1. Жұлын. Жұлын құрылысының сегменттік принциптері. Жұлынның нейрондары



бет162/169
Дата31.12.2021
өлшемі231,89 Kb.
#22584
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   169
Ауырсыну (ноцицепция). Организм тіршілігі үшін ауырсыну түйсігінің маңызы өте зор. Ауыр- сыну сезімі (алгезия) тін зақымданғанда туады, ол өте күшті және зиянды тітіркендіргіштердің қатерлі қауіптері туралы хабарлайды. Сөйтіп, ол зақындаушы түрткілерден құтылу жолында, организмнің даралама әсерленісін қалыптастырады. Ауырсыну көптеген аурулар- дың негізгі және ерекше симитомы болып есептеледі, сондықтан олар- ды анықтауға (диагностикаға) көмектеседі. П.Қ. Анохиннің айтуынша, ауырсыну организмде нақтылы және әрекеттік ауытқулар тудыратын әсері күшті, зиянды тітіркендіргіш- терге қарсы пайда болатын, адамның психофизиологиялық күйі. Мұндай жағдай жануарларда сана арқылы айқындалмағандықтан, оны ауырғанды сезу (ноцицепция) атайды. 

Ауырсыну түрлері. Ауыртатын әсерлер әртүрлі түйсіктер тудырады. Қазіргі кезде ауырсыну түйсіктерінің әралуан реңдері анықталды. 

Ауырсыну түйсігі сапасына карай: шаншу, сыздау, сырт- қырау, ашыту, солқылдату

қарқыны бойынша: қатты, орташа, шамалы, әлжуаз)

мерзіміне байланысты: қысқа, үздіксіз, ұласқан, үста- малы

орналасуы жөнінде: шенеулі, таралған, жайылған, шашыраңқы, сыртқы т. б. болып жіктеледі. 

Ауырсыну кезінде қозғалыс, эмоциялық және вегетативтік көрініс-тер (үрей, қорқыныш, лоқсу, туншығу, тыныс өзгеруі, жүрек қобал- жуы, тамыр әсерленісі, терлеу) байқалады. Физиолог, клиницист, психологтар ауырғанды сезуді өткір және созылмалы; бірінші және екінші; шанышпалы, сыздалған, ашитын; дене (физикалық) және рухани (психогендік) ауырсынуы деп бөледі. Жалпы ауырсынудың соңғы екі түрі жиі қолданылады.

Дене ауырсынуын пайда болу себептеріне қарай 3 санатқа жіктейді. 

1.Сыртқы әсерлерден туатын ауырсыну. Ол теріде пайда болады, қысқа мерзімді, орналасымы оңай анықталады. Жүйке зақымданбайды, оның шеткі және ауырсыну сезімін түрлендіретін орталық тетіктерінің бүтіндігі сақталады.

2. Ішкі үрдістер әсерінен туатын ауырсыну. Мұның орналасымын жырату, себептерін ұқсастыру және ауырсыну көзін жою науқастарға қиын соғады, жүйкесі зақымданбайды. 

3. Жүйке зақымданғанда туатын ауырсыну. Бүл ішкі ауырсынуға қсас, оның шеткі және орталық өткізгіш жолдары бүзылады. Сон- ықтан олар жергілікті немесе жүйелік (невралгия, каузалгия, фаномдық ауырсыну, таламус синдромы) түрінде байқалады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет