді реттейді. 

      7. Проблемалық жағдаяттар, танымдық ізденімпаздылығымды арттырады. 

      8 . Өзімнің және жолдасымның әрекетін салыстырамын. 

      9. Ақыл – ой еңбегімен ұзақ уақыт айналыса аламын. 

      10. Кері байланысты іздеймін, бұл өзімді білу мен бағалауға көмектеседі. 

      11. Өз білімімді, тәжірибелерді өмірде іске асырамын деп ойлаймын. 

      12. Өзімнің қызығушылығыма байланысты достар іздеймін. 

      13. Мен болашақта мамандық таңдауға өз білімімнің дәрежесін ескеремін. 


ҚР және ТМД елдеріндегі ғылым және білім беру жүйесінің өзекті мәселелері 

Актуальные проблемы науки и системы образования РК и в странах СНГ 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет