Дақылдық қасиеті: -Пішіні:колония пішіні дөңестенген диск тәрізді
-Көлемі:ұзындығы 2-60 мм,диаметрі 0,25-1,7 мкм
-Мөлдірлік дәрежесі:агар ортасында мөлдір,ет-пептонды сорпада лайлану байқалады
-Түсі:тығыз қоректік ортада желатин мен агар түрлерінде түссіз болады
-Шетінің сипасы:дұрыс пішінді,шеті тегіс
-Беткейлік көрінісі:беті жылтыр,тегіс
Олар факультативті анаэробтар, оптималды ортасы 30°С температура.Олардың патогенді түрлері
содоку ауруын қоздырады.
Романовский-Гимза Спирохеталар – жіңішке,ұзын әрі иректелген пішінді бактериялар.Спирохеталар спириллалардан
жасушаларының иілгіштігінен қозғалтқыштығымен ерекшеленеді.Сипрохеталардың құрылысы
циоплазмалық мембранадн,аксистиль орналасқан протоплазмалық цилиндрді сыртынан қоршап
жаттқан жабынды мембранадан тұрады.Аксиальды жібі жасуша қабырғасының сыртқы
мембранасының астындағы периплазмада орналасып,спирохетаның протоплазмалық цилиндрінің
айналасында ширатылып жатады.Бұл құрылымы спирохетаға бұранда пішінін беріп,оның
біріншілік бұрамасын қалыптастырады.Аксиальды жіп бактериялардың талшықтары тәріздес
периплазмалық фибриллалардан,жиырылғыш қасиеті бар белок флагеллиннен тұрады.
Фибриллалар жасушаның қарама-қарсы ұштарына бекітіліп,бір-біріне қарай бағытталып
орналасады,ал олардың екінші ұштары бос жатады.Фибриллалар саны мен орналасуына
байланысты ерекшеленеді.Олар қызметі бойынша спирохеталардың жылжуына қатысып,оған
айналмалы,иілмелі және үдемелі қозғалыстарды береді.Сонымен қатар спирохеталар ілмектер,
бұйралар және иілімдер құрай отырып,екіншілік бұраманы қалыптастырады.Спирохеталар
бояғыштарды нашар қабылдайды.Әдетте оларды Романовский-Гимза әдісімен немесе күміспен
импрегнациялап ояйды.Ал тірі күйінше спирохеталарды фазалы-констратты және түйнек айдынды
микроскоппен зерттейді.Адамда патогенді спирохеталар 3 туыстастыққа жатады:
1.Трепонемалар жіңішке иректелген жіпше,олар 8-12 біркелкі иірімдерден тұрады.Трепонеманың
протопласттарының айналасында 3-4 фибриллалары орналасады.Оның патогенді өкілдеріне мерез
қоздырғышы мен фрамбезия қоздырғыштары жатады.
2.Борелиялар трепонемаларға қарағанда ұзындау,3-8 иірімдері мен 7-20 фибриллалары бар.Оларға
қайталама сүзек пен Лайм ауруының қоздырғыштары жатады.