Сабақ тақырыбы: Б. Соқпақбаев «Менің атым-Қожа»



Дата25.11.2023
өлшемі18,19 Kb.
#126251
түріСабақ
Байланысты:
Ñàáà? òà?ûðûáû Á. Ñî?ïà?áàåâ «Ìåí³? àòûì-?îæà»




Сыныбы:

4 б

Пәні:

әдебиеті

Сабақ тақырыбы:

Б.Соқпақбаев «Менің атым-Қожа»

Сілтеме:

ҚР Білім беру стандарты, пән бағдарламасы,Әдебиет оқулығы-4 сынып.

Жалпы мақсаты:

Жазушы шығармалары арқылы әр оқушыны өзіндік ой-қиялына ерік бере отырып,өзінше ой түюге баулу,мәтінмен жұмыс істеу, көркем шығарма әдеби талдау дағдыларын дамыту, ғылыми жұмысқа бейімдеу,ізденуге талпындыру,шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Әдіс- тәсілдер:

Блум таксономиясы бойынша,сыни тұрғыдан ойлауға үйрету әдіс-тәсілдері

Күтілетін нәтиже

Менің атым-Қожа повестінің мазмұнын толық меңгереді.
Шығарма идеясын таниды.Өзіндік ой түйеді.
Тапсырманы орындағанда бастапқы біліміне сүйеніп,алға қарай да өмірде пайдалану;
Өз бетімен білім алуға мүмкіндік туғызу;
Сыни тұрғыдан ойлануға мүмкіндік туғызу;

Негізі идеялар



Қожа бейнесі арқылы,оқушыларды адамгершілікке,мәдениетілікке,әдебиетті сүюге,
үлгі-өнеге алуға шақыру.Жағымсыз қасиеттерден аулақ болуға тәрбиелеу

Дерекөздер

Интернет деректері,кинофильм,сайттар,ресурстар

Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс -әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

І Ұйымдастыру

Ынтымақтастық атмосферасын орнату үшін
шеңберге тұрып, «Не ортақ?» тренингін өткіземін

Оқушылар арасында ынтымақтастық
атмосферасы орнайды. Не ортақ ?
екеніне сыни ойлана отырып жауап
береді (Мыс: мектеп ортақ,білім
ортақ,туған жеріміз ортақ...)

Топқа бөлу



Сынып 4 топқа бөлу,сыныпта 20 оқушы, әр топ
5 оқушыдан болады.
Топбасшысын сайлау.
«Ортадағы қаламсап» стратегиясы арқылы «Кім жылдам?» ойынын ойнаймыз.кім берілген сұраққа
тез жауап берсе,ол сыныптың лидері,яғни топты сол оқушы басқарады.

Сынып оқушылары пазлдар арқылы
топқа бөлінеді.
Ортадағы қаламсап әдісі арқылы,
топбасшысы сайланды.

І. Білу, тану



«Менің атым Қожа» атты кітап,хикаят,яғни,повесть,кіріспені қоспағанда
27 тараудан тұрады,ал біздің оқулықтағы үзінді
Қосымша деректер:
Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесі бойынша фильм 1963 жылдың наурызында
түсіріле бастап,1964 жылы экранға шығарылды.Фильмді,тек Қытай мен Албаниядан басқа,
әлемнің түгел елі дерлік сатып алды.
Бұл фильм Қан фестивалында»Режиссерлігі үшін» деген арнайы сыйлық алды.Фильмді
түсірген режиссер – Абдулла Қарсақбаев.
Қожа рөлінде Нұрлан Сегізбаев,Жанар-Гүлнар Қурабеава,Сұлтан-Марат Көкенов,одан
басқа Бикен Римова,Рая Мұхамедярова сияқты актерлер ойнаған.
Сотқарлау,бір жаны таза кейіпкері туралы Бердібек Соқпақбаев былай деген екен
(үнтаспа тыңдау):
«Алыстан арбалап материялдар тасымаймын,архивтің шаңын жұтпаймын.Жақыннан,
басымнан кешкенді,өз айналамды дорбалап жинаймын.Бір сөзбен айтсам,өзін жазатын
жазушымын. Мінез-құлық жағынан Қожа өзге емес,менің өзіме ұқсайды

ІІ.Түсіну
(топтық тапсырма)

І т Өзі туралы жазатын
жазушы кім?
ІІ топ
Әңгімелерден Қожаның
ішкі ойын тауып оқу
ІІІ топ
Басты кейіпкер туралы не білесің?

І т
Бердібек Соқпақбаев өзін жазатын жазушы.
Себебі ,Қожаның мінез-құлқы оған ұқсайды.
ІІ т.
Өлеңді жаттамаған Қожа мен жантастың іс әрекетін
салыстырмалы сипаттайды.
ІІІтоп
Оқулықтан тауып оқып, түсіндіреді
Басты кейіпкер-көркем шығармадағы оқиғаға
қатысатын негізгі адам.
Әңгімедегі басты кейіпкер Қожа



ІІІ.Қолдану
(жұптас-ойлан-
талқыла)

І жұпқа тапсырма: Кестені толтыр

Белсенді кейіпкер

Тасадағы
кейіпкер










І жұп:Кестені толтырады

Белсенді кейіпкер

Тасадағы
кейіпкер

Қожаберген
Жантас
Анфиса
Әжесі
Оспанов

Жанар
Жақанов
Майқанова

ІІ жұп:
Қожаның сотқар болуына себепкер
нәрселерді жазадд:
А)әжесінің еркелетуі;
Б)әкесінің сағынуы;
В)Жантас сияқтыларды жек көруі;
С)Мамасының жұмысбастылығы;
Д )Өзінің менемендігі




ІІІ жұпқа тапсырма:
«Біреуді біреуге атыстырып,от тастап жүретін
қу,сабақ үстінді сыбырлап-сыпсыңдағыш»
Бұл кім? Мінездеме бер

ІІІ жұп:Жантасқа мінездеме береді

Сергіту сәті

«Оқиғалар тізбесі» ойыны


Жайылымға еріп бару
Сергіту сәті
1

Жантастың қулығы

2



Қатты өкіну

3


4
Сабақтан кешігу


«Қысқы кеш» өлеңі

5



ІҮ.Талдау
Ой жинақта талдаумен

Кинофильмнен үзінді көрсетілді, әр
үзіндідегі Қожаның әрекетіне талдау
жасалады

Абайша айтсақ, «ішсем,жесем,ұйықтасам»
дейтін бала емес, «Білсем,көрсем,үйренсем»
дейтін бала.Қожа- бәрін білгісі келеді.
Адал, шыншыл бала



Ү.Жинақтау
Б.Соқпақбаевтың
«Менің атым Қожа»
хикаяты бойынша
тест тапсырмалары:
Ротация әдісі

1.С.Пушкиннің «Қысқы кешін» өте жақсы жаттаған оқушы кім?
А) ешкім В)Жанар С) Жантас Д)Қадыров
2.Қожа: «Адам жанын ол керемет түсінеді»,- деп кімге баға берді?
А)С.Майқановаға В) Анфиса Михайловнаға С)Оспановқа Д)Ахметовке
3.Ұстазын алдағысы келген кім?
А)Қадоров В)Жапар С)Тұрсынбаев Д)Жақанов
4.Жайылымға кіммен барды?
А)Сұлтанмен В)әжесімен С)анасымен Д)Жанармен

ҮІ.Бағалау

Екі жұлдыз,бір тілек арқылы бағалау

Тақырып төңірегінде әр оқушының екі үлгісі жағы
айтыла келе, бір ұсынысын да айтады..

Қорытынды баға

Критерий бойынша топ басшысы әр
мүшені бағалайды

Күнделіктеріне бағасын қойдырады

Рефлексия

Сабақтан алған әсері

Сабақтан алған әсерін айтады.Көңіл күй
смайликтеріне стиккерлерді орналастырады

Кейінгі тапсырмалар

«Менің қиялымдағы Қожа...» қандай болу керек? Эссе жазып келу



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет