1. Жүректің қабырғасының құрылысын жазып беріңіз? Жүректің құрылысы


Жұлынның сұр заты , құрылысы , ядроларын жазып беріңіз



бет16/143
Дата15.04.2022
өлшемі0,74 Mb.
#31096
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   143
Байланысты:
Анатомия емтихан. толык

12.Жұлынның сұр заты , құрылысы , ядроларын жазып беріңіз.

Жұлын ішкі жағында орналасқан сұр заттан, substantia gris , және сыртқы жағында орналасқан ақ заттан, substantia alba, түзілген. Сұр зат негізінен нейрондардың денелерінен, ақ зат нерв талшықтарынан (нейрондардың өсінділерінен) түзілген.



Сұр зат, substantia grisea, жұлынның оң және сол жартыларында, бір-бірімен аралық сұр затпен қосылған алдыңғы және артқы бағаналарды, columna anterior et columna posterior , құрайды. Аралық сұр зат VIII мойындық сегменттен II- III белдік сегменттер аралығында бүйірлік дөңесті- латералды бағананы, columna lateralis,түзеді. Жұлынның ортасында орталық өзек , canalis centralis, орналасқан. Өзектің жоғарғы шеті IV қарыншамен қатынасады, ал төменгі шеті милық конус аймағында біраз кеңейіп соңғы қарыншаны, ventriculus terminalis, түзеді. Өзек нерв түтігінің қалдығы болып табылады, оны ми-жұлын сұйықтығы толтырып тұрады. Жұлынның көлденең кесіндісінде сұр заттың пішіні көбелекке немесе «H» әрпіне ұқсас болып келеді. Сұр заттың алдыңғы мүйізін, cornu anterius , және артқы мүйізін, cornu posterius, ажыратады. Олардың арасында орталық аралық және бүйір аралық заттар орналасқан. Орталық аралық зат , substantia intermedia centralis, орталық өзекті қоршап жатады. Латералды аралық зат, substantia intermedia lateralis , орталық аралық заттың жалғасы болып табылады да, жұлынның СVIII -LII-III сегменттерінде бүйірлік дөңесті- латералды мүйізді, cornu laterale, құрайды (латералды бағананың көлденең кесіндісі).Substantia intermedia lateralis – вегетативтік нерв жүйесінің симпатикалық бөлігінің орталағы болып табылады. Артқы мүйізде ендірме нейрондар орналасқан, олар ядролар құрап, сезімталдықтың әр түрлерін қабылдайды.Артқы мүйізде меншікті ядроны, nucleus proprius, кеуделік ядроны, nucleus thoracicus,(Кларк-Штиллинг ядросы ) сілікпе тәрізді затты,substantia gelatinosa және басқа да ядроларды ажыратады. Оларда жұлын түйінінде орналасқан сезімтал нейрондардың орталық өсінділері (аксондары) келіп аяқталады. Орталық өсінділер жұлынға артқы түбіршіктер арқылы енеді. Жұлынның алдыңғы мүйізінде қозғалтқыш нейрондар орналасқан.Олар бес: латералды-алдыңғы,латералды-артқы, медиалды-алдыңғы, медиалды-артқы және орталық ядроларды түзеді.Бұл нейрондардың аксондары жұлыннан алдыңғы түбіршіктің құрамында шығып, жұлын нервісін түзуге қатысады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет