1. Кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтардың жағдайын талдау


Жас ерекшеліктері бойынша кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтардың



бет2/6
Дата10.11.2022
өлшемі241,5 Kb.
#49170
1   2   3   4   5   6
Жас ерекшеліктері бойынша кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтардың
саны туралы мәліметтер (2015-2019 жылдары)



Ғалымдардың пікірінше, кәмелетке толмағандарға қатысты жасалатын қылмыстардың профилактикасы бойынша шаралардың нәтижелі болуына кедергі келтіретін бірнеше факторлар бар. Бұл кәмелетке толмағандардың ерекшеліктері, яғни олардың физиологиясы мен психологиясы. Кәмелетке толмағандар көбінесе оларға қатысты ата-аналар тарапынан теріс реакциядан қорқып, барлық ықтимал тәсілдермен құқыққа қарсы әрекеттер жасалғанын не оларға қатысты қылмыс жасалғанын түсіне алмайтынын жасырады. [2]


Қазақстан Республикасында баланы қорғау жүйесінің жұмысын реттейтін халықаралық нормалардың ережелерін іске асыру шеңберінде қабылданған нормативтік құқықтық актілер заңнамалық деңгейде жұмыс істейді, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуге арналған органдар мен құқықтық институттар жүйесі бар.
Зерттелетін санаттағы қылмыстардың профилактикасы бағытындағы шараларын экономикалық, саяси, әлеуметтік, тәрбиелік, құқықтық деп бөлуге болады.
Сонымен қатар, біздің ойымызша, профилактика жұмыстарын оларға қатысты жасалатын қылмыстардың түрлеріне байланысты құру қажет. Сонымен қатар осы бағыттағы жұмыстар тек қана жалпы және арнаулы ғана емес, жеке бағытта да болуы қажет.
Ағымдағы жылы кәмелетке толмағандар құрбандары болып табылатын қылмыстардың құрылымында жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы (823), меншікке (517), жеке тұлғаға (151) және бұзақылық ниетпен(162) жасалатын қылмыстар басым.


Кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған
қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы мәліметтер
(2019 жылдың 11 айында)



Жалпы кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтарды екі санатқа топтастыруға болады. Олар, субъектілері ересек адамдар болып табылатын қылмыстар және субъектілері кәмелетке толмағандардың өздері болып табылатын қылмыстар.


Талдау, ең алдымен, ересектер тарапынан осындай бақылаулары жоқ, қолайсыз және толық емес отбасындағылардың балалары зорлық-зомбылық қаупіне ұшырағанын көрсетті.
Осыған байланысты, кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған қылмыстардың профилактикасы шеңберінде жалпы ересектермен, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың өзімен жұмыс істеуге бағытталған профилактикалық жұмыстарын жүргізу қажет.
Бұдан басқа, қылмыстық қол сұғушылықтың құрбандарымен жұмыс істеуге бағытталған Виктимологиялық алдын алуға жеке назар аудару қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет