1. Жаһандық перспективадағы білім беру


телекоммуникациялық инфрақұрылымды жақсарту



бет11/27
Дата29.09.2023
өлшемі169,34 Kb.
#111883
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   27

телекоммуникациялық инфрақұрылымды жақсарту;

қол жетiмдi көпарналы инфрақұрылымды қамтамасыз ету;

мемлекеттiк органдардың электрондық қызметтерiне қоғамдық қол жеткiзудi жақсарту;

жалғыз терезе қағидаты бойынша халыққа әмбебап қызмет көрсету орталығына акцент;

"электрондық үкiметке" халықтың сұранысын арттыру;

тұтас топтармен стратегиялық коммуникациялардың бiлгiрлiгiн жоғарлату;

халықты электрондық сауаттылыққа оқыту.

Масс медиа – көп ақпараттар тарату құрылғысы, ұйымдастырылған техникалық кешен, кез-келген мәліметті ғаламтор, теледидар, газет, журналдар арқылы оқып, көріп, естіп, біліп жатамыз. Бұл масс медиа.

Жаңа медиа XX ғасырдың соңында фильм, сурет, музыка, ауызекі және жазбаша сөз тәрізді дәстүрлі медианы қамтитын компьютер мен коммуникациялық технологиялардың, компьютермен лайықталған құрылғылар мен Интернеттің интерактивті қызметтерін танытатын медиа ғылымда пайда болған термин. Бұл ұғымның ауқымы өте кең. Мысалы, жаңа медиа медиа контентке жатататын барлық мәліметтерге кез келген уақытта, әртүрлі компьютерлі құрылғылардың көмегімен қол жеткізіп, пікірлесуге, жаңа мәлімет енгізуге және бірнеше адамның бірігіп, ақпарат түзуіне мүмкіндік беруді де сипаттайды. Жаңа медианың келесі бір қыры медиа контентті жариялау, тарату, тұтыну және әзірлеудегі еркіндіктің берілуімен құнды. Жаңа медианың дәстүрлі медиадан айырмашылығы контенттің сандық форматта бит өлшемдеріне дейін ұсақталуында жатыр. Сонымен қатар жаңа медиада контент онлайн режимде де қарқынды түрде әзірленуімен ерекшеленеді.

Сондықтан да жоғары сапалы сандық тәсілмен плазмалы теледидардан бағдарламаның көрсетілу әлі де дәстүрлі медиа болып саналады да, ал қарапайым рок әншілердің интернеттегі сайттарынан тыңдармандардың әндерді жүктеп алып, пікірталқы ұйымдастыра алатын болса "жаңа медиаға" жатады.

"Жаңа медиа" деп суреттелетін көптеген технологиялар әдетте манипуляциялайтын, желіде жұмыс істейтін, сығымдалған, интерактивті сандық форматта болады. Оның кейбір үлгілеріне Интернет, сайттар, мультимедиалы компьютер, компьютер ойындары, CD-ROM-дар және DVD-лар жатады. Теледидар бағдарламасы, көркем фильм, журнал, кітап немесе қағазда жарияланған мәліметтің сандық форматта графикасы, интернет сілтемелері бар интерактивті қызметтері болмайынша жаңа медиаға жатпайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет